Егер фотокамера күтілгендей жұмыс істемесе, ресми өкілмен немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілімен хабарласпай тұрып, төменде берілген жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз.

Батарея/дисплей


Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазудың аяқталуын күтіңіз. Егер мәселе қайталанса, фотокамераны өшіріңіз. Егер фотокамера өшірілмесе, батареяны шығарып, қайта салыңыз немесе егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, айнымалы ток адаптерін ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез келген жазылып жатырған деректер жоғалатынын ескеріңіз, жазылып болған деректерге қуат көзін ажырату әсер етпейді.


Көріністапқыш фокуста емес: көріністапқыштың фокусын реттеңіз (0 Диоптрияны реттеу тетігі). Бұл мәселені шешпесе, әр кадр бойынша бақылағыш автофокустау (AF-S; 0 Автофокус режимі), жалғыз нүктелі АФ (0 АФ аумағының режимі) және орталық фокустау нүктесін (0 Фокустау нүктесін таңдау) таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты нысанды орталық фокустау нүктесінде жақтауға алып, фотокамераны фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокуста болған кезде, нысанды көріністапқышта фокусқа анық түрде алу үшін диоптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз. Қажет болса, көріністапқыш фокусын қосымша түзеткіш объективтер көмегімен әрі қарай реттеуге болады (0 Басқа керек-жарақтар).


Көріністапқыш күңгірт: толығымен зарядталған батареяны салыңыз (0 Батареяны зарядтау, Батарея зарядының деңгейі және қалған кадрлар саны).


Дисплейлер ескертусіз өшеді: c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері)) немесе c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру); 0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ кідірістерді таңдаңыз.


Басқару панеліндегі немесе көріністапқыштағы дисплейлер жауап бермейді және күңгірт: бұл дисплейлердің жауап беру уақыттары және жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады.


Фокустау нүктесі белгіленген кезде көріністапқыш дисплейі қызыл түске боялады: бұл көріністапқыштың осы түрі үшін қалыпты және ақаулықты көрсетпейді.


Суретке түсіру (барлық режимдер)


Фотокамераның қосылуына біршама уақыт қажет: файлдарды немесе қалталарды жойыңыз.


Ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылған:


Фотокамера ысырманы босату түймешігіне баяу жауап береді: d3 (Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі); 0 Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.


Қашықтан басқару пультінің ысырманы босату түймешігі басылған кезде фотосурет түсірілмейді:


Үздіксіз суретке түсіру режимінде ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір сурет түсіріледі: кірістірілген жарқыл жанса (0 Кірістірілген жарқыл) немесе HDR (жоғары динамикалық ауқым; 0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)) режимінде үздіксіз суретке түсіру қолжетімді емес.


Фотосуреттер фокустан тыс аумақта:


Дыбыстық сигнал шықпайды:


Ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда фокус құлыпталмайды: фокустау режимі үшін AF-C таңдалған кезде немесе AF-A режимінде қозғалатын нысандарды фотосуретке түсірген кезде фокусты құлыптау үшін A AE-L/AF-L түймешігін пайдаланыңыз.


Фокустау нүктесін таңдау мүмкін емес:


АФ режимін таңдау мүмкін емес: қолмен реттелетін фокус таңдалған (0 Автофокус, Қолмен реттелетін фокус).


АФ аумағының режимін таңдау мүмкін емес: қолмен реттелетін фокус таңдалған (0 Автофокус, Қолмен реттелетін фокус).


Кескін өлшемін өзгерту мүмкін емес: Image quality (Кескін сапасы) параметрі NEF (RAW) деп орнатылған (0 Кескін сапасы).


Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады: ұзақ экспозицияда бұрмалануды азайтуды өшіріңіз (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)).


АФ қосымша шамы жанбайды:

  • АФ қосымша шамы автофокус режимі ретінде AF-C таңдалса (0 Автофокус режимі) немесе фотокамера AF-A режимінде болғанда үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған болса жанбайды. AF-S параметрін таңдаңыз. АФ аумағының режимі үшін АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінен басқа параметр таңдалса, орталық фокустау нүктесін таңдаңыз (0 Фокустау нүктесін таңдау).
  • Фотокамера қазіргі уақытта тікелей көріністе.
  • a9 (Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы), 0 Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы)) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалған.
  • Шам автоматты түрде өшті. Үздіксіз пайдаланғанда шам қызуы мүмкін; оның салқындауын күтіңіз.

Фотосуреттерде жағылған жерлер пайда болады: алдыңғы және артқы объектив элементтерін тазалаңыз. Егер мәселе қайталана берсе, кескін сенсорын тазалауды орындаңыз (0 Кескін сенсорын тазалау).


Суреттерге байқалатын кескіннің қосарлануы немесе жарқырау әсер етеді: күнді немесе басқа қатты жарық көздерін қамтитын түсірілімдерде кескіннің қосарлануын немесе жарқырауды байқауыңыз мүмкін. Бұл әсерлерді бленданы жалғау немесе түсірілімдерді қатты жарық көздері кадрдан алыс етіп жиектеу арқылы азайтуға болады. Сонымен бірге объектив сүзгілерін алып тастау немесе басқа ысырма жылдамдығын таңдау сияқты басқа әдістерді қолданып көруге болады.


