Смарт құрылғыны дайындау
Қосылу алдында SnapBridge қолданбасын орнату әрі Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосу арқылы смарт құрылғыны дайындау керек.
-
Apple App Store® (iOS) немесе Google Play™ (Android™) дүкенінде «snapbridge» деп іздеп, SnapBridge қолданбасын орнатыңыз.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер туралы ақпарат жүктеп алу сайтында қолжетімді. Бұл фотокамера SnapBridge 360/170 қолданбасымен үйлесімді емес.
-
Смарт құрылғыда Bluetooth және Wi-Fi функцияларын қосыңыз. Фотокамерамен іс жүзіндегі байланыс SnapBridge қолданбасын пайдаланып орнатылатынын ескеріңіз; құрылғыңыздағы «Параметрлер» қолданбасын пайдаланып қосылуға әрекеттенбеңіз.