Кірістірілген жарқылды басқару режимі
P, S, A және M режимдерінде кірістірілген жарқыл үшін кірістірілген жарқылды басқару режимін фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (built-in) (Кірістірілген жарқылды басқару режимі (кірістірілген)) параметрін пайдаланып таңдауға болады. Қолжетімді параметрлер таңдалған элементке қарай өзгеріп отырады.
«Саны»
Repeating Flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл) > Times (Саны) үшін қолжетімді параметрлерді жарқылдың шығысы анықтайды.
Шығыс | «Times (Саны)» үшін қолжетімді параметрлер |
---|---|
1/4 | 2 |
1/8 | 2–5 |
1/16 | 2-10 |
1/32 | 2–10, 15 |
1/64 | 2–10, 15, 20, 25 |
1/128 | 2–10, 15, 20, 25, 30, 35 |
Қосымша жарқыл бөліктері үшін жарқылды басқару
Қосымша жарқыл бөлігі жалғанған кезде фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (built-in) (Кірістірілген жарқылды басқару (кірістірілген)) параметрі Flash control mode (external) (Кірістірілген жарқылды басқару (сыртқы)) болып өзгереді.
Кірістірілген жарқылды басқару режимі
i-TTL жарқылды басқаруда фотокамера жарқыл деңгейін негізгі жарқыл жануының тура алдында шығарылатын көрінбейтін дерлік алдын ала жарқылдардың (монитордың алдын ала жарқылдары) қатарынан шағылысқан жарықтың негізінде орнатады. Фотокамера мына i-TTL кірістірілген жарқылды басқару режимдеріне қолдау көрсетеді:
- Сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл: кадрдың барлық аумақтарында нысандардан шағылысқан алдын ала жарқылдарды 180 мың нүктелі (шамамен 180000 нүкте) RGB сенсоры қабылдап, негізгі нысан мен қоршаған ортадағы фондық жарықтандыру арасында табиғи баланс болуы мақсатында жарқыл шығысын реттеу үшін талдайды. G, E немесе D түріне жататын объектив пайдаланылса, қашықтық мәліметі жарқыл шығысын есептегенде қосылады. Нүктелі экспоөлшегіш пайдаланылғанда қол жетімді емес.
- Сандық айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL толықтырғыш жарқыл: кадрда жарықты стандартты деңгейге апару үшін реттелген жарқыл шығысы; артқы фонның жарықтығы ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы нәрселерге қарағанда көбірек мән берілуі тиіс суреттер үшін немесе экспозиция түзетілімі пайдаланылған кезде ұсынылады. Сандық айналы фотокамераның стандартты i-TTL толықтырғыш жарқылы нүктелі экспоөлшегіш таңдалғанда автоматты түрде іске қосылады.
Апертура, сезімталдық және жарқыл ауқымы
Жарқылдың ауқымы сезімталдық мәніне (ISO баламасына) және апертураға қарай әр түрлі болады.
Мына ISO баламаларындағы апертура | Болжалды ауқым | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
100 | 200 | 400 | 800 | 1600 | 3200 | 6400 | 12800 | m |
1,4 | 2 | 2,8 | 4 | 5,6 | 8 | 11 | 16 | 0,7-8,5 |
2 | 2,8 | 4 | 5,6 | 8 | 11 | 16 | 22 | 0,6-6,0 |
2,8 | 4 | 5,6 | 8 | 11 | 16 | 22 | 32 | 0,6-4,2 |
4 | 5,6 | 8 | 11 | 16 | 22 | 32 | — | 0,6-3,0 |
5,6 | 8 | 11 | 16 | 22 | 32 | — | — | 0,6-2,1 |
8 | 11 | 16 | 22 | 32 | — | — | — | 0,6-1,5 |
11 | 16 | 22 | 32 | — | — | — | — | 0,6-1,1 |
16 | 22 | 32 | — | — | — | — | — | 0,6-0,8 |
P режимінде максималды апертура (минималды f саны) төменде көрсетілгендей ISO сезімталдыққа сай шектеледі:
Келесі ISO баламасындағы максималды апертура: | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
100 | 200 | 400 | 800 | 1600 | 3200 | 6400 | 12800 |
2,8 | 3,5 | 4 | 5 | 5,6 | 7,1 | 8 | 10 |
Объективтің максималды апертурасы жоғарыда көрсетілгеннен кішірек болса, апертураның максималды мәні объективтің максималды апертурасы болады.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мыналар туралы ақпарат алу үшін:
- Фотосуретті қайта жиектеу алдында өлшенетін нысан үшін жарқыл мәнін құлыптау, «Жарқыл қуатының құлпы» (0 Жарқыл қуатының құлпы) бөлімін қараңыз.
- ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондауды және жарқылды синхрондау жылдамдығын таңдауды қосу немесе өшіру, A > e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы), 0 Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрін қараңыз.
- Жарқылды пайдаланғанда қолжетімді ең баяу ысырма жылдамдығын таңдау, A > e2 (Flash shutter speed (Жарқылдың ысырма жылдамдығы), 0 Flash shutter speed (Жарқылдың ысырма жылдамдығы)) қолданушы параметрін қараңыз.