Режимді таңдау
Объектив түрлері
Апертура сақинасымен жабдықталған кірістірілген микропроцессоры бар объективті (0 Кірістірілген микропроцессоры бар және G, Е және D түріне жататын объективтерді тану) пайдаланғанда апертура сақинасын минималды апертурада (ең жоғарғы f саны) құлыптаңыз. G және Е түріне жататын объективтер апертура сақинасымен жабдықталмайды.
Апертураны тек объективтің апертура сақинасын пайдаланып реттеу мүмкін болса, микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді тек M (қол режимі) режимінде пайдалануға болады. Кез келген басқа режимді таңдау ысырманы босатуды өшіреді. Қосымша ақпаратты «Үйлесімді объективтер» бөлімінен қараңыз (0 Үйлесімді объективтер).
- P: Бағдарламаланған автоматты режим
- S: Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим
- A: Апертура басымдығы бар автоматты режим
- M: Manual (Қол режимі)
- Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)
P: Бағдарламаланған автоматты режим
Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығын және аператураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы экспозицияны қамтамасыз ету үшін кірістірілген бағдарламаға сәйкес автоматты түрде реттеп отырады.
Икемді бағдарлама
P режимінде экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда, ысырма жылдамдығы мен апертураның түрлі тіркесімдерін басты басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады («икемді бағдарлама»). Артқы фондағы кішігірім элементтерді бұлдырататын үлкен апертуралар (төмен f сандары) немесе қозғалысты «қатырып тастайтын» жоғары ысырма жылдамдықтары үшін дискіні оңға қарай бұраңыз. Анық түсірілетін кеңістік тереңдігін арттыратын кішкентай апертуралар (жоғары f сандары) немесе қозғалысты бұлдырататын ысырманың баяу жылдамдықтары үшін дискіні солға бұраңыз. Барлық тіркесімдер бірдей экспозицияны береді. Икемді бағдарлама қосылып тұрғанда икемді бағдарлама индикаторы (O немесе E) көрсетіледі. Әдепкі ысырма жылдамдығы мен апертура параметрлерін қалпына келтіру үшін басты басқару дискін индикатор көрінбей қалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз немесе фотокамераны өшіріңіз.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Экспозиция өлшегіштерін белсендіру туралы ақпаратты «Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)» (0 Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)) бөлімінде қараңыз.
S: Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде ысырма жылдамдығын фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін апертураны автоматты түрде таңдап жатқан кезде таңдауға болады.
Ысырма жылдамдығын таңдау үшін экспозиция өлшегіштер қосулы кезде басты басқару дискін бұраңыз. Ысырма жылдамдығын «v» мəніне немесе 30 с жəне 1/8000 с арасындағы мəндерге орнатуға болады.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Ысырма жылдамдығы дисплейлерінде жыпылықтайтын «A» («Қолмен басылу режимі») немесе «%» («Уақыт») индикаторы көрсетілсе не істеу керек екені туралы ақпаратты «Қате туралы хабарлар» (0 Қате туралы хабарлар) бөлімінде қараңыз.
A: Апертура басымдығы бар автоматты режим
Апертура басымдығы бар автоматты режимде сіз апертураны таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозиция шығаратын ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдайды.
Объективтің ең төмен және ең жоғары мәндері арасындағы бір апертураны таңдау үшін қосымша басқару дискін экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда бұраңыз.
Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады
Апертураны реттесеңіз, тікелей көрініс селекторын пайдалансаңыз немесе тікелей көрініс кезінде режимді таңдау дискін айналдырсаңыз, дыбыстық сигнал шығуы мүмкін. Бұл қатені немесе ақаулықты көрсетпейді.
M: Қол режимі
Қолмен реттелетін экспозиция режимінде ысырма жылдамдығын да, апертураны да басқарасыз. Экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда, басты басқару дискін бұрап ысырма жылдамдығын таңдаңыз, ал қосымша басқару дискін бұрап аператураны орнатыңыз. Ысырма жылдамдығын «v» күйіне немесе 30 с және 1/8000 с арасындағы мәндерге орнатуға, я болмаса, ысырманы ұзақ экспозиция үшін шексіз ашық ұстауға болады (A немесе %, 0 Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)). Апертураны объективтің ең төмен мен ең жоғары мәндері арасындағы мәндерге орнатуға болады. Экспозицияны тексеру үшін экспозиция индикаторларын пайдаланыңыз.
Апертура:
Ысырма жылдамдығы:
AF Micro NIKKOR объективтері
Сыртқы экспозиция өлшегішін пайдаланған жағдайда, экспозиция қатынасын апертураны орнату үшін объективтің апертура сақинасы пайдаланылғанда ғана ескеру қажет.
Экспозиция индикаторлары
Егер «қолмен басылу режимі» немесе «уақыт» дегеннен басқа ысырма жылдамдығы таңдалған болса, экспозиция индикаторлары ағымдағы параметрлерде фотосурет жарық көзінде кем ұсталатынын немесе артық ұсталатынын көрсетеді. b2 (EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары), 0 EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге байланысты жарық көзінде кем ұстау немесе артық ұстау мөлшері 1/3 ЭМ немесе 1/2 ЭМ қадамдарымен көрсетіледі. Экспозицияны өлшеу жүйесінің шектері асырылса, дисплейлер жыпылықтайды.
b2 қолданушы параметрі 1/3 қадамға орнатылған | |||
---|---|---|---|
Оңтайлы экспозиция | 1/3 ЭМ мәніне жарық көзінде кем ұсталған | 2 ЭМ мәніне жарық көзінде артық ұсталған | |
Басқару панелі | |||
Көріністапқыш (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру) | |||
Монитор (тікелей көрініс) |
Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады
Апертураны реттесеңіз, тікелей көрініс селекторын пайдалансаңыз немесе тікелей көрініс кезінде режимді таңдау дискін айналдырсаңыз, дыбыстық сигнал шығуы мүмкін. Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады.
