Автофокусты пайдалану үшін фокус режимінің ауыстырғышын AF күйіне бұраңыз.

Фокус режимінің ауыстырғышы

Автофокус режимі

Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде төмендегі автофокус режимдерін таңдауға болады:

Тікелей көрініс кезінде төмендегі автофокус режимдерін таңдауға болады:

Автофокус режимін АФ режимі түймешігін басу және қажет параметр көрсетілгенше басты басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады.

АФ режимі түймешігі

Басты басқару дискі

Басқару панелі

Көріністапқыш

Монитор

Болжалды бақылағыш фокустау (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)

AF-C режимінде немесе AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда нысан фотокамераға қарай немесе одан ары қарай қозғалса, фотокамера болжалды бақылағыш фокустауды іске қосады. Бұл фотокамераға ысырма босатылған кезде нысанның қай жерде болатынын болжау әрекеті барысында фокусты бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Мыналар туралы ақпарат алу үшін:

  • Үздіксіз бақылағыш АФ режимінде фокустау басымдығын пайдалану, A > a1 (AF-C priority selection (AF-C басымдығын таңдау), 0 AF-C priority selection (AF-C басымдығын таңдау)) қолданушы параметрін қараңыз.
  • Әр кадр бойынша бақылағыш АФ режимде босату басымдығын пайдалану, A > a2 (AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау), 0 AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау)) қолданушы параметрін қараңыз.
  • Фокустау режимін таңдау үшін қосымша басқару дискін пайдалану, A > f3 (Customize command dials (Басқару дискілерін теңшеу)) > Change main/sub (Басты/қосымша басқару дискілерін өзгерту) (0 Customize command dials (Басқару дискілерін теңшеу)) қолданушы параметрін қараңыз.

АФ аумағының режимі

АФ аумағының режимі фотокамера автофокус үшін фокустау нүктесін қалай таңдайтынын басқарады. Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде келесі параметрлер қолжетімді:

  • Жалғыз нүктелі АФ: фокустау нүстесін таңдаңыз; фотокамера тек таңдалған фокустау нүктесіндегі нысанға ғана фокусталады. Қозғалмайтын нысандар үшін пайдаланыңыз.
  • Динамикалық аумақ АФ: фокустау нүктесін таңдаңыз. AF-A және AF-C фокустау режимдерінде нысан таңдалған нүктеден қысқа уақытқа кетсе, фотокамера айналадағы фокустау нүктелерінен алынған ақпарат негізінде фокусталады. Фокустау нүктелерінің саны таңдалған режимге байланысты өзгеріп отырады:

    • 9 нүктелі динамикалық аумақ АФ: фотосуретті жиектеуге уақыт болғанда немесе қозғалысын болжауға болатын нысандарды (мысалы, жүгірушілер немесе трассадағы жарысушы көліктер) фотосуретке түсірген кезде таңдаңыз.
    • 21 нүктелі динамикалық аумақ АФ: қозғалысын болжау мүмкін емес нысандарды (мысалы, футбол ойынындағы ойыншылар) суретке түсірген кезде таңдаңыз.
    • 51 нүктелі динамикалық аумақ АФ: жылдам қозғалатын және көріністапқышта жақтауға алу қиын нысандарды (мысалы, құстар) фотосуретке түсірген кезде таңдаңыз.
  • 3D бақылау: фокустау нүктесін таңдаңыз. AF-A және AF-C фокустау режимдерінде фотокамера таңдалған фокустау нүктесінен кеткен нысандарды бақылайды және қажет болғанда жаңа фокустау нүктелерін таңдайды. Бір жақтан екінші жаққа жүйесіз қозғалатын нысандары (мысалы, теннисшілер) бар суреттерді жылдам жиектеу үшін пайдаланыңыз. Нысан көріністапқыштан шығып кетсе, ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды алыңыз да, нысанды таңдалған фокустау нүктесінде орналастырып, фотосуретті қайта жиектеңіз.

  • АФ аумағын топтық негізде таңдау: фотокамера қолданушы таңдалған фокустау нүктелерінің тобын пайдаланып фокустайды. Бұл фотокамераның негізгі нысанның орнына фонға фокусталуы қаупін азайтады. Жалғыз фокустау нүктесін пайдаланып фотосуретке түсіру қиын нысандар үшін таңдаңыз. Әр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S режимінде беттер анықталса немесе AF-A) ішінде әр кадр бойынша бақылағыш АФ таңдалса, фотокамера портреттік нысандарға басымдық береді.

АФ аумағын автоматты түрде таңдау: фотокамера нысанды автоматты түрде анықтайды және фокустау нүктесін таңдайды (портреттік нысандар жағдайында фотокамера нысанды жақсырақ анықтау үшін нысанды фоннан ажырата алады). Фотокамера фокусталғаннан кейін белсенді фокустау нүктелері қысқа уақытқа белгіленеді; AF-C және AF-A режимдерінде басқа фокустау нүктелері өшкеннен кейін негізгі фокустау нүктесі белгіленген күйде қалады.

3D бақылау

Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустау нүктесінің айналасындағы аумақ түстері фотокамерада сақталады. Сондықтан 3D бақылау нысандар артқы фонмен бірдей түсте болса немесе кадрдың өте кішкентай бөлігін алатын болса қалаулы нәтижелер бермеуі мүмкін.

Тікелей көрініс кезінде төмендегі АФ аумағының режимдерін таңдауға болады:

! Бет басымдығы бар АФ: портреттер үшін пайдаланыңыз. Фотокамера портреттік нысандарды автоматты түрде анықтап, фокустайды; таңдалған нысан қос сары жиекпен көрсетіледі (бірнеше бет анықталса, фотокамера ең жақын нысанда фокусталады; басқа нысанды таңдау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз). Егер фотокамера енді нысанды анықтай алмаса (мысалы, нысан бетін фотокамерадан әрі бұрғандықтан), жиек енді көрсетілмейді. Мониторды түртсеңіз, фотокамера саусаққа ең жақын бетте фокусталады және саусақты экраннан көтергенде фотосурет түсіреді.

$ Кең аумақты АФ: пейзаждарды және басқа портреттік емес нысандарды қолыңызға ұстаған күйі түсіру үшін пайдаланыңыз.

% Қалыпты аумақты АФ: кадрдағы таңдалған нүктеде дәл фокустау үшін пайдаланыңыз. Штативті пайдаланған жөн.

& Нысанды бақылағыш АФ: мульти селекторды пайдаланып фокустау нүктесін нысан үстінде орналастырып, бақылауды бастау үшін J түймешігін басыңыз. Фокустау нүктесі таңдалған нысанды кадр арқылы қозғалған кезінде бақылайды. Бақылауды аяқтау үшін J түймешігін қайтадан басыңыз. Я болмаса, нысанды мониторда түрту арқылы бақылауды бастауға болады; бақылауды аяқтау және фотосурет түсіру үшін саусақты экраннан көтеріңіз. Бақылау әлдеқашан орындалып жатса, монитордың кез келген жерін түрту фотокамераның ағымдағы нысанда фокусталуына әкеледі және саусақты экраннан көтергенде фотосурет түсіріледі. Егер нысандар жылдам қозғалса, жақтаудан шығып кетсе немесе басқа нысандармен жабылып қалса, өлшем, түс немесе жарықтық өзгерістері көрінсе немесе тым кішкентай, тым үлкен, тым жарық, тым күңгірт немесе артқы фонмен түсі немесе жарықтығы ұқсас болса, фотокамера оларды бақылай алмауы мүмкін екенін ескеріңіз.

Фокустау нүктесін қолмен таңдау

Фокустау нүктесін таңдау үшін мульти селекторды пайдалануға болады. Фокустау ауыстырғышының құлпын L күйіне бұрау фокустау нүктесін қолмен таңдауды өшіреді.

