Үйлесімді кірістірілген микропроцессоры бар объективтер

Nikon кірістірілген микропроцессоры бар объективтерді (IX Nikkor объективтерін қоспағанда), әсіресе, фотокамера ұсынатын мүмкіндіктердің толық ауқымын қолдайтын G, E және D түріне жататын объективтерді ұсынады.

Үйлесімді кірістірілген микропроцессоры бар объективтер
(PDF; 114 КБ)

Кірістірілген микропроцессоры бар және G, Е және D түріне жататын объективтерді тану

Кірістірілген микропроцессоры бар объективтер (әсіресе G, Е және D түрлері) ұсынылады, бірақ IX-NIKKOR объективтерін пайдалануға болмайтынын ескеріңіз. Кірістірілген микропроцессоры бар объективтерді микропроцессор түйіспелерінің болуы арқылы, G, Е және D түріне жататын объективтерді объектив цилиндріндегі әріп арқылы анықтауға болады. G және Е түріне жататын объективтер объективтің апертура сақинасымен жабдықталмайды.

Микропроцессор түйіспелері

Кірістірілген микропроцессоры бар объектив

G/E түріне жататын объектив

Апертура сақинасы

D түріне жататын объектив

AF-S/AF-I телескопиялық түрлендіргіштері

Фотокамера телескопиялық түрлендіргішпен бірге пайдаланылған кездегі біріктірілген апертура f/5.6 мәнінен баяуырақ, бірақ f/8 мәнінен тезірек болса, автофокус және электрондық қашықтықты өлшегіш тек орталық фокустау нүктесінде қол жетімді болады және фотокамера күңгірт немесе контрасты төмен нысандарда фокустай алмауы мүмкін. АФ аумағының режимі үшін 3D бақылау немесе АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалғанда жалғыз нүктелі АФ пайдаланылады (0 АФ аумағының режимі). Телескопиялық түрлендіргіштер AF-S VR Micro-Nikkor 105mm f/2.8G IF-ED объективімен бірге пайдаланыса, автофокус қолжетімсіз болады. TC-17E II, TC-20E, TC-20E II немесе TC-20E III телескопиялық түрлендіргіштері AF-S NIKKOR 300mm f/4E PF ED VR объективімен бірге пайдаланылса, автофокус тек AF-S режимінде қолжетімді.

Объективтің f саны

Объектив атауларында берілген f саны объективтің максималды апертурасы болып табылады.

Қызыл көз әсерін азайту

Нысанның қызыл көз әсерін азайту шамын көруін бұғаттайтын объективтер қызыл көз әсерін азайтуға кедергі келтіруі мүмкін.

ДА объективтері

Төменде тізілген объективтер ұзақ экспозициялар немесе жоғары ISO сезімталдықтарда түсірілген фотосуреттер үшін ұсынылмайды, өйткені дірілді азайтуды (ДА) басқару жүйесінің дизайнына байланысты нәтижесіндегі фотосуреттерді түстердің әркелкілігі бүлдіруі мүмкін. Басқа ДА объективтерін пайдаланғанда дірілді азайтуды өшіру ұсынылады.

  • AF-S VR Zoom-Nikkor 24–120 мм f/3.5–5.6G IF-ED
  • AF-S VR Zoom-Nikkor 70–200 мм f/2.8G IF-ED
  • AF-S VR Zoom-Nikkor 70–300 мм f/4.5–5.6G IF-ED
  • AF-S VR Nikkor 200 мм f/2G IF-ED
  • AF-S VR Nikkor 300 мм f/2.8G IF-ED
  • AF-S NIKKOR 16–35 мм f/4G ED VR
  • AF-S NIKKOR 24–120 мм f/4G ED VR
  • AF-S NIKKOR 28–300 мм f/3.5–5.6G ED VR
  • AF-S NIKKOR 400 мм f/2.8G ED VR
  • AF-S NIKKOR 500 мм f/4G ED VR
  • AF-S DX VR Zoom-Nikkor 18–200 mm f/3.5–5.6G IF-ED
  • AF-S DX NIKKOR 16–85 мм f/3.5–5.6G ED VR
  • AF-S DX NIKKOR 18–200 мм f/3.5–5.6G ED VR II
  • AF-S DX Micro NIKKOR 85 мм f/3.5G ED VR
  • AF-S DX NIKKOR 55–300 mm f/4.5–5.6G ED VR

Көрініс бұрышын есептеу

35 мм фотокамера экспозициялайтын аумақтың өлшемі — 36 × 24 мм. Ал фотосурет түсіру мəзірінде Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX (24×16) таңдалғанда D7500 экспозициялайтын аумақтың өлшемі — 23,5 × 15,7 мм, яғни, 35 мм фотокамераның көрініс бұрышы D7500 фотокамерасыныкінен шамамен 1,5 есе көп (1.3× (18×12) (1,3× (18×12)) мəні таңдалса, экспозицияланатын аумақтың өлшемі төмендеп, көрініс бұрышын тағы шамамен 1,3 есе азайтады).