Exposure Preview (Экспозицияны алдын-ала қарау)
P, S, A жəне M режимдерінде ысырма жылдамдығына, апертураға жəне ISO сезімталдыққа енгізілген өзгертулер экспозицияға қалай əсер ететін алдын ала қарау үшін тікелей көріністі пайдалануға болады: бар болғаны i түймешігін басып, Exposure preview (Экспозицияны алдын ала қарау) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (экспозиция түзетілімін –5 жəне +5 ЭМ арасындағы мəндерге орнатуға болғанымен, мониторда тек –3 жəне +3 арасындағы мəндерді алдын ала қарауға болатынын ескеріңіз). Экспозицияны алдын ала қарау A (қолмен басылу режимі) және % (уақыт) ысырма жылдамдықтарында, алдын ала қарау брекетинг кезінде түпкілікті нәтижені дәл көрсете алмағанда, v ысырма жылдамдығында, экспозицияны алдын ала қарауды Қосылған D-Lighting (0 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)) немесе HDR (жоғары динамикалық ауқым; 0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)) режимдерімен бірге пайдаланғанда, Picture Control Contrast (Picture Control контрасты) параметрі үшін A (автоматты) күйі таңдалғанда (0 Picture Control параметрлері), я болмаса, кірістірілген жарқыл пайдаланылғанда немесе қосымша жарқыл бөлігі жалғанғанда. Егер нысан өте ашық немесе өте күңгірт болса, экспозиция дисплейде дәл көрсетілмеуі мүмкін және экспозиция индикаторы жыпылықтайды.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Теріс мәндер оң жақта, ал оң мәндер сол жақта көрсетілетін етіп экспозиция индикаторларын ауыстыру туралы ақпаратты A > f5 (Reverse indicators (Индикаторларды ауыстыру), 0 Reverse indicators (Индикаторларды ауыстыру)) қолданушы параметрінен қараңыз.
Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)
Қозғалыстағы жарық көздерінің, жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе отшашулардың ұзақ экспозициялары үшін мына ысырма жылдамдықтарын таңдаңыз.
- Қолмен басылу режимі (A): ысырманы босату түймешігі төмен басылып тұрған кезде ысырма ашық болады. Бұлдыратуды болдырмау үшін штатив немесе қосымша сымсыз қашықтан басқару бөлігін (0 Басқа керек-жарақтар) немесе қашықтан басқару сымын (0 Басқа керек-жарақтар) пайдаланыңыз.
- Уақыт (%): экспозицияны фотокамерадағы ысырманы босату түймешігін немесе қосымша қашықтан басқару пультін, қашықтан басқару сымын немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігін пайдаланып бастаңыз. Ысырма түймешік екінші рет басылғанша ашық күйде болады.
Ысырма жылдамдығы: A (35 секундтық экспозиция)
Апертура: f/25
Жалғастырмай тұрып фотокамераны штативке бекітіңіз немесе оны тұрақты, тегіс бетке қойыңыз. Көріністапқыштан кіретін жарықтың фотосуретте көрінуіне немесе экспозицияға кедергі жасауына жол бермеу үшін резеңке көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен жауып қойыңыз (0 Көріністапқышты жабыңыз). Ысырма ашық кезде қуатты жоғалтуды болдырмау үшін Nikon толығымен зарядталған батареяны немесе қосымша айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын пайдалануды ұсынады. Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің әркелкілігі) болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Жарық нүктелерді және түстердің әркелкілігін фотосурет түсіру мәзіріндегі Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдау арқылы азайтуға болады (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)).
Қолмен басылу режимі
-
Режимді таңдау дискін M күйіне бұраңыз.
-
Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.
Экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда басты басқару дискін бұрап «Қолмен басылу режимі» (A) ысырма жылдамдығын таңдаңыз.
-
Фотосурет түсіріңіз.
Фокустағаннан кейін фотокамерадағы, қосымша сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі немесе қашықтан басқару сымындағы ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Экспозиция аяқталғанда ысырманы босату түймешігінен саусақты алыңыз.
Уақыт
-
Режимді таңдау дискін M күйіне бұраңыз.
-
Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.
Экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда басты басқару дискін солға бұрап «Уақыт» (%) ысырма жылдамдығын таңдаңыз.
-
Ысырманы ашыңыз.
Фокустағаннан кейін фотокамерадағы немесе қосымша қашықтан басқару пультіндегі, қашықтан басқару сымындағы немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
-
Ысырманы жабыңыз.
3-қадамда орындалған әрекетті қайталаңыз.
ML-L3 қашықтан басқару пульттері
ML-L3 қашықтан басқару пультін пайдаланатын болсаңыз, фотосурет түсіру мәзіріндегі Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3)) параметрін пайдаланып қашықтан басқару пульті режимін (Delayed remote (Кешіктірілген қашықтан басқару пульті), Quick-response remote (Жылдам қашықтан басу пульті) немесе Remote mirror-up (Қашықтан айнаны көтеру)) таңдаңыз (0 Қосымша ML-L3 қашықтан басқару пультін пайдалану). ML-L3 қашықтан басқару пультін пайдаланып жатсаңыз, ысырма жылдамдығы үшін «Bulb» (Қолмен басылу режимі)/A режимі таңдалған болса да, суреттер «Time» (Уақыт) режимінде түсірілетінін ескеріңіз. Экспозиция қашықтан басқару пультіндегі ысырманы босату түймешігін басқанда басталады және 30 минуттан кейін немесе түймешікті қайта басқанда аяқталады.