Фотокамераның еңкейту сенсорынан алынған ақпарат негізінде айналдыру және еңкейту бұрышы ақпаратын көрсетіңіз. Егер фотокамера солға да, оңға да еңкейтілмесе, айналдыру анықтамалық сызығы жасыл түспен көрсетіледі, егер фотокамера алға да, артқа да еңкейтілмесе, дисплейдің ортасындағы нүкте жасыл түспен жанады. Әр бөлім 5°-қа тең.
Фотокамераны еңкейту
Фотокамера алға немесе артқа сүйір бұрышпен еңкейтілгенде, виртуалды көкжиек дисплейі дәл болмайды. Егер фотокамера еңкейтуді өлшей алмаса, еңкейту мөлшері көрсетілмейді.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Көріністапқышта виртуалды көкжиек дисплейін көру туралы ақпаратты A > f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау); 0 f1: Custom Control Assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау), Virtual Horizon (Виртуалды көкжиек)) қолданушы параметрі бөлімінен қараңыз.