- D7500 онлайн нұсқаулық
- Мәзір нұсқаулығы
- A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу
- f3: Customize Command Dials (Басқару дискілерін теңшеу)
f3: Customize Command Dials (Басқару дискілерін теңшеу)
G түймешігі A Қолданушы параметрлерінің мəзірі
Бұл параметр негізгі және қосымша басқару дискілерінің жұмысын басқарады.
- Reverse rotation (Кері айналдыру)
-
Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) және/немесе Shutter speed/aperture (Ысырма жылдамдығы/апертура) параметрлеріне реттеулер енгізу үшін пайдаланылғанда, басқару дискілерінің айналу бағытын кері етіңіз. Параметрлерді белгілеп, 2 түймешігін басып таңдаңыз немесе таңдауды алып тастаңыз, содан кейін J түймешігін басыңыз.
- Change main/sub (Негізгі/қосымша дискіні өзгерту)
-
Exposure setting (Экспозиция параметрі): егер Off (Өшірулі) күйі таңдалса, негізгі басқару дискі ысырма жылдамдығын басқарады жəне қосымша басқару дискі апертураны басқарады. Егер On (Қосулы) күйі таңдалса, басты басқару дискі апертураны басқарады және қосымша басқару дискі ысырма жылдамдығын басқарады. Егер On (Mode A) (Қосулы (А режимі)) параметрі таңдалған болса, негізгі басқауру дискі тек A суретке түсіру режимінде апертураны орнату үшін пайдаланылады.
Autofocus setting (Автофокус параметрі): On (Қосулы) күйі таңдалған болса, автофокус режимін АФ режимінің түймешігін басып тұру жəне қосымша басқару дискін бұрау, АФ аумағының режимін АФ режимінің түймешігін басып тұру жəне негізгі басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады.
- Menus and playback (Мәзірлер және ойнату)
- Егер Off (Өшірулі) күйі таңдалған болса, толық өлшемде қарау кезінде көрсетілетін суретті таңдау, сурет нобайларын белгілеу және мәзірлерді шарлау үшін мульти селектор пайдаланылады. Егер On (Қосулы) немесе On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) параметрі таңдалса, толық өлшемде қарау кезінде көрсетілетін суретті таңдау, сурет нобайын қарау кезінде жүгіргіні солға немесе оңға жылжыту және мәзірді белгілеу жолағын жоғары немесе төмен жылжыту үшін негізгі басқару дискін пайдалануға болады. Қосымша басқару дискі толық өлшемде қарау режимінде Sub-dial frame advance (Қосымша дискімен кадрды жылжыту) үшін таңдалған параметрге сай алға немесе артқа өткізіп жіберу және сурет нобайын қарау режимінде бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу үшін пайдаланылады. Мәзірлер көрсетілгенде, қосымша басқару дискін оңға бұрау таңдалған параметр үшін қосымша мәзірді көрсетеді, солға бұрау алдыңғы мәзірді көрсетеді. Таңдау жасау үшін 2 немесе J түймешігін басыңыз. Кескінді тексере қарау кезінде басқару дискілерін ойнату үшін пайдаланылуын болдырмау үшін On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) параметрін таңдаңыз.
- Sub-dial frame advance (Қосымша дискімен кадрды жылжыту)
- Menus and playback (Мәзірлер және ойнату) үшін On (Қосулы) немесе On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) таңдалған болса, толық өлшемде қарау кезінде қосымша басқару дискін бұрап, қалтаны таңдауға, я болмаса, бір уақытта 10 немесе 50 кадр алға немесе артқа өткізіп жіберуге, я болмаса, келесі немесе алдыңғы қорғалған кескінге, фотосуретке немесе бейнефильмге өтуге болады.
A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу
a: Autofocus (Автофокус)
b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)
c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)
d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)
e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)
f: Controls (Басқару тетіктері)
g: Movie (Бейнефильм)