Толық өлшемде қарау

Сурет нобайын қарау

Күнтізбені қарау

Толық өлшемде қарау

Фотосуреттерді қарау үшін K түймешігін басыңыз. Мониторда ең соңғы фотосурет көрсетіледі. Қосымша суреттерді солға немесе оңға шерту, я болмаса 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы көрсетуге болады; ағымдағы фотосурет туралы қосымша ақпаратты көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (0 Фотосурет туралы мәлімет).

K түймешігі

Сурет нобайын қарау

Бірнеше кескінді көру үшін сурет толық өлшемде көрсетілгенде W (Z) түймешігін басыңыз. W (Z) түймешігін басқан сайын кескіндердің саны 4, 9, 72 болып өзгереді және X түймешігін әр басқанда азаяды. Жоғары немесе төмен жүгірту үшін сенсорлы экранда саусақты сырғытыңыз, я болмаса, кескіндерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.

W (Z) түймешігі

Күнтізбені қарау

72 кескін көрсетілген кезде таңдалған күні түсірілген кескіндерді көру үшін W (Z) түймешігін басыңыз.

W (Z) түймешігі

Күндер тізімінде күндерді белгілеу үшін сенсорлы экранды немесе мульти селекторды пайдаланыңыз; таңдалған күні түсірілген суреттер сурет нобайларының тізімінде көрсетіледі. J немесе W (Z) түймешігін басқанда жүгіргі сурет нобайлары тізіміне орналастырылады, мұнда толық өлшемде қарау, ойнатуды масштабтау (0 Жақыннан көру: Ойнатуды масштабтау), қорғау (0 Фотосуреттерді жойылудан қорғау) немесе жою (0 Фотосуреттерді жою) үшін кескіндерді таңдау үшін мульти селекторды пайдалануға, я болмаса, қазіргі уақытта белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұруға болады. Күндер тізіміне оралу үшін W (Z) түймешігін басыңыз. 72 кадрды қараудан шығу үшін жүгіргі күндер тізімінде болғанда X (T) түймешігін басыңыз.

Күндер тізімі

Сурет нобайларының тізімі

Rotate tall (Тік суреттерді бұру)

«Тік» (портреттік бағдардағы) фотосуреттерді тік бағдарда көрсету үшін қарау мәзірінде Rotate tall (Тік суреттерді бұру) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (0 Rotate tall (Тік суреттерді бұру)).

Кескінді тексере қарау

Қарау мәзірінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда (0 Image review (Кескінді тексере қарау)), фотосуреттер түсірілгеннен кейін мониторда автоматты түрде көрсетіледі (фотокамера әлдеқашан дұрыс бағдарда тұрғандықтан, кескіндер кескінді тексере қарау кезінде автоматты түрде бұрылмайды). Үздіксіз суретке түсіру режимінде, көрсету суретке түсіру аяқталғанда басталады (ағымдағы қатардағы бірінші фотосурет көрсетіледі).

Сенсорлы экранды пайдалану

Қарау кезінде сенсорлы мониторды мыналар үшін пайдалануға болады:


Басқа кескіндерді көру

Басқа кескіндерді көру үшін солға немесе оңға шертіңіз.


Басқа кескіндерге жылдам жүгірту

Толық өлшемді қарау режимінде кадрдың ілгерілеу жолағын көрсету үшін дисплейдің төменгі жағын түртуге, содан кейін басқа кескіндерге жылдам жүгірту үшін саусақпен солға немесе оңға шертуге болады.

Кадрдың ілгерілеу жолағы


Ұлғайту (тек фотосуреттер)

Ұлғайту үшін созу және шымшу қимылдарын пайдаланыңыз, әрі жүгірту үшін сырғытыңыз (0 Жақыннан көру: Playback Zoom (Ойнатуды масштабтау)). Сондай-ақ, толық өлшемде қараудан ұлғайту немесе масштабтауды болдырмау үшін дисплейді екі рет жылдам нұқуға болады.


Сурет нобайларын көру

Сурет нобайлары көрінісінен «кішірейту» үшін (0 Сурет нобайын қарау) толық өлшемде қарау режимінде шымшу қимылын пайдаланыңыз. Көрсетілетін кескіндер санын 4, 9 және 72 кадр арасынан таңдау үшін шымшу және созу қимылдарын пайдаланыңыз.


Бейнефильмдерді көру

Бейнефильмді ойнатуды бастау үшін экрандағы бағыттаушыны нұқыңыз (бейнефильмдер 1 белгішесімен көрсетіледі). Кідірту немесе жалғастыру үшін дисплейді нұқыңыз, я болмаса, толық өлшемде қарауға шығу үшін 6 пәрменін нұқыңыз (бейнефильм ойнату дисплейіндегі кейбір белгішелер сенсорлы экрандағы әрекеттерге реакция көрсетпейтінін ескеріңіз).

Бағыттаушы

i түймешігі

Толық өлшемде қарау немесе сурет нобайын қарау кезінде i түймешігін басу төменде тізілген параметрлерді көрсетеді. Параметрлерді сенсорлы экранды немесе мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып таңдаңыз.

  • Rating (Баға): ағымдағы суретке баға беріңіз (0 Жекелеген суреттерге баға беру).
  • Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) (тек фотосуреттер): смарт құрылғыға кері жүктейтін фотосуреттерді таңдау.
  • Retouch (Өңдеу) (тек фотосуреттер): ағымдағы фотосуреттің өңделген көшірмесін жасау үшін өңдеу мәзіріндегі параметрлерді (0 N Өңдеу мәзірі: Өңделген көшірмелер жасау) пайдаланыңыз.
  • Volume control (Дыбыс деңгейін басқару) (тек бейнефильмдер): бейнефильмдер үшін ойнатудың дыбыс деңгейін реттеу.
  • Edit movie (Бейнефильмді өңдеу) (тек бейнефильмдер): бейнефильмді өңдеу мәзіріндегі параметрлерді пайдаланып бейнефильмдерді өңдеу (0 Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу). Сондай-ақ, бейнефильмдерді бейнефильм қарау кідіртілгенде i түймешігін басу арқылы өңдеуге болады.
  • Choose folder (Қалтаны таңдау): қарау үшін қалтаны таңдаңыз. Қалтаны белгілеңіз және белгіленген қалтадағы суреттерді көру үшін J түймешігін басыңыз.

i түймешігі

i түймешігінің мәзірінен шығу және қарауға оралу үшін i түймешігін қайтадан басыңыз.