Түс температурасын таңдау
(Тек P, S, A және M режимдері)
Ақ түс балансы үшін K (Choose color temp. (Түс температурасын таңдау) таңдалған кезде түс температурасын таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Түс температурасын таңдау
Жарқылмен немесе флюоресцентті жарықпен қажет нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын ескеріңіз. Осы көздер үшін N (Flash (Жарқыл)) немесе I (Fluorescent (Флюоресцентті)) параметрін таңдаңыз. Басқа жарық көздерінде, таңдалған мәннің сәйкес келетінін анықтау үшін бір сынақ түсірілімді түсіріңіз.
Ақ түс балансы мәзірі
Түс температурасын фотосурет түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрлерін пайдаланып таңдауға болады. Сары-көк және жасыл-қою қызыл біліктердің мәндерін (0 Ақ түс балансы мәзірі) төменде сипатталғандай енгізіңіз.
-
Choose color temp. (Түс температурасын таңдау) пəрменін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мəзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметрін таңдаңыз да, Choose color temp. (Түс температурасын таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Сары-көк және жасыл-қою қызыл үшін мәндерді таңдаңыз.
4 немесе 2 түймешігін басып, сары (A)–көк (B) білігінде немесе жасыл (G)–қою қызыл (M) білігінде цифрларды белгілеңіз және өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
-
J түймешігін басыңыз.
J түймешігін басып өзгерістерді сақтаңыз және суретке түсіру мәзірлеріне оралыңыз. Егер жасыл (G)–қою қызыл (M) білігі үшін 0-ден басқа мән таңдалса, K белгішесінің жанында жұлдызша («E») көрсетіледі.
L (U) түймешігі
K (Choose color temp. (Түс температурасын таңдау)) таңдалғанда L (U) түймешігін түс температурасын таңдау үшін пайдалануға болады, дегенмен, тек сары (A)–көк (B) білігі үшін. L (U) түймешігін басып, қосымша басқару дискін қажетті мән көрсетілгенше бұраңыз (реттеулер майредтер түрінде жасалады; 0 «Майред»). Түс температурасын тікелей енгізу үшін L (U) түймешігін басыңыз және цифрды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз және өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Тікелей көрініс
Тікелей көріністе таңдалған мән мониторда көрсетіледі.