On (Қосулы) күйі таңдалған болса, жаңа фотосуреттер смарт құрылғыға автоматты түрде кері жүктеледі (фотокамера қазіргі уақытта смарт құрылғыға қосылмаған болса, фотосуреттер кері жүктеу үшін белгіленеді және сымсыз қосылым келесі рет орнатылғанда кері жүктеледі). Бейнефильмдер кері жүктелмейді. Кескіндер кері жүктеу үшін таңдалғанда Off (Өшірулі) күйін таңдасаңыз, растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; барлық кескіндерден кері жүктеу таңбасын алып тастау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Кері жүктеу таңбасы
Бір уақытта 1000-нан көп емес фотосуретті кері жүктеу үшін белгілеуге болады.
Кері жүктеу үшін белгіленген фотосуреттердің бағасын өзгерту алдында Bluetooth > Network connection (Желілік қосылым) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз немесе Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Enable (Қосу) күйін таңдау арқылы сымсыз желіні өшіріңіз.