Егер Auto (Авто) (AUTO) параметрі таңдалса, ақпараттық дисплейдегі әріптердің түсі фонмен контрастты сақтау үшін қара түстен ақ түске немесе ақ түстен қара түске автоматты түрде өзгереді. Әрқашан бір түсті әріптерді пайдалану үшін Manual (Қолмен) параметрін таңдап, Dark on light (Жарықта күңгірт) (B; қара әріптер) немесе Light on dark (Қараңғыда жарық) (W; ақ әріптер) режимін таңдаңыз. Монитор жарықтығы таңдалған мәтін түсімен ең үлкен контраст үшін автоматты түрде реттеледі.