Суреттерге баға беру
Суреттерге баға беріңіз немесе оларды кейінірек жою үшін кандидаттар ретінде белгілеңіз. Рейтингтерді NX Studio бағдарламасында да көруге болады. Баға беру қорғалған кескіндерде қолжетімді емес.
Жекелеген суреттерге баға беру
-
Кескінді таңдаңыз.
Кескінді көрсетіңіз немесе белгілеңіз.
-
Ойнату параметрлерін көрсетіңіз.
Қарау параметрлерін көрсету үшін i түймешігін басыңыз.
-
Rating (Баға) пәрменін таңдаңыз.
Rating (Баға) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Бағаны таңдаңыз.
4 немесе 2 түймешігін басып нөлден бес жұлдызға дейінгі бағаны таңдаңыз, я болмаса, суретті кейінірек жою үшін кандидат ретінде белгілеу үшін ) пәрменін таңдаңыз. Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Бірнеше суретке баға беру
Бірнеше суретке баға беру үшін ойнату мәзіріндегі Rating (Баға) параметрін пайдаланыңыз.
-
Rating (Баға) пәрменін таңдаңыз.
Ойнату мәзірінде Rating (Баға) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Суреттерге баға беріңіз.
Суреттерді белгілеу мульти селекторды пайдаланыңыз (қазіргі уақытта белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз), содан кейін нөлден бес жұлдызға дейінгі бағаны таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басып тұрып, W (Z) түймешігін басып, ұстапт ұрыңыз, я болмаса, суретті кейінірек жою үшін кандидат ретінде беглілеу үшін ) пәрменін таңдаңыз. Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.