Бейнефильмдерді тікелей көріністе жазуға болады.

  1. Тікелей көрініс селекторын 1 күйіне (бейнефильм тікелей көрінісі) бұраңыз.

    Тікелей көрініс селекторы

  2. a түймешігін басыңыз.

    Айна көтеріледі және объективтегі көрініс экспозицияның әсерлері үшін өзгертілген күйде фотокамераның мониторында көрсетіледі. Нысан көріністапқышта енді көрінбейді.

    a түймешігі

    0 белгішесі

    0 белгішесі (0 Тікелей көрініс дисплейі: Бейнефильмдер) бейнефильмдерді жазуға болмайтынын білдіреді.

    Ақ түс балансы

    P, S, A және M режимдерінде ақ түс балансын кез келген уақытта L (U) түймешігін басу және басты басқару дискін бұрау арқылы орнатуға болады (0 White Balance (Ақ түс балансы)).

  3. Фокустаңыз.

    Бастапқы кадрды жақтауға алыңыз және фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз; «Тікелей көріністі масштабтауды алдын ала қарау» (0 Тікелей көріністі масштабтауды алдын ала қарау) бөлімінде сипатталғандай дәл фокустау үшін ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз. Бет басымдығы бар АФ режимі кезінде анықтауға болатын нысандар саны бейнефильмді жазу кезінде азаятынын ескеріңіз.

    Экспозиция

    Бейнефильм режимінде келесі экспозиция параметрлерін реттеуге болады:

      Апертура Ысырма жылдамдығы ISO сезімталдық
    P, S 1 2, 3
    A 2, 3
    M 3, 4
    Өзге суретке түсіру режимдері

    S режимінің экспозициясы P режиміне тең.

    ISO сезімталдықтың жоғарғы шегін бейнефильм түсіру мәзіріндегі ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) параметрін пайдаланып таңдауға болады (0 ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері)).

    ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін немесе ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (M режимі)) үшін таңдалған параметрге қарамастан, бейнефильм түсіру мәзірінде Electronic VR (Электрондық ДА) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кездегі жоғарғы шек ISO 51200 болады.

    Бейнефильм түсіру мәзірінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO control (mode M) (ISO автоматты түрде басқару (M режимі)) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, ISO сезімталдықтың жоғарғы шегін Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) параметрін пайдаланып таңдауға болады.

    M режимінде ысырма жылдамдығын 1/25 с және 1/8000 с арасындағы мәндерге орнатуға болады (ең баяу қолжетімді ысырма жылдамдығы кадр жылдамдығына қарай өзгеріп отырады; 0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы). Басқа режимдерде ысырма жылдамдығы автоматты түрде реттеледі. A немесе M режимінен басқа режимдерде нысан жарық көзінде артық немесе кем ұсталса, тікелей көріністі аяқтап, қайта бастаңыз немесе A режимін таңдап, апертураны реттеңіз.

  4. Жазуды бастаңыз.

    Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу индикаторы және қол жетімді уақыт мониторда көрсетіледі. Экспозицияны A AE-L/AF-L түймешігін басу арқылы құлыптауға болады (0 Автоэкспозиция құлпы) немесе экспозиция түзетілімін пайдаланып 1/3 ЭМ қадамдарымен ±3 ЭМ дейін өзгертуге болады (0 Экспозиция түзетілімі); нүктелі экспоөлшегіш қолжетімді емес. Автофокус режимінде фотокамераны ысырманы босату түймешігін жартылай басу немесе нысанды мониторда нұқу арқылы қайта фокустауға болады.

    Бейнефильмді жазу түймешігі

    Жазу индикаторы

    Қалған уақыты

    Дыбыс

    Фотокамера бейне мен дыбысты жаза алады; бейнефильмді жазу кезінде фотокамера алдындағы микрофонды жаппаңыз. Кірістірілген микрофон автофокус, дірілді азайту кезінде фотокамера немесе объектив, я болмаса, апертураға енгізілген өзгертулер тудырған дыбыстарды жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.

  5. Жазуды аяқтаңыз.

    Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз. Ең көп ұзақтыққа жеткенде немесе жад картасы толы кезде жазу автоматты түрде аяқталады (жад картасының жазу жылдамдығына байланысты суретке түсіру ең көп ұзақтыққа жетпей тұрып аяқталуы мүмкін екенін ескеріңіз).

  6. Тікелей көріністен шығыңыз.

    Тікелей көріністен шығу үшін a түймешігін басыңыз.

