WR-R10 қосымша сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің және жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын қосымша радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерінің параметрлерін реттеңіз.
LED Lamp (LED шамы)
Фотокамераға бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігінде күй LED шамдарын қосыңыз немесе өшіріңіз. Қосымша ақпаратты сымсыз қашықтан басқару бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз.
Link Mode (Байланыс режимі)
Басқа фотокамераларда бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөліктері немесе жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын радиомен басқарылатын жарқыл бөліктері үшін байланыс режимін таңдаңыз. Басқа құрылғылар үшін бірдей режим таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Link mode (Байланыс режимі) үшін таңдалған параметрге қарамастан, жұптастырылған сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің сигналдарын әрқашан WR-R10 қабылдайды. WR-1 қашықтан басқару пультінің пайдаланушылары WR-1 байланыс режимі ретінде жұптастыруды таңдау керек.
WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі
WR-R10 бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз. Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз.