Автоэкспозиция құлпы
Автоэкспозиция құлпын экспозицияны өлшеу үшін ортасы бойынша өлшеуді және нүктелі экспоөлшегішті (0 Өлшеу) пайдаланғаннан кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін пайдаланыңыз.
-
Экспозицияны құлыптаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған және нысан фокустау нүктесінде орналастырылған күйде, экспозицияны құлыптау үшін A AE-L/AF-L түймешігін басыңыз (автофокусты пайдаланып жатсаңыз, көріністапқышта I фокустау күйінің индикаторы көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз).
Экспозиция құлпы қосулы кезде AE-L индикаторы көріністапқышта және мониторда көрсетіледі.
-
Фотосуретті қайта жиектеңіз.
A AE-L/AF-L түймешігін басып тұрып, фотосуретті қайта жиектеңіз және суретке түсіріңіз.
Нүктелі экспоөлшегіш
Нүктелі экспоөлшегіште экспозиция таңдалған фокустау нүктесінде өлшенген мәнде құлыптанады.
Ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеу
Экспозиция құлпы қосулы кезде, келесі параметрлерді экспозицияның өлшенген мәнін өзгертпестен реттеуге болады:
Режим | Параметр |
---|---|
P | Ысырма жылдамдығы мен апертура (икемді бағдарлама; 0 Икемді бағдарлама) |
S | Ысырма жылдамдығы |
A | Апертура |
Жаңа мәндерді фотокамера дисплейлерінде тексеруге болады.
Экспозиция құлпы қосылып тұрғанда өлшеуді өзгерту мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Экспозицияны құлыптау үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану туралы ақпаратты A > c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ), 0 Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ)) қолданушы параметрінен қараңыз. On (half press) (Қосулы (жартылай басу)) таңдалса, ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда экспозиция құлыпталады.