Жад карталарын бірінші рет пайдалану алдында немесе басқа құрылғыларда пішімдегеннен кейін пішімдеу керек. Пішімдеуді бастау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз. Пішімдеу картадағы бүкіл суреттерді және басқа деректерді біржола жоятынын ескеріңіз. Пішімдеу алдында қажетінше сақтық көшірмелерді жасаңыз.
Пішімдеу кезінде
Пішімдеу кезінде фотокамераны өшірмеңіз немесе жад карталарын алмаңыз.
Екі түймешікті басу арқылы пішімдеу
Сондай-ақ жад карталарын O (Q) және S (Q) түймешіктерін екі секундтан көбірек басу арқылы пішімдеуге болады.