Кескін үстіне қабаттау мүмкіндігі түпнұсқалардан бөлек сақталатын жалғыз сурет жасау үшін бар екі NEF (RAW) пішіміндегі фотосуретті біріктіреді; фотокамера кескін сенсорынан келген RAW деректерді қолданған кезде шығатын нәтижелер кескіндерді өңдеу қолданбасында біріктірілген фотосуреттерден анағұрлым жақсырақ болады. Жаңа сурет ағымдағы кескін сапасында және өлшем параметрлерінде сақталады; үстіне қабаттау жасау алдында кескін сапасы мен өлшемін орнатыңыз (0 Image Quality (Кескін сапасы), Image Size (Кескін өлшемі); барлық параметрлер қол жетімді). NEF (RAW) пішіміндегі көшірмені жасау үшін NEF (RAW) кескін сапасын және Large (Үлкен) кескін өлшемін таңдаңыз (үстіне қабаттау тіпті Small (Шағын) немесе Medium (Орташа) кескін өлшемі таңдалған болса да, үлкен NEF/RAW пішіміндегі кескін ретінде сақталады).
+
-
Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзірінде Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Кескінде үстіне қабаттау параметрлері Image 1 (1-кескін) белгіленіп көрсетіледі; тек осы фотокамерамен жасалған үлкен NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер тізілген суретті таңдау тілқатысу терезесін көрсету үшін J түймешігін басыңыз (шағын және орташа NEF/RAW пішіміндегі кескіндерді таңдау мүмкін емес).
-
Бірінші кескінді таңдаңыз.
Үстіне қабаттаудағы бірінші фотосуретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Белгіленген фотосуретті толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Басқа орындардағы кескіндерді көру үшін W (M) түймешігін басып, қалаған картаны және қалтаны таңдаңыз. Белгіленген фотосуретті таңдау және алдын-ала қарау дисплейіне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
-
Екінші кескінді таңдаңыз.
Таңдалған кескін Image 1 (1-кескін) ретінде көрсетіледі. Image 2 (2-кескін) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз, содан кейін 2-қадамда сипатталғандай екінші фотосуретті таңдаңыз.
-
Күшейтуді реттеңіз.
Image 1 (1-кескін) немесе Image 2 (2-кескін) параметрін белгілеңіз және 0,1 және 2,0 арасындағы мәндерден күшеюді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басып үстіне қабаттау экспозициясын оңтайландырыңыз. Екінші кескін үшін қайталаңыз. Әдепкі мән — 1,0; жартылай күшею үшін 0,5 мәнін, ал екі еселеу үшін 2,0 мәнін таңдаңыз. Күшеюдің әсерлері Preview (Алдын ала қарау) бағанында көрінеді.
-
Үстіне қабаттауды алдын-ала қараңыз.
Кадр жиектемесін алдын-ала қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басып меңзерді Preview (Алдын-ала қарау) бағанында орналастырыңыз, содан кейін 1 немесе 3 түймешігін басып, Overlay (Үстіне қабаттау) параметрін белгілеңіз, сөйтіп J түймешігін басыңыз (алдын-ала қараудағы түстер мен жарықтық түпкілікті кескіннен ерекшеленуі мүмкін екенін ескеріңіз). Үстіне қабаттауды алдын ала қарауды көрсетпестен сақтау үшін Save (Сақтау) пәрменін таңдаңыз. 4-қадамға оралып, жаңа фотосуреттерді таңдау немесе күшейту параметрін реттеу үшін W (M) түймешігін басыңыз.
-
Үстіне қабаттауды сақтаңыз.
Үстіне қабаттауды сақтау үшін алдын-ала қарау мүмкіндігі көрініп тұрғанда J түймешігін басыңыз. Үстіне қабаттау жасалғаннан кейін нәтижесінде пайда болатын кескін мониторда толық өлшемде көрсетіледі.
Image Overlay (Кескін үстіне қабаттау)
Бірдей кескін аумағы мен түс қалыңдығы бар үлкен NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді ғана біріктіруге болады.
Үстіне қабаттаудың фотосурет туралы мәліметі (соның ішінде жазылған күні, өлшеу, ысырма жылдамдығы, апертура, суретке түсіру режимі, экспозиция түзетілімі, фокустық қашықтық және кескін бағыты) және ақ түс балансы мен Picture Control мәндері Image 1 (1-кескін) үшін таңдалған фотосуретпен бірдей. Ағымдағы кескін аңғартпасы сақталғанда үстіне қабаттауға қосылады; бірақ, авторлық құқық мәліметтері көшірілмейді. NEF (RAW) пішімінде сақталған үстіне қабаттаулар NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазба) мәзірінде NEF (RAW) compression (NEF (RAW) сығымдалуы) үшін таңдалған сығымдалуды пайдаланады және түпнұсқалық кескіндермен бірдей түс қалыңдығы болады.