Сақтау

Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде батареяны алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағымен бірге салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, әрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Фотокамераны лигроин немесе камфара нафталин дөңгелектерімен немесе мына орындарда сақтамаңыз:

  • дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60 % астам жерлерде
  • теледидар немесе радио сияқты қатты электромагнитті өрістер шығаратын жабдықтың маңайында
  • температуралары 50 °C-тан жоғары немесе –10 °C-тан төмен жерлерде

Тазалау

Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге де ұшқыр химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Кескін сенсорын тазалау

Егер кескін сенсорындағы кір немесе шаң фотосуреттерде пайда болған тәрізді көрінсе, баптау мәзіріндегі Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрін пайдаланып сенсорды тазалауға болады. Сенсорды Clean now (Қазір тазалау) параметрін пайдаланып кез келген уақытта тазалауға немесе тазалауды фотокамера қосулы немесе өшірулі кезде автоматты түрде орындауға болады.

«Clean Now (Қазір тазалау)»

Фотокамера түбін ұстап тұрып, баптау мәзірінде Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін Clean now (Қазір тазалау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Фотокамера кескін сенсорын тексереді, содан кейін тазалауды бастайды. Тазалау орындалып жатқанда басқару панелінде P жыпылықтайды және басқа әрекеттерді орындау мүмкін емес. Тазалау аяқталғанша және баптау мәзірі көрсетілгенше қуат көзін алмаңыз немесе ажыратпаңыз.

«Clean at Startup/Shutdown (Іске қосылар кезде/сөнер кезде тазалау)»

Келесі параметрлерден таңдаңыз:

  1. Clean at startup/shutdown (Іске қосылар кезде/сөнер кезде тазалау) параметрін таңдаңыз.

    «Қазір тазалау» бөлімінде (0 «Clean Now (Қазір тазалау)») сипатталғандай Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) мәзірін көрсетіңіз. Clean at startup/shutdown (Іске қосылар кезде/сөнер кезде тазалау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

    Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Кескін сенсорын тазалау

Іске қосу кезінде фотокамераны басқару тетіктерін пайдалану кескін сенсорын тазалауды үзеді. Жарқыл зарядталып жатса, іске қосылу кезінде кескін сенсорын тазалауды орындау мүмкін емес.

Егер Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) мәзіріндегі параметрлерді пайдаланып тозаңды толық кетіру мүмкін болмаса, кескін сенсорын қолмен тазалаңыз (0 Қолмен тазалау) немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.

Егер кескін сенсорын тазалау қатарынан бірнеше рет орындалса, фотокамераның ішкі тізбегін қорғау үшін кескін сенсорын тазалау уақытша ажыратылуы мүмкін. Тазалауды аз ғана уақыт күткеннен кейін қайта орындауға болады.

Қолмен тазалау

Егер бөгде заттарды кескін сенсорынан баптау мәзіріндегі Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрін пайдаланып кетіру мүмкін болмаса (0 Кескін сенсорын тазалау), сенсорды төменде сипатталғандай қолмен тазалауға болады. Дегенмен, сенсордың өте нәзік екенін және оңай зақымдалатынын ескеріңіз. Nikon компаниясы сенсорды тек Nikon компаниясының қызмет көрсету маманына тазалаттыруды ұсынады.

  1. Батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.

    Кескін сенсорын тексерген немесе тазалаған кезде сенімді қуат көзі қажет. Фотокамераны өшіріңіз және толығымен зарядталған батареяны салыңыз немесе қосымша айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын жалғаңыз. Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтеруді құлыптау) параметрі фотокамера смарт құрылғыға Bluetooth арқылы қосылмаған және батарея деңгейі J мәнінен артық болса ғана баптау мәзірінде қолжетімді болады.

  2. Объективті алып тастаңыз.

    Фотокамераны өшіріп, объективті алыңыз.

  3. Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтеруді құлыптау) пәрменін таңдаңыз.

    Фотокамераны қосыңыз және баптау мәзірінде Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтеруді құлыптау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  4. J түймешігін басыңыз.

    Мониторда хабар көрсетіледі және басқару панелі мен көріністапқышта сызықтар қатары пайда болады. Кескін сенсорын тексермей қалыпты жұмысты қалпына келтіру үшін фотокамераны өшіріңіз.