Фотосуреттерде бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) пайда болады:

  • Жарық нүктелерді, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді, түстердің әркелкілігін және сызықтарды ISO сезімталдықты төмендету арқылы азайтуға болады.
  • 1 с-тан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында түсірілген фотосуреттерде жарық нүктелердің немесе түстердің әркелкілігінің орын алуын шектеу үшін фотосурет түсіру мәзіріндегі Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) параметрін пайдаланыңыз (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)).
  • Түстердің әркелкілігі және жарық нүктелер фотокамераның ішкі температурасы қоршаған ортаның жоғары температураларына, ұзақ экспозицияларға немесе ұқсас себептерге байланысты көтерілгенін көрсетуі мүмкін: суретке түсіруді жалғастыру алдында фотокамераны өшіріп, салқындауын күтіңіз.
  • Жоғары ISO сезімталдықтарда кейбір қосымша жарқыл бөліктерімен түсірілген фотосуреттерде сызықтар пайда болуы мүмкін; бұл орын алса, төменірек мәнді таңдаңыз.
  • Жоғары ISO сезімталдықтарында, соның ішінде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару көмегімен жоғары мәндер таңдалғанда кездейсоқ орналасқан жарық нүктелерді фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзірінде High ISO NR (Жоғары ISO БА) үшін High (Жоғары), Normal (Қалыпты) немесе Low (Төмен) мәнін таңдау арқылы азайтуға болады (0 High ISO NR (Жоғары ISO БА), High ISO NR (Жоғары ISO БА)).
  • Жоғары ISO сезімталдықтарында, ұзақ экспозицияларда, бірнеше экспозицияда және жоғары қоршаған орта температураларында немесе Қосылған D-Lighting қосылып, Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Flat (Тегіс) мәнін таңдап (0 Picture Control режимін таңдау) немесе Picture Control параметрлері үшін шекті мәндер таңдалып түсірілген фотосуреттерде жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар көбірек байқалуы мүмкін (0 Picture Control параметрлері).
  • % режимінде аз жарықта түсірілген кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар көбірек байқалуы мүмкін.

Бейнефильм режимінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады: бейнефильм түсіру мәзірінде Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрін таңдаңыз және жергілікті айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне сәйкес параметрді таңдаңыз (0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)).


Тікелей көріністе жарық аймақтар немесе жолақтар пайда болады: тікелей көрініс кезінде жыпылықтаған белгі, жарқыл немесе ұзақтығы қысқа басқа жарық көзі пайдаланылған.


Бейнефильмдерде дыбыс жазылмайды: бейнефильм түсіру мәзірінде Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) үшін Microphone off (Микрофон өшірулі) таңдалған (0 Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы)).


Тікелей көрініс күтпеген жерден аяқталады немесе іске қосылмайды: келесі жағдайларда фотокамераның ішкі тізбектерінің зақымдалуын болдырмау үшін тікелей көрініс автоматты түрде аяқталуы мүмкін:

  • Қоршаған орта температурасы жоғары
  • Фотокамера ұзақ уақыт бойы үздіксіз суретке түсіру режимдерінде пайдаланылған
  • Фотокамера ұзақ уақыт бойы тікелей көрініс режимінде немесе бейнефильмдерді жазу үшін пайдаланылған

Егер a түймешігін басқан кезде тікелей көрініс іске қосылмаса, ішкі тізбектердің салқындауын күтіп, әрекетті қайталаңыз. Фотокамера тигенде жылы сезілуі мүмкін екенін ескеріңіз, бірақ бұл ақаулықты білдірмейді.


Тікелей көрініс кезінде кескін бұрмаланулары көрінеді: тікелей көрініс кезінде объективтегі көріністі ұлғайтқанда «бұрмалану» (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер көрінуі мүмкін (0 Тікелей көріністі масштабтауды алдын ала қарау); бейнефильмдерде кездейсоқ орналасқан жарық нүктелердің, түстердің әркелкілігінің және жарық нүктелердің мөлшеріне және үлестіріліміне кадр өлшемі және жылдамдығы әсер етеді (0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы). Сондай-ақ, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе жарық нүктелер тікелей көрініс кезінде фотокамераның ішкі тізбектерінің температурасының артуларының нәтижесінде артуы мүмкін; фотокамера пайдаланылмаған кезде тікелей көріністен шығыңыз.


Мәзір элементін таңдау мүмкін емес: кейбір режимдерде кейбір параметрлер қол жетімді емес.


Суретке түсіру (P, S, A, M)


Ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылған:


Ысырма жылдамдықтарының толық ауқымы қол жетімді емес: жарқыл пайдаланылуда. Жарқылды синхрондау жылдамдығын e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады; үйлесімді жарқыл бөліктерін пайдаланғанда ысырма жылдамдықтарының толық ауқымын алу үшін 1/320 s (Auto FP) (1/320 с (автоматты ФЖ)) немесе 1/250 s (Auto FP) (1/250 с (автоматты ФЖ)) параметрін таңдаңыз (0 Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)).


