Фотосуреттерді жойылудан қорғау
Толық өлшемде қарау, масштабтау, сурет нобайын және күнтізбені қарау режимдерінде фотосуреттерді кездейсоқ өшіріліп қалудан қорғау үшін L (U) түймешігін пайдалануға болады. Қорғалған файлдарды O (Q) түймешігін немесе қарау мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланып өшіру мүмкін емес. Жад картасы пішімделген кезде қорғалған кескіндер өшірілетінін ескеріңіз (0 Format memory card (Жад картасын пішімдеу)).
Фотосуретті қорғау үшін:
-
Кескінді таңдаңыз.
Кескінді толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау режимінде көрсетіңіз, я болмаса, оны сурет нобайлары тізімінде белгілеңіз.
-
L (U) түймешігін басыңыз.
Фотосурет P белгішесімен белгіленеді. Жою мүмкін болуы үшін фотосуреттен қорғауды алу үшін фотосуретті көрсетіңіз немесе сурет нобайлары тізімінде оны белгілеңіз, содан кейін L (U) түймешігін басыңыз.
Барлық кескіндердің қорғауын алып тастау
Playback folder (Ойнату қалтасы) мәзірінде қазіргі уақытта таңдалған қалтадағы немесе қалталардағы барлық кескіндерден қорғауды алу үшін ойнату кезінде L (U) және O (Q) түймешіктерін бірге шамамен екі секунд бойы басыңыз.