Қолданушы параметрлерін сақтау
-
Режимді таңдаңыз.
Режимді таңдау дискін қажетті режимге бұраңыз.
-
Параметрлерді реттеңіз.
Икемді бағдарламаға (P режимі), ысырма жылдамдығына (S және M режимдері), апертураға (A және M режимдері), экспозицияға және жарқыл түзетіліміне, жарқыл режиміне, фокустау нүктесіне, өлшеу, автофокус және АФ аумағының режимдеріне, брекетингке және фотосурет түсіру, бейнефильм түсіру және қолданушы параметрлері мәзірлеріндегі параметрлерге қажет реттеулер жасаңыз.
-
Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) параметрін таңдаңыз.
Мәзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз. Баптау мәзірінде Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін таңдаңыз.
Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Қолданушы параметрлерін сақтаңыз.
1 және 2 қадамдарында таңдалған параметрлерді 4-қадамда таңдалған режимді таңдау дискі күйіне тағайындау үшін Save settings (Параметрлерді сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Қолданушы параметрлері
Келесілерді U1 немесе U2 күйіне сақтау мүмкін емес.
Фотосурет түсіру мәзірі:
- Storage folder (Сақтау қалтасы)
- Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
- Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
- Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3))
- Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
- Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру)
Бейнефильм түсіру мәзірі:
- Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
- Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
- Time-lapse movie (Даралай түсірілетін бейнефильм)
Қолданушы параметрлерінің мәзірі:
- a10 (Manual focus ring in AF mode (АФ режиміндегі қолмен реттелетін фокус сақинасы))
- d9 (Optical VR (Оптикалық ДА))