Бұл параметр жарқылды синхрондау жылдамдығын басқарады.
Ысырма жылдамдығын жарқылды синхрондау жылдамдығы шегінде бекіту
S немесе M режимінде ысырма жылдамдығын синхрондау жылдамдығының шегінде бекіту үшін ең баяу мүмкін ысырма жылдамдығынан кейінгі келесі ысырма жылдамдығын таңдаңыз (30 с немесе %). Көріністапқыш пен басқару панелінде X (жарқылды синхрондау индикаторы), әрі жарқылды синхрондау жылдамдығы көрсетіледі.
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау фотокамера қолдайтын ең жоғары ысырма жылдамығында жарқылды пайдалануды мүмкін етіп, тіпті қатты күн жарығы нысанның артқы жағын жарықтандырып тұрса да, түсірілетін кеңістік тереңдігін азайту үшін максималды апертураны таңдауға мүмкіндік береді. Ақпараттық дисплейдің жарқыл режимінің индикаторы ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау белсенді кезде «FP» жазуын көрсетеді.
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау
1/320 s (Auto FP) (1/320 с (Авто ФЖ)) немесе 1/250 s (Auto FP) (1/250 с (Авто ФЖ)) параметрі e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы), 0 e1: Flash Sync Speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрі үшін таңдалған болса, кірістірілген жарқылды 1/320 с немесе 1/250 с ысырма жылдамдықтарында пайдалануға болады, ал үйлесімді қосымша жарқыл бөліктерін кез келген ысырма жылдамдығында пайдалануға болады (ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау).
Ысырма жылдамдығы | 1/320 s (Auto FP) (1/320 с (Авто ФЖ)) | 1/250 s (Auto FP) (1/250 с (Авто ФЖ)) | 1/250 s (1/250 с) | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Кірістірілген жарқыл | Қосымша жарқыл бөлігі | Кірістірілген жарқыл | Қосымша жарқыл бөлігі | Кірістірілген жарқыл | Қосымша жарқыл бөлігі | |
1/8000 с және 1/320 с аралығында, бірақ соңғысын қоспай | — | Автоматты ФЖ | — | Автоматты ФЖ | — | — |
1/320 с және 1/250 с аралығында, бірақ соңғысын қоспай | Жарқылды синхрондау * | — | Автоматты ФЖ | — | — | |
1/250–30 с | Жарқылды синхрондау |
Ысырма жылдамдығы артқанда жарқыл ауқымы төмендейді. Дегенмен, жарқыл ауқымы автоматты ФЖ арқылы бірдей жылдамдықтарда алынатыннан үлкенірек болады.