Қосымша ML-L3 қашықтан басқару пультін пайдалану
Қосымша ML-L3 қашықтан басқару пультін (0 Басқа керек-жарақтар) фотокамера дірілін азайту немесе өздігінен түсірілетін портреттер үшін пайдалануға болады.
-
Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3)) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзіріндегі Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3)) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Қашықтан басқару пульті режимін таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз немесе фотокамераны тұрақты, тегіс бетке қойыңыз.
-
Фотосурет түсіріңіз.
5 м немесе азырақ қашықтықтан ML-L3 таратқышын фотокамерадағы инфрақызыл қабылдағышқа бағыттап, ML-L3 ысырманы босату түймешігін басыңыз. Кідіртілген қашықтан істейтін жарқыл режимінде өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы ысырма босатылатын кезге шамамен екі секундтай уақыт қалғанда жанады. Жылдам қашықтан басу пульті режимінде өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы ысырма босатылғаннан кейін жанады. Қашықтан айнаны көтеру режимінде ML-L3 ысырманы босату түймешігін бір рет басу айнаны көтереді; 30 с кейін немесе түймешік екінші рет басылғанда ысырма босатылады және өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтайды.
Суретке түсіру режимі
ML-L3 қосымша қашықтан басқару пульті арқылы түсірілетін суреттер суретке түсіру режимінің дискі арқылы таңдалған параметрге қарамастан бір кадрға ілгерілеу режимінде түсіріледі.
Қосымша ML-L3 қашықтан басқару пульттерін пайдаланудан бұрын
Қашықтан басқару пультін алғаш рет пайдаланудан бұрын батареяның оқшаулағыш мөлдір пластмасса қабатын алып тастаңыз.
Кірістірілген жарқылды пайдалану
Қолмен шығару режимдерінде (0 Қолмен жарқыл шығару режимдері) жарқылмен фотосурет түсіру алдында жарқылды көтеру үшін M (Y) түймешігін басыңыз және жарқылдың дайындығын білдіретін индикатордың (M) көрсетілуін күтіңіз (0 Кірістірілген жарқыл). Қашықтан басқару пульті режимі қосулы кезде жарқыл көтерілсе, суретке түсіру үзіледі. Жарқыл қажет болса, фотокамера ML-L3 ысырманы босату түймешігіне жарқыл зарядталғанда ғана жауап береді. Жарқылды автоматты шығару режимдерінде (0 Автоматты жарқыл шығару режимдері) жарқыл қашықтан басқару пульті режимі таңдалған кезде зарядтала бастайды; зарядталғаннан кейін жарқыл қажет кезде автоматты түрде шығады және жанады.
Қызыл көз әсерін азайтуды қолдайтын жарқыл режимдерінде қызыл көз әсерін азайту шамы ысырма босатылуы алдында бір секундтай жанады. Кешіктірілген қашықтан істейтін жарқыл режимінде өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы екі секунд бойы, содан кейін ысырма босатылуы алдында бір секунд бойы жанатын қызыл көз әсерін азайту шамы жанады.
Қашықтан басқару пульті режимінде фокустау
Үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған болса, фотокамера фокусты үздіксіз реттемейді; дегенмен, таңдалған автофокус режиміне қарамастан, суретке түсіру алдында фотокамераның ысырманы босату түймешігін жартылай басу арқылы фокустауға болатынын ескеріңіз. Егер автоматты немесе әр кадр бойынша бақылағыш автофокустау таңдалған болса, я болмаса, фотокамера кешіктірілген немесе жылдам қашықтан басу пульті режимінде тікелей көріністе болса, фотокамера суретке түсіру алдында фокусты автоматты түрде реттейді; егер көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде фокустай алмаса, фотокамера ысырманы босатусыз күту режиміне оралады.
Қашықтан айнаны көтеру режимі
Айна көтеріліп тұрған кезде фотосуреттерді көріністапқышта және автофокуста жақтауға алу мүмкін емес, сондай-ақ, өлшеу орындалмайды.
Қашықтан басқару пульті режимінен шығу
c5 (Remote on duration (ML-L3) (Қашықтан басқару пультінің сигналын күту ұзақтығы (ML-L3)), 0 Remote on duration (ML-L3) (Қашықтан басқару пультінің сигналын күту ұзақтығы (ML-L3)) қолданушы параметрі үшін таңдалған уақытқа дейін фотосурет түсірілмесе, Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3)) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалса, екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру орындалса (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) немесе суретке түсіру параметрлері Reset photo shooting menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) (0 Reset photo shooting menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру)) арқылы қалпына келтірілсе, қашықтан басқару пульті режимінен автоматты түрде бас тартылады.
Ысырма түймешігін тағайындау
g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешігі) үшін Record movies (Бейнефильмдер жазу) таңдалған болса, тікелей көрініс селекторы 1 күйіне бұралған болса, ML-L3 қашықтан басқару пультін пайдалану мүмкін емес.
Көріністапқышты жабыңыз
Көріністапқыштан кіретін жарықтың фотосуреттерде көрінуіне немесе экспозицияға кедергі жасауына жол бермеу үшін резеңке көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен жауып қойыңыз (0 Көріністапқышты жабыңыз).
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
- Фотокамера қашықтан басқару пультінен сигналды күтіп күту режимінде қалатын уақыт ұзақтығын таңдау, A > c5 (Remote on duration (ML-L3) (Қашықтан басқару пультінің сигналын күту ұзақтығы (ML-L3)); 0 Remote on duration (ML-L3) (Қашықтан басқару пультінің сигналын күту ұзақтығы (ML-L3)) қолданушы параметрінен қараңыз.
- Қашықтан басқару пульті пайдаланылғанда шығатын дыбыстық сигнал, B > Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) (0 Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері)) бөлімін қараңыз.