20 объектив түріне дейін фокусты дəл реттеңіз. Тек қажет кезде пайдаланыңыз; АФ реттеу жағдайлардың көпшілігінде ұсынылмайды және ол қалыпты фокустауға кедергі келтіруі мүмкін. Автоматты түрде дәл реттеу тікелей көріністе қолжетімді (0 АФ автоматты түрде дәл реттеу). Дәл реттеуді жиі пайдаланатын фокустау қашықтығында орындау ұсынылады; мысалы, фокусты реттеуді қысқа фокустау қашықтығында орындасаңыз, ұзынырақ қашықтықтарда оның тиімділігі азырақ екенін анықтауыңыз мүмкін.
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде автофокусқа реттеу қолданылмайды.
Сақталған мән
Обьективтің әр түрі үшін тек бір ғана мәнді сақтауға болады. Егер телескопиялық түрлендіргіш пайдаланылса, объектив пен телескопиялық түрлендіргіштің әр тіркесімі үшін бөлек мәндерді сақтауға болады.
АФ автоматты түрде дəл реттеу
АФ автоматты түрде дәл реттеу төменде сипатталғандай орындалады.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз және фотокамераны фотокамераның фокустық жазықтығына параллель, тегіс, жоғары контрастты нысанға бағыттаңыз. АФ автоматты түрде дәл реттеу максималды апертурада ең жақсы жұмыс істейтінін және күңгірт қоршаған ортада жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Тікелей көріністі бастаңыз.
Тікелей көрініс селекторын C күйіне айналдырып, a түймешігін басыңыз.
-
Фокустау параметрлерін реттеңіз.
Фокус режимінің ауыстырғышын AF режиміне айналдырыңыз, сөйтіп келесілерді таңдау үшін АФ режимі түймешігін және басқару дискілерін пайдаланыңыз:
- Автофокус режимі: AF-S
- АФ аумағының режимі: $ (кең) немесе % (қалыпты)
-
Орталық фокустау нүктесін таңдаңыз.
Орталық фокустау нүктесін таңдау үшін J түймешігін басыңыз.
-
Фокустаңыз.
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз, содан кейін нысан фокуста екенін растау үшін объективтегі көріністі ұлғайтыңыз. Қажет болса, фокусты қолмен реттеуге болады.
-
АФ автоматты түрде дәл реттеуді орындаңыз.
АФ режимі және бейнефильмді жазу түймешіктерін бір уақытта басып, 7-қадамда көрсетілген тілқатысу терезесі көрсетілгенше ұстап тұрыңыз (бұған екі секундтан сәл көбірек уақыт кетуі мүмкін).
-
Жаңа мәнді сақтаңыз.
Ағымдағы объективке арналған АФ дәл реттеу мәнін сақталған мәндер тізіміне қосу үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз (тек кірістірілген микропроцессоры бар объективтер). Обьективтің әр түрі үшін тек бір мәнді сақтауға болатынын ескеріңіз.
-
АФ дәл реттеуді қосыңыз.
Фотокамераның баптау мәзірінде AF fine-tune (АФ дәл реттеу) > AF fine-tune (On/Off) (АФ дәл реттеу (Қосулы/Өшірулі)) тармағын таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) күйін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.