Батареяның жарамды мерзімі
Толық зарядталған батареялармен жазуға болатын бейнефильмнің түсірілген бөлігі немесе түсірілімдер саны батареяның жағдайына, температураға, түсірілімдер арасындағы аралыққа және мәзірлер көрсетілетін уақыт ұзақтығына қарай өзгеріп отырады. Төменде EN-EL15a (1900 мАс) батареялары үшін үлгі сандар берілген 1.
- Фотосуреттер, әр кадр бойынша суретке түсіру режимі (CIPA стандарты 2): шамамен 950 түсірілім
- Фотосуреттер, үздіксіз суретке түсіру режимі (Nikon стандарты 3): шамамен 3880 түсірілім
- Бейнефильмдер 4: HD түсірілген бөлігінің шамамен 80 минуты
EN-EL15a орнына EN-EL15c, EN-EL15b немесе EN-EL15 батареяларын да пайдалануға болады, бірақ кейде EN-EL15c/EN-EL15b/EN-EL15a батареяларымен салыстырғанда EN-EL15 батареясымен бір зарядпен азырақ суреттер түсірілуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Келесі сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген: объектив шексіздіктен минималды ауқымға өткізілген және 30 с сайын әдепкі параметрлерде бір фотосурет түсірілген; жарқыл әрбір екінші түсірілімде жанған. Тікелей көрініс пайдаланылмайды.
Келесі сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген: кескін сапасы JPEG қалыпты деп орнатылған, кескін өлшемі L (үлкен), ысырма жылдамдығы 1/250 с деп орнатылған, ысырманы босату түймешігі үш секунд бойы жартылай басылған және фокус шексіздіктен минималды ауқымға үш рет өткізілген; содан кейін қатарынан алты түсірілім түсірілген және монитор бес секунд бойы қосылып, содан кейін өшірілген; бұл цикл күту режимінің таймері біткеннен кейін қайталанады.
Фотокамераның әдепкі параметрлерімен және Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды және суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) белгілеген шарттармен AF-S DX NIKKOR 18–140mm f/3.5–5.6G ED VR объективімен 23 °C (±2 °C) температурасында өлшенген. Жеке бейнефильмдер әрқайсысының өлшемі 4 ГБ-қа дейінгі бір немесе бірнеше файлдан тұрады, әрі жалпы ұзақтығы 29 минут 59 секундқа дейін болуы мүмкін; фотокамераның температурасы көтерілсе, жазу бұл шектерге жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.
Келесі әрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін:
- Мониторды пайдалану
- Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған күйде ұстап тұру
- Қайталанатын автофокус әрекеттері
- NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді түсіру
- Ысырманың баяу жылдамдықтары
- Фотокамераның Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) және Bluetooth мүмкіндіктерін пайдалану
- Фотокамераны қосымша керек-жарақтар қосылған күйде пайдалану
- ДА объективтерінде ДА (дірілді азайту) режимін пайдалану
- AF-P объективімен қайта-қайта ұлғайту және кішірейту.
Nikon EN-EL15a қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын барынша пайдалану үшін:
- Батарея түйіспелерін таза күйде ұстаңыз. Ластанған түйіспелер батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
- Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Пайдаланусыз қалдырса, батареялар зарядын жоғалтады.