Фокустау ауыстырғышының құлпы

АФ аумағының режимін АФ режимі түймешігін басу және қажет параметр көрсетілгенше қосымша басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады.

АФ режимі түймешігі

Қосымша басқару дискі

Басқару панелі

Көріністапқыш

Монитор

АФ аумағының режимі (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)

АФ аумағының режимі басқару панелінде және көріністапқышта көрсетілген.

АФ аумағының режимі Басқару панелі Көріністапқыш Көріністапқыштың фокустау нүктелерінің дисплейі
Жалғыз нүктелі АФ
9 нүктелі динамикалық аумақ АФ *
21 нүктелі динамикалық аумақ АФ *
51 нүктелі динамикалық аумақ АФ *
3D бақылау
АФ аумағын топтық негізде таңдау
АФ аумағын автоматты түрде таңдау

Көріністапқышта тек белсенді фокустау нүктесі көрсетіледі. Қалған фокустау нүктелері фокустау әрекетіне көмек ретінде ақпарат қамтамасыз етеді.

AF-S/AF-I телескопиялық түрлендіргіштері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)

AF-S/AF-I телескопиялық түрлендіргіші пайдаланылғанда АФ аумағының режимі ретінде 3D бақылау немесе АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалса, f/5.6 мәнінен баяуырақ біріктірілген апертураларда жалғыз нүктелі АФ автоматты түрде таңдалады.

Автофокусты тікелей көріністе пайдалану

AF-S немесе AF-P объективін пайдаланыңыз. Басқа объективтермен немесе телескопиялық түрлендіргіштермен қажет нәтижелерге қол жеткізілмеуі мүмкін. Тікелей көріністе автофокус баяуырақ екенін және монитор фотокамера фокусталып жатқанда жарықтануы немесе күңгірттенуі мүмкін екенін ескеріңіз. Фотокамера фокустай алмаған кезде фокустау нүктесі кейде жасыл түспен көрсетілуі мүмкін. Фотокамера мына жағдайларда фокустай алмауы мүмкін:

  • Нысанның жақтаудың ұзын жиегіне параллель орналасқан сызықтары бар
  • Нысанның контрасты жеткіліксіз
  • Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарықтық аумақтары бар немесе прожектор жарығы, неон белгісі немесе жарықтығы өзгеріп тұратын өзге жарық көзі бар
  • Флюоресцентті, сынапты, натрийлі немесе соларға ұқсас жарық астында жыпылықтау немесе жолақтану пайда болады
  • Айқас (жұлдызша) түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі пайдаланылған
  • Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
  • Нысанда тұрақты геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе көпқабатты үй терезелерінің қатары) басым
  • Нысан қозғалыста

Фокустау нүктесін таңдау

Нысанды бақылағыш АФ режимін қоспағанда, фокустау нүктесін таңдау кезінде J түймешігін бассаңыз, орталық фокустау нүктесі таңдалады. Нысанды бақылағыш АФ режимінде J түймешігін бассаңыз, оның орнына нысанды бақылау басталады. АФ аумағын автоматты түрде таңдауда фокустау нүктесін қолмен таңдау қолжетімді емес.

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру — Келесі туралы ақпарат алу үшін:

Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру/тікелей көрініс: АФ аумағының режимін таңдау үшін басты басқару дискін пайдалану туралы ақпаратты A > f3 (Customize command dials (Басқару дискілерін теңшеу)) қолданушы параметрі > Change main/sub (Басты/қосымша басқару дискілерін өзгерту) (0 Customize command dials (Басқару дискілерін теңшеу)) тармағында қараңыз.

Фокустау құлпы

Фокустау құлпын фокустағаннан кейін кадр жиектемесін өзгерту үшін пайдалануға болады, бұл түпкілікті кадр жиектемесінде фокустау нүктесінде болмайтын нысанға фокусталу мүмкіндігін береді. Фотокамера автофокусты (0 Автофокус арқылы жақсы нәтижелер алу) пайдаланып фокустай алмаса, фокустау құлпын қашықтығы бастапқы нысанмен бірдей басқа нысанды фокустағаннан кейін фотосуретті қайта жиектеу үшін де пайдалануға болады. АФ аумағының режимі үшін (0 АФ аумағының режимі) АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінен басқа параметр таңдалған кезде фокустау құлпы ең тиімді болады.