  5. Айнаны көтеріңіз.

    Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Айна көтеріледі және ысырма пердесі ашылады, сөйтіп кескін сенсоры көрінеді. Көріністапқыштағы дисплей өшеді және басқару панелінде сызықшалар қатары жыпылықтайды.

  6. Кескін сенсорын бақылаңыз.

    Фотокамераны кескін сенсорына жарық түсетіндей ұстап тұрып, сенсорда шаң немесе талшықтар жоқ екенін тексеріңіз. Бөгде заттар болмаса, 8-қадамға өтіңіз.

  7. Сенсорды тазалаңыз.

    Сенсордан бүкіл шаң мен талшықтарды ауа үргішпен кетіріңіз. Ауа үргіш қылшағын пайдаланбаңыз, себебі қылдар сенсорды зақымдауы мүмкін. Ауа үргіш арқылы кетіруге болмайтын кірді Nikon компаниясының қызмет көрсету маманы ғана кетіре алады. Сенсорға ешбір жағдайда тимеу немесе оны сүртпеу керек.

  8. Фотокамераны өшіріңіз.

    Айна төменгі күйге оралады және ысырма пердесі жабылады. Объективті немесе корпус қақпағын қайта қойыңыз.

Сенімді қуат көзін пайдалану

Ысырма пердесі нәзік және оңай зақымдалады. Егер фотокамера айна көтеріліп жатқанда өшсе, перде автоматты түрде жабылады. Перденің зақымдалуын болдырмау үшін келесі сақтық шараларын қолданыңыз:

  • Айна көтеріліп тұрғанда фотокамераны өшірмеңіз, я болмаса, қуат көзін алып тастамаңыз немесе ажыратпаңыз.
  • Айна көтеріліп тұрғанда батарея заряды төмендесе, шамамен екі минуттан кейін ысырма пердесі жабылатыны және айна төмен түсірілетіні туралы ескерту үшін дыбыстық сигнал шығады және өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтайды. Тазалауды немесе тексеруді дереу аяқтаңыз.

Кескін сенсорындағы бөгде заттар

Объективтер немесе корпус қақпақтары алынғанда немесе ауыстырылғанда фотокамераға кірген бөгде заттар (немесе сирек жағдайларда, фотокамераның өзіндегі май немесе майда бөлшектер) кескін сенсорына жабысып, белгілі бір жағдайларда түсірілген фотосуреттерде көрінуі мүмкін. Объектив салынбаған кезде фотокамераны қорғау үшін фотокамера корпусының қақпағын орнына салуды ұмытпаңыз, ол үшін алдымен фотокамера бекіткішіне, объектив бекіткішіне және корпус қақпағына жабысуы мүмкін барлық шаңды және бөгде заттарды тазартыңыз. Шаң-тозаң бар орталарда корпус қақпағын бекітуге немесе объективтерді ауыстыруға әрекеттенбеңіз.

Бөгде заттар кескін сенсорына кірсе, «Кескін сенсорын тазалау» бөлімінде (0 «Clean Now (Қазір тазалау)») сипатталғандай кескін сенсорын тазалау параметрін пайдаланыңыз. Егер мәселе жалғасса, сенсорды қолмен тазалаңыз (0 Қолмен тазалау) немесе сенсорды өкілетті Nikon қызмет көрсету қызметкерлеріне тазалаттырыңыз. Сенсорда бөгде заттардың болуы әсер еткен фотосуреттерді кейбір кескіндерді өңдеу қолданбаларында қол жетімді кескінді тазалау параметрлерін пайдаланып өңдеуге болады.

Фотокамера мен керек-жарақтарға қызмет көрсету

Фотокамера дәлдікпен істейтін құрылғы болып табылады және жүйелі тексерісті қажет етеді. Nikon компаниясы фотокамераны сатып алған жерге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне бір-екі жыл сайын тексертуге және әр үш-бес жыл сайын техникалық қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін ескеріңіз). Фотокамераны кәсіби мақсатта пайдалансаңыз, жиі тексертіп және қаратып тұрған жөн. Фотокамерада жиі қолданылатын объективтер немесе қосымша жарқыл бөліктері сияқты керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық қызмет алуға апарғанда бірге апару қажет.