Picture Control режимдері
(Тек P, S, A және M режимдері)
P, S, A және M режимдерінде сіз таңдаған Picture Control суреттерді өңдеу әдісін анықтайды (басқа режимдерде фотокамера Picture Control режимін автоматты түрде таңдайды).
Picture Control режимін таңдау
Нысанға немесе көрініс түріне сай Picture Control режимін таңдаңыз.
-
Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) пәрменін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзіріндегі Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Picture Control режимін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) параметрін пайдаланып бар Picture Control режимдеріне өзгертулер енгізу арқылы жасалады (0 Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару), Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)). Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін бір үлгідегі басқа фотокамералар мен үйлесімді бағдарламалық жасақтама арасында ортақ пайдалану үшін жад картасына сақтауға болады.
Picture Control индикаторы
Ағымдағы Picture Control дисплейде көрсетіледі.
Picture Control режимдерін өзгерту
Бар алдын-ала енгізілген және қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін (0 Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері) көрініске немесе қолданушының шығармашылық ниетіне сәйкес келетіндей өзгертуге болады. Quick adjust (Жылдам реттеу) көмегімен параметрлердің теңгерілген тіркесімін таңдаңыз немесе жеке параметрлерді қолмен реттеңіз.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Қажет Picture Control режимін Picture Control режимдерінің тізімінде (0 Picture Control режимін таңдау) белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Параметрлерді реттеңіз.
Қажетті параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және 1 қадамдарымен мәнді таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, я болмаса 0,25 қадамдарымен мәнді таңдау үшін қосымша басқару дискін бұраңыз (0 Picture Control параметрлері); қолжетімді параметрлер таңдалған Picture Control режиміне қарай өзгеріп отырады. Осы қадамды барлық баптаулар реттелгенше қайталай беріңіз немесе Quick adjust (Жылдам реттеу) пәрменін белгілеу және 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы параметрлердің алдын ала орнатылған тіркесімін таңдаңыз. Әдепкі параметрлерді O (Q) түймешігін басу арқылы қалпына келтіруге болады.
-
J түймешігін басыңыз.
Бастапқы Picture Control режимдерінің өзгертулері
Әдепкі параметрлері өзгертілген Picture Control режимдері жұлдызшамен («E») көрсетіледі.
Picture Control параметрлері
Quick adjust (Жылдам реттеу)
Таңдалған Picture Control режимінің әсерін өшіріңіз немесе үлкейтіңіз (бұл қолмен жасалған барлық реттеулерді қалпына келтіретінін ескеріңіз). Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінде қолжетімді емес (0 Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері).
Қолмен жасалатын реттеулер
«n Автоматты» Picture Control режимі
Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін n Auto (Автоматты) күйі таңдалса, параметрлерді A-2 - A+2 ауқымында реттеуге болады. Қосымша басқару дискін бұраудың әсері жоқ.
«А» (Авто)
Автоматты анық ету, анықтық, контраст және қанығуы нәтижелері экспозицияға және нысанның кадрдағы күйіне қарай өзгеріп отырады. Ең жақсы нәтижелер алу үшін G, E немесе D объективін пайдаланыңыз.
Қол режимі және автоматты режим арасында ауысу
Анық ету, анықтық, контраст және қанығуы үшін қол және автоматты (A) параметрлер арасында ауысу үшін X (T) түймешігін басыңыз.
Алдыңғы параметрлер
Picture Control параметрлері мәзірінде көрсетілген мәннің астындағы j индикаторы параметрдің алдыңғы мәнін көрсетеді. Бұны параметрлерді реттеген кезде анықтама ретінде пайдаланыңыз.
Сүзгі әсерлері (тек монохромды)
Осы мәзірдегі параметрлер монохромды фотосуреттердегі түс сүзгілерінің әсерін симуляциялайды. Келесі сүзгі әсерлері қол жетімді:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
Y | Сары | Контрастты күшейтеді. Пейзаж фотосуреттерінде аспанның жарықтығының реңкін азайту үшін пайдалануға болады. Сарғылт түс сарыға, ал қызыл түс сарғылтқа қарағанда көбірек контраст береді. |
O | Сарғылт | |
R | Қызыл | |
G | Жасыл | Тері реңктерін жұмсартады. Портреттер үшін пайдалануға болады. |
Toning (Реңк беру) (Monochrome Only (Тек монохромды))
Toning (Реңк беру) таңдалған кезде 3 түймешігі басылса, қанығуы параметрлері көрсетіледі. Қанығуын реттеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. B&W (Қара және ақ түс) таңдалған кезде қанығуын басқару қол жетімді емес.