Брекетинг
(Тек P, S, A және M режимдері)
Брекетинг әр түсірілімде экспозицияны, жарқыл деңгейін, Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) (ADL) немесе ақ түс балансын автоматты түрде өзгертіп, ағымдағы мәнді «қапсырады». Дұрыс параметрлерді алу қиын және әр түсірілімде нәтижелерді тексеруге және параметрлерді реттеуге уақыт жоқ жағдайларда, я болмаса, бір нысан үшін әр түрлі параметрлермен тәжірибелер жасау үшін таңдаңыз.
Брекетинг фотосурет түсіру мәзіріндегі Auto bracketing set (Брекетингті автоматты түрде орнату) параметрін пайдаланып реттеледі. Ол келесі параметрлерді қамтиды:
- AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі): фотокамера фотосуреттер қатарында экспозиция мен жарқыл деңгейін өзгертіп отырады (0 Экспозиция және жарқыл брекетингі). Жарқыл брекетингі тек i-TTL режимінде және, қолдау көрсетілсе, автоматты апертура (qA) кірістірілген жарқылды басқару режимдерінде қолжетімді екенін ескеріңіз (0 Кірістірілген жарқылды басқару режимі).
- AE bracketing (АЭ брекетингі): фотокамера фотосуреттер қатарында экспозицияны өзгертіп отырады.
- Flash bracketing (Жарқыл брекетингі): фотокамера фотосуреттер қатарында жарқыл деңгейін өзгертіп отырады.
- WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі): фотокамера әр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды, әрқайсысының ақ түс балансы әр түрлі болады (0 Ақ түс балансының брекетингі).
- ADL bracketing (ADL брекетингі): фотокамера фотосуреттер қатарында Қосылған D-Lighting мәнін өзгертіп отырады (0 ADL брекетингі).
Экспозиция және жарқыл брекетингі
Бірнеше фотосуретте экспозиция және/немесе жарқыл деңгейін өзгерту.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз.
1 Number of shots (Түсірілімдер саны) 2 Экспозиция және жарқыл брекетингі индикаторы 3 Қалған түсірілімдер/түсірілімдер саны Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде M белгішесі көрсетіледі. Көріністапқышта D көрсетіледі, ал ақпараттық дисплей брекетинг индикаторын және брекетинг түрін көрсететін белгішені қамтамасыз етеді: v (экспозиция және жарқыл брекетингі), w (тек экспозиция брекетингі) немесе x (тек жарқыл брекетингі).
-
Экспозиция қадамын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискін бұрап экспозиция қадамын таңдаңыз.
Әдепкі параметрлерде қадам өлшемін 0,3 (1/3), 0,7 (2/3), 1, 2 және 3 ЭМ арасынан таңдауға болады. Төменде 0,3 (1/3) ЭМ қадамы бар брекетинг бағдарламалары тізілген.
Ақпараттық дисплей No. of shots (Түсірілімдер саны) Брекетинг реті (ЭМ) 0 0 3 0/+0,3/+0,7 3 0/-0,7/-0,3 2 0/+0,3 2 0/-0,3 3 0/-0,3/+0,3 5 0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7 7 0/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0 9 0/–1,3/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0/+1,3 2 ЭМ немесе одан көбірек экспозиция қадамдары үшін түсірілімдердің ең көп саны 5 екенін ескеріңіз; 1-қадамда жоғарырақ сан таңдалған болса, түсірілімдердің саны 5 деп автоматты түрде орнатылады.
-
Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай экспозицияны және/немесе жарқыл деңгейін әр түсірілімде өзгертеді. Экспозицияға енгізілген өзгерістер экспозиция түзетілімімен енгізілгендерге қосылады (0 Экспозиция түзетілімі).
Брекетинг күшінде болғанда брекетинг процесінің индикаторы көрсетіледі. Әр түсірілімнен кейін индикатордан бір сегмент жойылады.
Тікелей көрініс
Тікелей көріністе брекетинг параметрлері мониторда көрсетіледі.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
- Қадам өлшемін таңдау, A > b2 (EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары), 0 EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары)) қолданушы параметрін қараңыз.
- Брекетинг орындалатын ретті таңдау, A > e5 (Bracketing order (Брекетинг реті), 0 Bracketing order (Брекетинг реті)) қолданушы параметрін қараңыз.
- BKT түймешігінің рөлін таңдау, A > f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі > BKT button (BKT түймешігі) + y (0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) бөлімін қараңыз.
Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз және брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанша, әрі басқару панелі мен көріністапқышта брекетинг индикаторлары өшкенше басты басқару дискін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
Нөл түсірілім
Брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанда тікелей көрініс дисплейінде «–/–» көрсетіледі.
Экспозиция және жарқыл брекетингі
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде (0 Суретке түсіру режимін таңдау) суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсіріліп болғанда кідіреді. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.
