Үлгі кескінге қарап монитордың түс балансын реттеу үшін мульти селекторды төменде көрсетілгендей пайдаланыңыз. Үлгі кескін — соңғы түсірілген фотосурет немесе ойнату режимінде, соңғы көрсетілген фотосурет; басқа кескінді таңдау үшін W (Z) түймешігін басыңыз және сурет нобайлары тізімінен кескінді таңдаңыз (белгіленген кескінді толық өлшемде көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Егер жад картасында фотосуреттер болмаса, үлгі кескіннің орнына сұр жиегі бар бос кадр көрсетіледі. Реттеулер аяқталғанда шығу үшін J түймешігін басыңыз. Монитордың түс балансы тек мәзірлерге, ойнатуға, әрі тікелей көрініс кезінде көрсетілетін объектив көрінісіне қолданылады; фотокамерамен түсірілген суреттерге әсер етілмейді.
1 | Жасыл түс көлемін көбейту |
---|---|
2 | Көк түс көлемін көбейту |
3 | Сары түстің көлемін көбейту |
4 | Қою қызыл түс көлемін көбейту |