1 Объектив
2 35 мм пішімді суреттің өлшемі (36 × 24 мм)
3 Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX (24×16) таңдалған кездегі сурет өлшемі (23,5 × 15,7 мм)
4 Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін 1.3× (18×12) таңдалған кездегі сурет өлшемі (18,0 × 12,0 мм)
5 Суреттің диагональ сызығы
6 35 мм пішімінің көрініс бұрышы
7 Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX (24×16) таңдалған кездегі көрініс бұрышы
8 Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін 1.3× (18×12) таңдалған кездегі көрініс бұрышы

Кірістірілген жарқылды және АФ қосымша шамын бұғаттауы мүмкін объективтер

Бұл бөлімде тізілген объективтер кейбір жағдайларда кірістірілген жарқылды немесе АФ қосымша шамын бұғаттауы мүмкін.

АФ қосымша шамы

АФ қосымша шамының ауқымы шамамен 0,5–3,0 м болады; шамды пайдаланғанда фокустық қашықтығы 18–200 мм объективті пайдаланыңыз. Кейбір объективтер белгілі бір фокустау қашықтықтарында шамды бұғаттауы мүмкін. Шамды пайдаланғанда блендаларды алып тастаңыз.

АФ қосымша шамы келесі объективтерде қолжетімсіз:

  • AF-S NIKKOR 14–24 mm f/2.8G ED
  • AF-S NIKKOR 200 mm f/2G ED VR II
  • AF-S VR Nikkor 200 mm f/2G IF-ED
  • AF-S VR Zoom-Nikkor 200–400 mm f/4G IF-ED
  • AF-S NIKKOR 200–400 mm f/4G ED VR II
  • AF-S NIKKOR 200–500 mm f/5.6E ED VR

0,7 м немесе азырақ ауқымда жарықтандыру нашар кезде келесі объективтер АФ қосымша шамын бұғаттауы және автофокусқа кедергі келтіруі мүмкін:

  • AF-S Zoom-Nikkor 17–35 mm f/2.8D IF-ED
  • AF-S DX Zoom-Nikkor 17–55 mm f/2.8G IF-ED
  • AF-S DX NIKKOR 18–140 mm f/3.5–5.6G ED VR
  • AF-S DX NIKKOR 18-300mm f/3.5-6.3G ED VR
  • AF Zoom-Nikkor 20–35 mm f/2.8D IF
  • AF Zoom-Nikkor 24–85 mm f/2.8–4D IF
  • AF-S NIKKOR 24–85 mm f/3.5–4.5G ED VR
  • AF-S VR Zoom-Nikkor 24–120 мм f/3.5–5.6G IF-ED
  • AF-S NIKKOR 35 mm f/1.4G
  • AF Micro-Nikkor 200 mm f/4D IF-ED

1,0 м немесе азырақ ауқымда жарықтандыру нашар кезде келесі объективтер АФ қосымша шамын бұғаттауы және автофокусқа кедергі келтіруі мүмкін:

  • AF-S DX VR Zoom-Nikkor 18–200 мм f/3.5–5.6G IF-ED
  • AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8G ED
  • AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8E ED VR
  • AF Zoom-Nikkor 24–120 mm f/3.5–5.6D IF
  • AF-S Zoom-Nikkor 28-70mm f/2.8D IF-ED
  • AF Zoom Micro Nikkor ED 70–180 mm f/4.5–5.6D
  • AF-S VR Micro-Nikkor 105 mm f/2.8G IF-ED

1,5 м немесе азырақ ауқымда жарықтандыру нашар кезде келесі объективтер АФ қосымша шамын бұғаттауы және автофокусқа кедергі келтіруі мүмкін:

  • AF-S DX NIKKOR 18-300mm f/3.5–5.6G ED VR
  • AF-S NIKKOR 24–120 мм f/4G ED VR
  • AF-S NIKKOR 28–300 мм f/3.5–5.6G ED VR
  • AF-S DX NIKKOR 55–300 mm f/4.5–5.6G ED VR
  • AF-S NIKKOR 70-200mm f/2.8G ED VR II
  • AF Zoom-Nikkor 80–200 mm f/2.8D ED

2,0 м немесе азырақ ауқымда жарықтандыру нашар кезде келесі объективтер АФ қосымша шамын бұғаттауы және автофокусқа кедергі келтіруі мүмкін:

  • AF-S VR Zoom-Nikkor ED 70–200 mm f/2.8G (IF)
  • AF-S NIKKOR 70-200mm f/4G ED VR
  • AF-S Zoom Nikkor ED 80–200 mm f/2.8D (IF)

Кірістірілген жарқыл

Кірістірілген жарқылды фокустық қашықтықтары 16–300 мм объективтермен бірге пайдалануға болады, дегенмен, кейбір жағдайларда объектив түсіретін көлеңкелерге байланысты жарқыл кейбір ауқымдарда немесе фокустық қашықтықтарда нысанды толығымен жарықтандыра алмауы мүмкін (төмендегі мысалды қараңыз), ал нысанға қызыл көз әсерін азайту шамын көрсетпейтін объективтер қызыл көз әсерін азайтуға кедергі келтіруі мүмкін. Перифериялық жарықтандыру 16 мм-ден төмен фокустық қашықтықтарда төмендеуі мүмкін. Көлеңкелерді болдырмау үшін блендаларды алып тастаңыз.

Көлеңке

Виньеттеу

Жарқылда шамамен 0,6 м ең аз ауқым болады және оны макро масштабтау объективтерінің макро ауқымында пайдалану мүмкін емес. Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX (24×16) таңдалғанда төменде берілгеннен азырақ ауқымдарда жарқыл келесі объективтерде бүкіл нысанды жарықтандыра алмауы мүмкін:

Объектив Масштабтау күйі Виньеттеусіз минималды қашықтық
AF-S DX NIKKOR 10–24mm f/3.5–4.5G ED 20 мм 1,0 м
24 мм Виньеттеусіз
AF-S DX Zoom-Nikkor 12-24mm f/4G IF-ED 18 мм 1,5 м
20 мм 1,0 м
24 мм Виньеттеусіз
AF-S DX NIKKOR 16–80mm f/2.8–4E ED VR 16 мм 1,5 м
24–80 мм Виньеттеусіз
AF-S DX Zoom-Nikkor 17–55 mm f/2.8G IF-ED 24 мм 1,0 м
28–55 мм Виньеттеусіз
AF-S DX NIKKOR 18–140 mm f/3.5–5.6G ED VR 18 мм 1,0 м
24–140 мм Виньеттеусіз

AF-S DX VR Zoom-Nikkor 18–200 мм f/3.5–5.6G IF-ED

AF-S DX NIKKOR 18–200 мм f/3.5–5.6G ED VR II

18 мм 1,0 м
24–200 мм Виньеттеусіз
AF-S DX NIKKOR 18-300mm f/3.5–5.6G ED VR 28 мм 1,5 м
50–300 мм Виньеттеусіз
AF-S DX NIKKOR 18-300mm f/3.5-6.3G ED VR 35 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 16–35 мм f/4G ED VR 24 мм 1,5 м
28 мм 1,0 м
35 мм Виньеттеусіз
AF-S Zoom-Nikkor 17–35 mm f/2.8D IF-ED 20 мм 3,0 м
24 мм 1,0 м
28–35 мм Виньеттеусіз
AF Zoom-Nikkor 18–35mm f/3.5–4.5D IF-ED 18 мм 1,5 м
24–35 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8G ED 28 мм 1,5 м
35 мм 1,0 м
50–70 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8E ED VR 35 мм 1,5 м
50 мм 1,0 м
70 мм Виньеттеусіз
AF-S Zoom-Nikkor 28-70mm f/2.8D IF-ED 28 мм 1,5 м
35–70 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 14–24 mm f/2.8G ED Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX (24×16) таңдалғанда жарқыл кейбір ауқымдарда бүкіл нысанды жарықтандыра алмайды.

Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін 1.3× (18×12) таңдалғанда төменде берілгендерден азырақ ауқымдарда жарқыл келесі объективтерде бүкіл нысанды жарықтандыра алмауы мүмкін.

Объектив Масштабтау күйі Виньеттеусіз минималды қашықтық
AF-S DX NIKKOR 10–24mm f/3.5–4.5G ED 15–24 мм Виньеттеусіз
AF-S DX Zoom-Nikkor 12-24mm f/4G IF-ED 15 мм 1,0 м
18–24 мм Виньеттеусіз
AF-S DX Zoom-Nikkor 17–55 mm f/2.8G IF-ED 20 мм 1,0 м
24–55 мм Виньеттеусіз
AF-S DX NIKKOR 18-300mm f/3.5–5.6G ED VR 28 мм 1,0 м
50–300 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 14–24 mm f/2.8G ED 24 мм 3,0 м
AF-S NIKKOR 16–35 мм f/4G ED VR 20 мм 1,5 м
24 мм 1,0 м
28–35 мм Виньеттеусіз
AF-S Zoom-Nikkor 17–35 mm f/2.8D IF-ED 17 мм 1,5 м
20 мм 1,0 м
24–35 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8G ED 24 мм 1,5 м
28 мм 1,0 м
35–70 мм Виньеттеусіз
AF-S NIKKOR 24-70mm f/2.8E ED VR 28 мм 1,5 м
35 мм 1,0 м
50–70 мм Виньеттеусіз

Сондай-ақ кірістірілген жарқылды келесі микропроцессормен жабдықталмаған объективтерде пайдалануға болады: Nikon Series E және 16–300 mm NIKKOR (AI-S, AI- және AI өзгертілген). AI 50–300 mm f/4.5, өзгертілген AI 50–300 mm f/4.5, AI-S 50–300 mm f/4.5 ED және AI 50–300 mm f/4.5 ED объективтерін 70 мм немесе жоғары масштабтау күйінде пайдалану керек.

Үйлесімді микропроцессормен жабдықталмаған объективтер

Микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді тек фотокамера M режимінде кезде пайдалануға болады. Басқа режимді таңдау ысырманы босатуды өшіреді. Апертураны объективтің апертура сақинасы және фотокамераның өлшеу жүйесі арқылы қолмен реттеу керек, i-TTL жарқылды басқаруды және кірістірілген микропроцессоры бар объективті қажет ететін басқа мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес. Кейбір микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді пайдалану мүмкін емес; «Үйлесімді емес керек-жарақтар және микропроцессормен жабдықталмаған объективтер» (0 Үйлесімді емес керек-жарақтар және микропроцессормен жабдықталмаған объективтер) бөлімін қараңыз.

Үйлесімді микропроцессормен жабдықталмаған объективтер
(PDF; 104 КБ)

Үйлесімді емес керек-жарақтар және микропроцессормен жабдықталмаған объективтер

D7500 фотокамерасында келесілерді пайдалану мүмкін емес:

  • TC-16A АФ телескопиялық түрлендіргіші
  • AI емес объективтер
  • AU-1 фокустау құрылғысын қажет ететін объективтер (400 мм f/4.5, 600 мм f/5.6, 800 мм f/8, 1200 мм f/11)
  • Балық көзі түріндегі объектив (6 мм f/5.6, 7,5 мм f/5.6, 8 мм f/8, OP 10 мм f/5.6)
  • 2,1 см f/4
  • K2 ұзартатын сақинасы
  • 180–600 мм f/8 ED (сериялық нөмірлері 174041–174180)
  • 360–1200 мм f/11 ED (сериялық нөмірлері 174031–174127)
  • 200–600 мм f/9.5 (сериялық нөмірлері 280001–300490)
  • F3AF (AF 80 мм f/2.8, AF 200 мм f/3.5 ED, TC-16 АФ телескопиялық түрлендіргіші) арналған AF объективтері
  • PC 28 мм f/4 (сериялық нөмірі 180900 немесе одан да бұрынғысы)
  • PC 35 мм f/2.8 (сериялық нөмірлері 851001–906200)
  • PC 35 мм f/3.5 (ескі түрі)
  • Шағылыстырғыш 1000 мм f/6.3 (ескі түрі)
  • Шағылыстырғыш 1000 мм f/11 (сериялық нөмірлері 142361–143000)
  • Шағылыстырғыш 2000 мм f/11 (сериялық нөмірлері 200111–200310)