Жиі пайдаланылатын параметрлерді режимді таңдау дискіндегі U1 немесе U2 күйлеріне тағайындаңыз.
Saving User Settings (Қолданушы параметрлерін сақтау)
-
Режимді таңдаңыз.
Режимді таңдау дискін қажетті режимге айналдырыңыз.
-
Параметрлерді реттеңіз.
Икемді бағдарламаға (P режимі), ысырма жылдамдығы (S жəне M режимдері), апертураға (A жəне M режимдеріне), экспозиция мен жарқыл түзетіліміне, жарқыл режиміне, фокустау нүктесіне, өлшеуге, автофокусқа жəне АФ аумағы режимдеріне, брекетингке, əрі фотосурет түсіру, бейнефильм түсіру жəне қолданушы параметрлері мəзірлеріндегі параметрлерге қалаған реттеулер жасаңыз (0 C Фотосурет түсіру мəзірі: суретке түсіру параметрлері, 1 Бейнефильм түсіру мəзірі: бейнефильм түсіру параметрлері, A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дəл реттеу).
-
Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) пәрменін таңдаңыз.
Мәзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз. Баптау мәзірінде Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін таңдаңыз.
Save to U1 (U1 ішіне сақтау) немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Қолданушы параметрлерін сақтаңыз.
1 және 2 қадамдарында таңдалған параметрлерді 4-қадамда таңдалған режимді таңдау дискі күйіне тағайындау үшін Save settings (Параметрлерді сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Қолданушы параметрлері
Келесілерді U1 немесе U2 күйіне сақтау мүмкін емес.
Фотосурет түсіру мәзірі:
- Storage folder (Сақтау қалтасы)
- Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
- Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
- Remote control mode (ML-L3) (Қашықтан басқару пульті режимі (ML-L3))
- Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
- Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру)
Бейнефильм түсіру мәзірі:
- Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
- Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)
- Time-lapse movie (Даралай түсірілетін бейнефильм)
Қолданушы параметрлерінің мәзірі:
- a10 (Manual focus ring in AF mode (АФ режиміндегі қолмен реттелетін фокус сақинасы))
- d9 (Optical VR (Оптикалық ДА))
Қолданушы параметрлерін шақыру
Жай режимді таңдау дискін Save to U1 (U1 ішіне сақтау) параметріне тағайындалған параметрлерлді шақыру үшін U1 күйіне немесе Save to U2 (U2 ішіне сақтау) параметріне тағайындалған параметрлерді шақыру үшін U2 күйіне айналдырыңыз.