Location Data (Орын деректері)
GP-1/GP-1A GPS бөлігін (бөлек сатылады) фотокамераның қосымша керек-жарақ жалғағышына (0 Фотокамера корпусы) GP-1/GP-1A бөлігімен бірге қамтамасыз етілген кабельді пайдаланып қосуға болады. Бұл фотосуреттер түсіргенде фотокамераның ағымдағы орны туралы ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. GP-1/GP-1A бөлігін қоспай тұрып фотокамераны өшіріңіз; қосымша ақпаратты GP-1/GP-1A нұсқаулығынан қараңыз.
Баптау мәзірінің параметрлері
Баптау мәзіріндегі Location data (Орын деректері) элементінде төменде көрсетілген параметрлер бар.
- Position (Орын): ағымдағы ендік, бойлық, биіктік және әмбебап үйлестірілетін уақыт (UTC).
-
External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының параметрлері) > Standby timer (Күту режимінің таймері): GPS құрылғысы жалғанған кезде күту режимінің таймері қосылатын-қосылмайтынын таңдаңыз.
- External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының параметрлері) > Set clock from satellite (Сағатты жерсеріктен орнату): фотокамера сағатын GPS құрылғы хабарлаған уақытпен синхрондау үшін Yes (Иә) жауабын таңдаңыз.
Смарт құрылғылар
Смарт құрылғыдан орын деректерін жүктеу және келесі фотосуреттерде ендіру үшін сымсыз байланысты орнатып, баптау мәзірінде Location data (Орын деректері) > Download from smart device (Смарт құрылғыдан жүктеу) үшін Yes (Иә) жауабын таңдаңыз (0 Location data (Орын деректері)).
Әмбебап үйлестірілген уақыт (UTC)
UTC деректері GPS құрылғысы арқылы беріледі және фотокамера сағатына бағынбайды.
o белгішесі
Байланыс күйін o белгішесі көрсетеді:
- o (тұрақты): орын деректері алынды.
- o (жыпылықтауда): GP-1/GP-1A сигналды іздеуде. Белгіше жыпылықтап тұрғанда түсірілген суреттерде орын деректері болмайды.
- Белгіше жоқ: кемінде екі секунд бойы GP-1/GP-1A құрылғысынан жаңа орын деректері алынбаған. o белгішесі көрсетілмей тұрған кезде түсірілген суреттерде орын деректері болмайды.