O Менің мәзірім/m Соңғы параметрлер
Менің мəзірім мəзірін көрсету үшін G түймешігін басып, O (Менің мəзірім) қойындысын таңдаңыз.
MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ) параметрін ойнату, фотосурет түсіру, бейнефильм түсіру, қолданушы параметрлері, баптау және өңдеу мәзірлеріне жылдам қатынасу үшін параметрлердің теңшелген тізімін (20 элементке дейін) жасау және өңдеу үшін пайдалануға болады. Қажет болса, соңғы параметрлерді Менің мəзірім (0 Соңғы параметрлер) орнына көрсетуге болады.
Параметрлерді төменде сипатталғандай қосуға, жоюға және ретін өзгертуге болады.
- Менің мəзірім ішіне параметрлер қосу
- Менің мəзірім ішінен параметрлерді жою
- Менің мəзірім ішіндегі параметрлерді қайта реттеу
- Соңғы параметрлер
Менің мəзірім ішіне параметрлер қосу
-
Add items (Элементтер қосу) пәрменін таңдаңыз.
Менің мəзірім (O) ішінде Add items (Элементтер қосу) пəрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Мәзірді таңдаңыз.
Қосқыңыз келген параметрі бар мәзірдің атауын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Элементті таңдаңыз.
Қажетті мәзір элементін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Жаңа элементті орналастырыңыз.
Жаңа элементті Менің мəзірім ішінде жоғары не төмен жылжыту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Жаңа элемент қосу үшін J түймешігін басыңыз.
-
Қосымша элементтер қосыңыз.
Менің мәзірім ішінде көрсетілген элементтер құсбелгімен белгіленеді. V белгішесі арқылы белгіленген элементтер таңдалмайды. Қосымша элементтер таңдау үшін 1–4 қадамдарды қайталаңыз.
Менің мəзірім ішінен параметрлерді жою
-
Remove items (Элементтерді жою) пәрменін таңдаңыз.
Менің мəзірім (O) ішінде Remove items (Элементтерді жою) пəрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Элементтерді таңдаңыз.
Элементтерді белгілеп, таңдау немесе таңдауды болдырмау үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған элементтер құсбелгімен белгіленеді.
-
Таңдалған элементтерді жойыңыз.
J түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған элементтерді өшіру үшін J түймешігін қайта басыңыз.
Менің мəзірім ішінен элементтерді өшіру
Менің мəзірім ішінде қазіргі уақытта белгіленген элементті жою үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған элементті Менің мəзірім ішінен жою үшін O (Q) түймешігін қайта басыңыз.
Менің мəзірім ішіндегі параметрлерді қайта реттеу
-
Rank items (Элементтерді бағалау) пәрменін таңдаңыз.
Менің мəзірім (O) ішінде Rank items (Элементтерді бағалау) пəрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Элементті таңдаңыз.
Жылжытқыңыз келген элементті белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Элементті орналастырыңыз.
Менің мəзірім ішінде элементті жоғары немесе төмен жылжыту үшін 1 немесе 3 түймешігін жəне J түймешігін басыңыз. Қосымша элементтерді қайта орналастыру үшін 2–3 қадамдарын қайталаңыз.
-
Менің мәзірім тармағына шығыңыз.
Менің мәзірім тармағына оралу үшін G түймешігін басыңыз.
Соңғы параметрлер
Ең соңғы пайдаланылған жиырма параметрді көрсету үшін m RECENT SETTINGS (СОҢҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) тармағын O MY MENU (МЕНІҢ МƏЗІРІМ) > Choose tab (Қойындыны таңдау) үшін таңдаңыз.
-
Choose tab (Қойындыны таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Менің мəзірім (O) ішінде Choose tab (Қойындыны таңдау) пəрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
m RECENT SETTINGS (СОҢҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) тармағын таңдаңыз.
m RECENT SETTINGS (СОҢҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) тармағын белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. Мәзір атауы «MY MENU» (МЕНІҢ МӘЗІРІМ) атауынан «RECENT SETTINGS» (СОҢҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) атауына өзгереді.
Мәзір элементтері соңғы параметрлер мәзірінің үстіне пайдалану барысында қосылады. Менің мəзірім мəзірін қайта көру үшін O MY MENU (МЕНІҢ МƏЗІРІМ) тармағын m RECENT SETTINGS (СОҢҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) > Choose tab (Қойындыны таңдау) үшін таңдаңыз.
Элементтерді Соңғы параметрлер мәзірінен жою
Элементті соңғы параметрлер мəзірінен жою үшін белгілеп, O (Q) түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған элементті өшіру үшін O (Q) түймешігін қайта басыңыз.