Бұл параметр фотокамераға Eye-Fi жад картасы (үшінші тарап жеткізушілерде бөлек сатылады) салынған кезде ғана көрсетіледі. Фотосуреттерді алдын ала таңдалған межелі орынға кері жүктеу үшін Enable (Қосу) күйін таңдаңыз. Сигнал күші жеткіліксіз болса, суреттер кері жүктелмейтінін ескеріңіз. Суреттерді Eye-Fi арқылы кері жүктеу алдында Airplane mode (Ұшақ режимі) (0 Airplane Mode (Ұшақ режимі)) және Bluetooth > Network connection (Желілік қосылым) (0 Bluetooth) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.
Сымсыз құрылғыларға қатысты барлық жергілікті заңдарды сақтаңыз және сымсыз құрылғыларға тыйым салынған жерде Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.
Eye-Fi карталары
Disable (Өшіру) күйі таңдалғанда Eye-Fi карталары сымсыз сигналдарды шығаруы мүмкін. Disable (Өшіру) күйі таңдалғанда көрсетілетін g белгішесі фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайтынын көрсетеді (0 g: Қате); фотокамераны өшіріп, картаны алыңыз.
Eye-Fi картасын пайдаланып жатқанда c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 c2: Standby Timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ мəндерді таңдаңыз.
Eye-Fi картасымен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықты қараңыз, сөйтіп барлық сұрауларды өндірушіге жіберіңіз. Фотокамераны Eye-Fi карталарын қосу және өшіру үшін пайдалануға болады, бірақ басқа Eye-Fi функцияларын қолдамауы мүмкін.
Ұшақ режимі (0 Airplane Mode (Ұшақ режимі))
Ұшақ режимін таңдау Eye-Fi арқылы кері жүктеуді өшіреді. Eye-Fi арқылы кері жүктеуді жалғастыру үшін Eye-Fi upload (Eye-Fi арқылы кері жүктеу) үшін Enable (Қосу) күйін таңдау алдында Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.
Салынған кезде Eye-Fi картасының күйі ақпараттық дисплейдегі белгіше арқылы көрсетіледі:
- d: Eye-Fi арқылы кері жүктеу өшірілген.
- e: Eye-Fi арқылы кері жүктеу қосылған, бірақ кері жүктеу үшін суреттер қолжетімді емес.
- f (тұрақты): Eye-Fi арқылы кері жүктеу қосылған; кері жүктеудің басталуы күтілуде.
- f (анимациялық): Eye-Fi арқылы кері жүктеу қосылған; деректер кері жүктелуде.
- g: Қате — фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайды. Егер басқару панелінде немесе көріністапқышта жыпылықтайтын W көрінсе, Eye-Fi картасының бағдарлама жасақтамасы жаңартылған екенін тексеріңіз; егер картаның бағдарлама жасақтамасы жаңартылғаннан кейін қате қалса, басқа картаны салыңыз, я болмаса, ішіндегі барлық суреттерді компьютерге немесе басқа сақтау құрылғысына көшіруден кейін фотокамерадағы картаны пішімдеңіз. Егер W индикаторы жыпылықтап тұрмаса, суреттерді әдеттегідей түсіруге болады, бірақ Eye-Fi параметрлерін өзгерте алмауыңыз мүмкін.
Қолдау көрсетілетін Eye-Fi карталары
Кейбір елдерде немесе аймақтарда кейбір карталар қолжетімді болмауы мүмкін; қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз. Eye-Fi карталары тек сатып алған елде пайдалануға арналған. Eye-Fi картасының бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.