On (Қосулы) күйі таңдалса, фотокамера қосылғанда мониторда ақпараттық дисплей көрінеді. c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) > Information display (Ақпараттық дисплей) қолданушы параметрі үшін таңдалған уақыт бойы әрекеттер орындалмаса, дисплей өшеді, бірақ оны ысырманы босату түймешігін жартылай басу, содан кейін босату арқылы қалпына келтіруге болады. Off (Өшірулі) күйі таңдалса, ақпараттық дисплейді R түймешігін басу арқылы көруге болады.