- D7500 онлайн нұсқаулық
- Қарау туралы қосымша ақпарат
- Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
Толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген кескінді ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз немесе дисплейді екі рет жылдам нұқыңыз. Масштабтау қосулы кезде мына әрекеттерді орындауға болады:
- Ұлғайту немесе кішірейту/кескіннің өзге аумақтарын көру
-
Ең көбі шамамен 34× (үлкен кескіндер), 26× (24 × 16/DX пішіміндегі үлкен кескіндер) немесе 17× (кішкентай кескіндер) мәніне дейін ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз немесе созу қимылдарын пайдаланыңыз. Кішірейту үшін W (Z) түймешігін басыңыз немесе шымшу қимылдарын пайдаланыңыз. Фотосурет ұлғайтылып тұрғанда мониторда көрінбейтін кескін аумақтарын көру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе саусақты экранда сырғытыңыз. Кадрдың басқа аумақтарына жылдам жүгірту үшін мульти селекторды басып тұрыңыз. Масштабтау арақатынасы өзгертілген кезде шарлау терезесі көрсетіледі; мониторда қазіргі уақытта көрініп тұрған аумақ сары жиекпен көрсетіледі. Шарлау терезесінің астындағы жолақ масштабтау арақатынасын көрсетеді; 1 : 1.
- Кескінді кесу
- Кескінді мониторда қазіргі уақытта көрінетін аумаққа кесу үшін i түймешігін басыңыз, Quick crop (Жылдам кесу) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. RGB гистограммасы көрсетілгенде Quick crop (Жылдам кесу) қолжетімді емес екенін ескеріңіз (0 Ойнатуды масштабтау).
- Беттерді таңдау
-
Масштабтау кезінде анықталған беттер шарлау терезесінде ақ жиектермен көрсетіледі. Басқа беттерді көру үшін қосымша басқару дискін бұраңыз немесе экрандағы бағыттауышты нұқыңыз.
- Басқа кескіндерді көру
- Ағымдағы масштабтау арақатынасымен басқа фотосуреттерде бір орынды көру үшін басты басқару дискін бұраңыз, я болмаса, x немесе y белгішесін нұқыңыз. Ойнатуды масштабтау бейнефильм көрсетілген кезде тоқтатылады.
- Қорғау күйін өзгерту
- Кескіндерді қорғау немесе олардан қорғауды алу үшін L (U) түймешігін басыңыз (0 Фотосуреттерді жойылудан қорғау).
- Суретке түсіру режиміне оралу
- Суретке түсіру режимінен шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе K түймешігін басыңыз.
- Мәзірлерді көрсету
- Мәзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз (0 Мәзір нұсқаулығы).