Экспозиция брекетингі
Фотокамера экспозицияны ысырма жылдамдығын және апертураны (P режимі), апертураны (S режимі) немесе ысырма жылдамдығын (A және M режимдері) өзгерту арқылы өзгертеді. P, S және A режимдерінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) (0 ISO сезімталдықты автоматты басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фотокамераның экспозиция жүйесінің шектері асырылғанда фотокамера оңтайлы экспозицияны алу үшін ISO сезімталдықты автоматты түрде өзгертеді; M режимінде фотокамера алдымен ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды пайдаланып экспозицияны оңтайлы мәнге мүмкіндігінше жақын әкеледі, содан кейін ысырма жылдамдығын өзгерту арқылы осы экспозицияны қапсырады.
Ақ түс балансының брекетингі
Фотокамера әр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды, әрқайсысының ақ түс балансы әр түрлі болады.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз.
1 Түсірілімдер саны 2 Ақ түс балансы брекетингінің индикаторы Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде және көріністапқышта сәйкесінше M және D көрсетіледі; ақпараттық дисплейде y белгішесі және брекетинг индикаторы көрсетіледі.
-
Ақ түс балансының қадамын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискін бұрап ақ түс балансын реттеуді таңдаңыз. Әр қадам шамамен 5 майредке тең.
1 (5 майред), 2 (10 майред) немесе 3 (15 майред) қадамдары арасынан таңдаңыз. Жоғарырақ B мәндері көк түстің көбірек мөлшерлеріне, жоғарырақ A мәндері сары түстің көбірек мөлшерлеріне сәйкес келеді (0 Ақ түс балансын дәл реттеу). 1 қадамдық брекетинг бағдарламалары төменде тізілген.
Ақпараттық дисплей No. of shots (Түсірілімдер саны) Ақ түс балансының қадамы Брекетинг реті 2 1 B 0 / 1 B 2 1 A 0 / 1 A 3 1 A, 1 B 0 / 1 A / 1 B -
Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.
Әр түсірілім брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер санын жасау үшін өңделеді, әрі әр көшірменің бөлек ақ түс балансы болады. Ақ түс балансына жасалған өзгерістер ақ түс балансы дәл реттеуімен жасалған ақ түс балансы реттеуіне қосылады.
Брекетинг бағдарламасындағы түсірілімдер саны қалған кадрлар санынан артық болса, басқару панелінде n жыпылықтайды, көріністапқышта j белгішесі жыпылықтайды және ысырманы босату өшіріледі. Жаңа жад картасын салған кезде суретке түсіруді бастауға болады.
Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз және брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанша, әрі басқару панелі мен көріністапқышта брекетинг индикаторлары өшкенше басты басқару дискін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
Тікелей көрініс
Тікелей көріністе брекетинг параметрлері мониторда көрсетіледі.
Нөл түсірілім
Брекетинг тізбегінде түсірілімдер қалмағанда тікелей көрініс дисплейінде «–/–» көрсетіледі.
Ақ түс балансының брекетингі
Ақ түс балансының брекетингін NEF (RAW) пішіміндегі кескін сапасында пайдалану мүмкін емес. NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG параметрін таңдау ақ түс балансының брекетингін болдырмайды.
Ақ түс балансының брекетингі тек түс температурасына әсер етеді (ақ түс балансы дәл реттеу дисплейіндегі сары-көк білік, 0 Ақ түс балансын дәл реттеу). Жасыл-қою қызыл білікте ешбір реттеулер жасалмайды.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде (0 Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимі (E)) ақ түс балансы бағдарламасында көрсетілген көшірмелер саны c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан ысырма босатылған сайын жасалады (0 Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)).
Фотокамера жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда өшірілсе, ол тізбектегі барлық фотосуреттер түсіріліп болғаннан кейін ғана өшеді.
ADL брекетингі
Фотокамера бірнеше экспозиция бойына Қосылған D-Lighting мүмкіндігін өзгертеді.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз.
1 Number of shots (Түсірілімдер саны) 2 ADL брекетингінің мөлшері Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде және көріністапқышта сәйкесінше M және D көрсетіледі; ақпараттық дисплейде z белгішесі және брекетинг мөлшері көрсетіледі.
Қосылған D-Lighting өшірулі күйде бір фотосурет және екіншісін таңдалған мәнде түсіру үшін екі түсірілімді таңдаңыз. Қосылған D-Lighting функциясы Off (Өшірулі), Low (Төмен) және Normal (Қалыпты) (үш түсірілім), Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты) және High (Жоғары) (төрт түсірілім) немесе Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты), High (Жоғары) және Extra high (Өте жоғары) (бес түсірілім) параметріне орнатылғанда фотосуреттер қатарын түсіру үшін үш-бес түсірілім таңдаңыз. Егер екіден көп түсірілімді таңдаған болсаңыз, 3-қадамға өтіңіз.
-
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) функциясын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискін бұрап Қосылған D-Lighting функциясын таңдаңыз.
Қосылған D-Lighting ақпараттық дисплейде және басқару панелінде көрсетіледі.
Қосылған D-Lighting Ақпараттық дисплей Басқару панелінің дисплейі Y Auto (Авто) R Low (Төмен) Q Normal (Қалыпты) P High (Жоғары) Z Extra high (Өте жоғары) -
Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай Қосылған D-Lighting мүмкіндігін әр түсірілімде өзгертеді. Брекетинг күшінде болғанда брекетинг процесінің индикаторы көрсетіледі. Әр түсірілімнен кейін индикатордан бір сегмент жойылады.