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Мыналар туралы ақпарат алу үшін:

  • Фотокамера бейнефильм режимінде қалай фокусталатынын таңдау, «Автофокус» (0 Автофокус) бөлімін қараңыз.
  • Объективтің фокустау сақинасын пайдаланып фокустау, «Қолмен реттелетін фокус» (0 Қолмен реттелетін фокус) бөлімін қараңыз.

i түймешігін пайдалану

Төменде тізілген параметрлерге бейнефильм режимінде i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Сенсорлы экранды пайдаланыңыз немесе мәзірді мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып шарлаңыз, элементтерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз, параметрлерді көру үшін 2 түймешігін басыңыз және белгіленген параметрді таңдау және i түймешігінің мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз. Түсіру режимінің дисплейіне шығу үшін i түймешігін қайтадан басыңыз.

i түймешігі

Сыртқы микрофонды пайдалану

Бейнефильмдер үшін дыбысты жазу үшін ME-1 қосымша стерео микрофонын немесе ME-W1 сымсыз микрофонын пайдалануға болады (0 Басқа керек-жарақтар).

Құлаққаптар

Үшінші тарап құлаққаптарын пайдалануға болады. Жоғары дыбыс деңгейлері дыбыстың қатты шығуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз; құлаққаптарды пайдаланғанда ерекше сақ болған дұрыс.

Тікелей көрініс дисплейі: Бейнефильмдер

Кері санақ дисплейі

Тікелей көріністің автоматты аяқталуына 30 с қалғанда кері санақ көрсетіледі (тікелей көрініс ішкі тізбектерді қорғау үшін аяқталмақ болса немесе c4—Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру) > Live view (Тікелей көрініс) қолданушы параметрі үшін No limit (Шексіз) параметрінен басқа параметр таңдалған болса; 0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)—монитордың автоматты түрде өшуіне 5 с қалғанда таймер қызыл түспен жанады). Суретке түсіру жағдайларына байланысты таймер тікелей көрініс таңдалған кезде бірден пайда болуы да мүмкін. Қол жетімді жазу уақытының мөлшеріне қарамастан таймердің мерзімі біткенде бейнефильм жазу автоматты түрде аяқталады.

Бейнефильм жазу кезінде параметрлерді реттеу

Жазу кезінде құлаққаптың дыбыс деңгейін реттеу мүмкін емес. Қазіргі уақытта I (микрофон өшірулі) параметрінен басқа параметр таңдалған болса, жазу орындалып жатқанда микрофон сезімталдығын I параметрінен басқа кез келген параметрге өзгертуге болады.

Индикаторларды көру және жасыру

Монитордағы индикаторларды жасыру немесе көрсету үшін R түймешігін басыңыз.

Virtual horizon (Виртуалды көкжиек)   Ақпарат қосулы   Ақпарат өшірулі

  Гистограмма   Жақтауға бағыттаушы белгілер  

Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы

Бейнефильм түсіру мәзіріндегі Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) параметрі бейнефильмнің кадр өлшемін (нүктелер түрінде) және кадр жылдамдығын таңдау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ екі Movie quality (Бейнефильм сапасы) параметрі арасынан таңдауға болады: жоғары және қалыпты. Бұл опциялар бірге ең көп биттерді тасымалдау жылдамдығын анықтайды (келесі кестеде көрсетілгендей).

Параметр 1 Ең жоғары биттерді тасымалдау жылдамдығы (Мб/сек)
( жоғары сапа/қалыпты)
Ең көп ұзақтық
r 3840 × 2160 (4K UHD); 30p 2 144 29 мин. 59 с 3
s 3840 × 2160 (4K UHD); 25p 2
t 3840 × 2160 (4K UHD); 24p 2
y/y 1920 × 1080; 60p 48/24
z/z 1920×1080; 50p
1/1 1920 × 1080; 30p 24/12
2/2 1920×1080; 25p
3/3 1920×1080; 24p
4/4 1280×720; 60p
5/5 1280×720; 50p

Нақты кадр жылдамдығы — 30p ретінде тізілген мәндер үшін 29,97 кадр/сек, 24p ретінде тізілген мәндер үшін 23,976 кадр/сек және 60p ретінде тізілген мәндер үшін 59,94 кадр/сек.

Бұл параметр таңдалғанда мониторда k көрсетіледі және бейнефильм сапасы «жоғары» мәнінде бекітіледі.

Әр бейнефильм әрқайсысы 4 ГБ-қа дейінгі 8-ге дейін файлда жазылады. Файлдардың саны және әр файлдың ұзақтығы Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) және Movie quality (Бейнефильм сапасы) үшін таңдалған параметрлерге қарай өзгеріп отырады.

Индекстер

Index marking (Индекс таңбасы) параметрі басқару элементіне g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып тағайындалған болса, өңдеу және қарау кезінде кадрларды табу үшін пайдалануға болатын индекстерді қосу үшін жазу кезінде таңдалған басқару тетігін басуға болады (0 p белгішесі; i режимінде индекстерді қосу мүмкін емес екенін ескеріңіз). Әр бейнефильмге 20-ға дейін индекс қосуға болады.

Индекс

Сонымен қатар келесіні қараңыз

Мыналар туралы ақпарат алу үшін:

Бейнефильмді кесу

Бейнефильмдердің арақатынасы 16 : 9 болады және олар кадр өлшеміне және бейнефильм түсіру мәзірінде Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отыратын кесіндіні пайдаланып жазылады (0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы, Choose image area (Кескін аумағын таңдау)).

