Басқа керек-жарақтар
Осы жазылып жатқанда D7500 үшін келесі керек-жарақтар қолжетімді болған.
Қолжетімділік елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Соңғы ақпаратты веб-сайттан немесе кітапшалардан қараңыз.
Қосымша керек-жарақ жалғағышын пайдалану
Керек-жарақтарды көрсетілгендей жалғаңыз: жалғағыштағы H таңбасын қосымша керек-жарақ жалғағышының жанындағы F таңбасымен туралау керек. Түйіспе тұстағы бөгде заттар тудырған ақаулықты болдырмау үшін түйіспе тұс пайдаланылып жатпағанда фотокамераның жалғағыш қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышын және айнымалы ток адаптерін жалғау
Қосымша қуат жалғағышын және айнымалы ток адаптерін жалғау алдында фотокамераны өшіріңіз.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Батарея бөлімі () және қуат жалғағышы () қақпақтарын ашыңыз.
-
EP-5B қуат жалғағышын кіргізіңіз.
Жалғағышты сарғылт батарея ілмегін бір жаққа басып ұстау үшін пайдаланып, жалғағышты көрсетілген бағытта кіргізіңіз. Жалғағыш толығымен кіргенде ілмек жалғағышты орнында құлыптайды.
-
Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышын қуат жалғағышының ұяшығы арқылы өтетіндей орналастырыңыз және батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
-
EH-5b/EH-5c айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
Айнымалы ток адаптерінің қуат кабелін айнымалы ток адаптеріндегі айнымалы ток ұяшығына () және қуат кабелін тұрақты ток ұяшығына () жалғаңыз. Фотокамераға айнымалы ток адаптері және қуат жалғағышы қуат бергенде мониторда V белгішесі көрсетіледі.