  1. Фокустаңыз.

    Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, фокусты іске қосу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау күйінің индикаторы (I) көріністапқышта көрінгенін (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру) немесе фокустау нүктесі жасыл түспен жанғанын (тікелей көрініс) тексеріңіз.

    Көріністапқышпен фотосурет түсіру

    Live view (Тікелей көрініс)

  2. Фокусты құлыптаңыз.

    AF-A және AF-C фокустау режимдері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру): ысырманы босату түймешігін жартылай басып тұрып (), фокусты да, экспозицияны да құлыптау үшін A AE-L/AF-L түймешігін () басыңыз (көріністапқышта AE-L белгішесі көрсетіледі). A AE-L/AF-L түймешігі басылып тұрғанда фокус құлыптаулы қалады, тіпті кейінірек ысырманы босату түймешігінен саусақты алсаңыз да.

    Ысырманы босату түймешігі

    A AE-L/AF-L түймешігі

    AF-S (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру) және тікелей көрініс: саусақты ысырманы босату түймешігінен алғанша фокус автоматты түрде құлыпталады және құлыптаулы қалады. Сондай-ақ фокусты A AE-L/AF-L түймешігін басу арқылы құлыптауға болады (жоғарыда қараңыз).

  3. Фотосуретті қайта жиектеп, суретке түсіріңіз.

    Ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрса (AF-S және тікелей көрініс) немесе A AE-L/AF-L түймешігі басылып тұрса, фокус түсірілімдер арасында құлыптаулы күйде болып, бір фокус параметрімен қатарынан бірнеше фотосурет түсіруге мүмкіндік береді.

    Көріністапқышпен фотосурет түсіру

    Live view (Тікелей көрініс)

Фокустау құлпы қосулы кезде фотокамера мен нысан арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Нысан қозғалып кетсе, оны жаңа қашықтықтан қайта фокустаңыз.

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Экспозицияны құлыптау үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану туралы ақпаратты A > c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ), 0 Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ)) қолданушы параметрінен қараңыз.

Автофокус арқылы жақсы нәтижелер алу

Автофокус төменде көрсетілген жағдайларда жақсы нәтиже көрсетпейді. Фотокамера бұл жағдайларда фокустай алмаса, ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылуы мүмкін немесе фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетіліп, фотокамера дыбыстық сигнал шығаруы мүмкін, бұл нысан фокуста болмаған кездің өзінде де ысырманы босатуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда қолмен фокустаңыз (0 Қолмен реттелетін фокус) немесе қашықтығы бірдей басқа нысанға фокустау үшін фокустау құлпын (0 Фокустау құлпы) пайдаланып, фотосуретті қайта жиектеңіз.

Нысан мен артқы фон арасындағы контраст төмен немесе тіпті жоқ.

Мысал: нысанның түсі артқы фон түсімен бірдей.

Фокустау нүктесі фотокамерадан әр түрлі қашықтықтарда орналасқан нысандарды қамтиды.

Мысал: нысан тор ішінде.

Нысанда қалыпты геометриялық пішіндер басым.

Мысал: жалюзи немесе көпқабатты үйдегі терезелер қатары.

Фокустау нүктесі анық контрасты бар жарық аумақтарды қамтиды.

Мысал: нысан жартылай көлеңке астында.

Артқы фондағы нәрселер нысаннан үлкендеу көрінеді.

Мысал: кадрға нысанның артындағы ғимарат кіріп тұр.

Нысан көптеген кішігірім элементтерден құралған.

Мысал: гүлге толы алаң я болмаса кішкентай немесе жарықтығы бірдей басқа нысандар.