K (Choose color temp. (Түс температурасын таңдау)) параметрінен басқа параметрлерде ақ түс балансын жарық көзінің түсіндегі өзгерістерді түзету немесе кескінге түс реңкін әдейі енгізу үшін «дәл реттеуге» болады.

Ақ түс балансы мәзірі

Фотосурет түсіру мәзірінен ақ түс балансын дәл реттеу үшін White balance (Ақ түс балансы) параметрін таңдап, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Дәл реттеу параметрлерін көрсетіңіз.

    Ақ түс балансы параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз (егер қосымша мәзір көрсетілсе, қажетті параметрді таңдаңыз және дәл реттеу параметрлерін көрсету үшін 2 түймешігін қайтадан басыңыз; ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу туралы ақпаратты «Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу» бөлімінен қараңыз, 0 Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу).

  2. Ақ түс балансын дәл реттеңіз.

    Ақ түс балансын дәл реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Ақ түс балансын сары (A)–көк (B) білігінде 0,5 қадамдарымен және жасыл (G)–қою қызыл (M) білігінде 0,25 қадамдарымен дәл реттеуге болады. Көлденең (сары-көк) білік түс температурасына сәйкес келеді, ал тік (жасыл-қою қызыл) білікте сәйкес түс түзетілімі (CC) сүзгілеріне ұқсас әсерлер бар. Көлденең білік шамамен 5 майредке тең қадамдармен, тік білік шамамен 0,05 диффузиялық тығыздық бірліктерінің қадамдарымен белгіленген.

    Координаттар

    Реттеу

  3. J түймешігін басыңыз.

    J түймешігін басып параметрлерді сақтаңыз, сөйтіп фотосурет түсіру мәзіріне оралыңыз.

L (U) түймешігі

K (Choose color temp.(Түс температурасын таңдау)) және L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) параметрлерінен басқа параметрлерде сары (A)–көк (B) білігінде ақ түс балансын дәл реттеу үшін L (U) түймешігін пайдалануға болады (0 Ақ түс балансы мәзірі; L параметрі таңдалған кезде ақ түс балансын дәл реттеу үшін «Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу» бөлімінде сипатталғандай суретке түсіру мәзірлерін пайдаланыңыз, 0 Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу). Ақ түс балансын 0,5 қадамдарымен (әр толық қадам шамамен 5 майредке тең) дәл реттеу үшін L (U) түймешігін басыңыз және қосымша басқару дискін қажетті мән көрсетілгенше бұраңыз. Қосымша басқару дискін солға бұрау сары түстің (А) көлемін арттырады. Қосымша басқару дискін оңға бұрау көк түстің (В) көлемін арттырады.

L (U) түймешігі

Қосымша басқару дискі

Басқару панелі

Тікелей көрініс

Тікелей көріністе таңдалған мән мониторда көрсетіледі.

Ақ түс балансын дәл реттеу

Ақ түс балансы дәл реттелген болса, ақ түс балансы параметрінің жанында жұлдызша («E») көрсетіледі. Дәл реттеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы екенін ескеріңіз. Мысалы, ақ түс балансы үшін J (қызу бөлетін шам) сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске жылжыту фотосуреттерді сәл ғана «суықтау» етеді, бірақ шын мәнінде оларды көк етпейді.

«Майред»

Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғарырақ түс температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K өзгерісі түсте 6000 K мəнімен салыстырғанда 3000 K мəнінде əлдеқайда үлкенірек өзгеріске əкеледі. Түс температурасының инверсиясын 10 6 көбейту арқылы есептелетін майред — осындай құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік болып табылады. Мыс.:

  • 4000 K–3000 K (айырмашылық: 1000 K) = 83 майред
  • 7000 K-6000 K (айырмашылық: 1000 K) = 24 майред

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Ағымдағы мәнді «жақтауға алу» үшін ақ түс балансын өзгерту туралы ақпаратты «Брекетинг» (0 Ақ түс балансының брекетингі) бөлімінен қараңыз.