Ақ түс балансын өлшеу мүмкін емес: нысан тым күңгірт немесе тым ашық (0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)).


Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәні үшін кескінді көз ретінде таңдау мүмкін емес: кескін D7500 көмегімен жасалмаған (0 Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру).


Ақ түс балансының брекетингі қол жетімді емес:


Picture Control әсерлері әр кескінде әр түрлі: Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Auto (Авто) күйі таңдалған, Auto (Авто) күйіне негізделген Picture Control режимі таңдалған немесе анық ету, анықтық, контраст немесе қанығуы үшін A (авто) күйі таңдалған. Қатарынан түсірілетін бірнеше фотосуретте бірдей нәтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз (0 Picture Control параметрлері).


Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қосылған (0 Автоэкспозиция құлпы).


Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: Фотокамера M режимінде. Басқа режимді таңдаңыз.


Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (қызылдау аумақтар немесе өзге бұрмаланулар) пайда болады: ұзақ экспозиция бұрмалануын азайтуды қосыңыз (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)).


Қарау


NEF (RAW) пішіміндегі кескін ойнатылмайды: фотосурет NEF + JPEG кескін сапасымен түсірілген (0 Кескін сапасы).


Басқа фотокамералармен жазылған суреттерді көру мүмкін емес: басқа фотокамерамен жазылған суреттер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.


Ойнату кезінде кейбір фотосуреттер көрсетілмейді: Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мәнін таңдаңыз (0 Playback folder (Ойнату қалтасы)).


Фотокамера қалтада кескіндер жоқ деген хабарды көрсетеді: Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мәнін таңдаңыз (0 Playback folder (Ойнату қалтасы)).


«Тік» (портреттік) бағыттағы суреттер «кең» (пейзаждық) бағытта көрсетіледі:


Суретті өшіру мүмкін емес:


Суретті өңдеу мүмкін емес: фотосуретті осы фотокамера арқылы әрі қарай өңдеу мүмкін емес.


Фотосуретті басып шығару үшін таңдау мүмкін емес: фотосурет NEF (RAW) пішімінде. NX Studio арқылы фотосуреттерді компьютерге тасымалдаңыз және басып шығарыңыз (0 Қосылымдар). NEF (RAW) фотосуреттерін NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) арқылы JPEG пішімінде сақтауға болады (0 NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу)).


Фотосурет анықтығы жоғары бейне құрылғысында көрсетілмейді: HDMI кабелі (бөлек сатылады) қосылғанына көз жеткізіңіз.


Фотосуреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: амалдық жүйе фотокамерамен немесе тасымалдау бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімді емес. Фотосуреттерді компьютерге көшіру үшін жад картасын оқу құралын пайдаланыңыз.


NX Studio бағдарламасындағы кескіндегі тозаң іздерін кетіру опциясы қалаған әсерді бермейді: кескін сенсорын тазалау кескін сенсорындағы шаңның орнын өзгертеді. Кескін сенсорын тазалау алдында жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалап болғаннан кейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес. Кескін сенсорын тазалағаннан кейін жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалағанға дейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес.


Компьютер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамерадан басқаша көрсетеді: үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы Picture Control режимдерінің, Active D-Lighting немесе виньеттеуді басқарудың әсерлерін көрсетпейді. NX Studio (0 Қосылымдар) бағдарламасын пайдаланыңыз.


Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз желілер)


Смарт құрылғылар фотокамераның SSID (желілік атау) көрсетпейді:

  • Фотокамераның баптау мәзірінде Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Disable (Өшіру) параметрі таңдалғанын тексеріңіз (0 Airplane mode (Ұшақ режимі)).
  • Фотокамераның баптау мәзірінде Bluetooth > Network connection (Желілік қосылым) үшін Enable (Қосу) параметрі таңдалғанын тексеріңіз.
  • Смарт құрылғының Wi-Fi функциясын өшіріп, қайта қосып көріңіз.

Сымсыз принтерлерге және басқа сымсыз құрылғыларға қосылу мүмкін емес: Бұл фотокамера тек SnapBridge қолданбасы орнатылған құрылғыларға қосыла алады.


Өзге мәліметтер


Жазу күні дұрыс емес: фотокамера сағатының дәлдігі сағаттардың көпшілігінен және үй сағаттарынан азырақ. Сағатты дәл сағаттарға сәйкес жиі тексеріп, қажетінше дұрыстап тұрыңыз.


Мәзір элементін таңдау мүмкін емес: Кейбір параметрлердің тіркесімдерінде немесе жад картасы салынбаған болса, кейбір параметрлер қолжетімсіз. Фотокамера қосымша қуат жалғағышы немесе айнымалы ток адаптері арқылы қуат көзіне қосылғанда Battery info (Батарея туралы мәлімет) параметрі қол жетімді болмайтынын ескеріңіз.