1920 × 1080 және 1280 × 720 (DX) 1920 × 1080 және 1280 × 720 (1,3×) 3840 × 2160

Бейнефильм кесінділерінің өлшемдері төменде берілген:

  • 3840 × 2160 кадр өлшемінде Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін таңдалған параметрге қарамастан бейнефильм кесіндісі шамамен 16,2 × 9,1 мм болады. Көрінетін фокустық қашықтық DX пішімінікінен шамамен 1,5 есе үлкенірек болады.
  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін DX таңдалғанда және 1920 × 1080 немесе 1280 × 720 кадр өлшемінде бейнефильм кесіндісі шамамен 23,5 × 13,3 мм болады.
  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін 1.3× (1,3×) таңдалғанда жəне 1920 × 1080 немесе 1280 × 720 кадр өлшемінде бейнефильм кесіндісі шамамен 18,0 × 10,1 мм болады.

Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру

Бейнефильм режимінде (тікелей көріністе немесе бейнефильм жазу кезінде) фотосуреттер түсіру үшін g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешігі) үшін Take photos (Фотосуреттер түсіру) пәрменін таңдаңыз (0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)). Содан кейін арақатынасы 16 : 9 фотосуреттерді ысырманы босату түймешігін соңына дейін басу арқылы кез келген уақытта түсіруге болады. Егер бейнефильмді жазу орындалып жатса, жазу аяқталады және сол нүктеге дейін жазылған түсірілген бөлік сақталады.

Фотосуреттер фотосурет түсіру мәзірінде Image quality (Кескін сапасы) үшін таңдалған пішімде жазылады (0 Кескін сапасы). Кескін өлшемі туралы ақпаратты «Кескін өлшемі» (0 Кескін өлшемі) бөлімінен қараңыз. Тікелей көрініс селекторы 1 күйіне бұралған болса, фотосуреттердің экспозициясын алдын ала қарау мүмкін емес екенін ескеріңіз; M режимінде дәл нәтижелерге тікелей көрініс селекторы C күйіне бұралған күйде экспозицияны алдын ала қарау арқылы жетуге болады.

Кескін өлшемі

Бейнефильм режимінде түсірілетін фотосуреттердің өлшемі бейнефильмнің кадр өлшеміне (0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы) және 1920 × 1080 және 1280 × 720 кадр өлшемдерімен түсірілген фотосуреттер жағдайында, кескін аумағына және фотосурет түсіру мәзірінде Image size (Кескін өлшемі) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отырады (0 Кескін өлшемі).

Кадр өлшемі Кескін аумағы Image size (Кескін өлшемі) Өлшем (нүктелер)
3840 × 2160 3840 × 2160

1920 × 1080

1280 × 720

DX Үлкен 5568 × 3128
Орташа 4176 × 2344
Small (Кішкентай) 2784 × 1560
1,3× Үлкен 4272 × 2400
Орташа 3200 × 1800
Кішкентай 2128 × 1192

HDMI

Фотокамера HDMI құрылғысына қосылған болса, объективтегі көрініс фотокамера мониторында да, HDMI құрылғысында да көрінеді.

Сымсыз қашықтан басқару бөліктері және қашықтан басқару сымдары

g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешігі) (0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) үшін Record movies (Бейнефильмдер жазу) пәрмені таңдалған болса, қосымша сымсыз қашықтан басқару бөліктеріндегі және қашықтан басқару сымдарындағы ысырманы босату түймешіктерін (0 Басқа керек-жарақтар) жартылай басып тікелей көріністі бастауға немесе соңына дейін басып бейнефильм жазуды бастауға және аяқтауға болады.

Бейнефильмдерді жазу

Бейнефильмдер sRGB түс кеңістігінде жазылады. Жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану мониторда және түпкілікті бейнефильмде флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий газ разрядты шамдар астында немесе нысандар қозғалып жатса, әсіресе, фотокамера көлденеңінен панорамаланғанда немесе кадрдағы нысан көлденеңінен жылдам қозғалғанда көрінуі мүмкін (жыпылықтау және жолақтарды азайту туралы ақпаратты Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) бөлімінен қараңыз, 0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)). Жыпылықтау электр жетекті апертура пайдаланылып жатқанда да пайда болуы мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар әсері және жарық нүктелер да пайда болуы мүмкін. Жыпылықтаған белгілер және басқа жылтылдайтын жарық көздері бар кадрдың кейбір аумақтарында я болмаса нысан импульстық немесе басқа жарық, лездік жарық көзімен қысқаша жарықтандырылғанда ашық түсті аумақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін. Фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау нәтижесінде фотокамераның ішкі схемалары зақымдалуы мүмкін. Бейнефильм режимінде объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер (0 Тікелей көріністі масштабтауды алдын ала қарау) пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Жарқыл жарығын пайдалану мүмкін емес.

Объектив алынса, я болмаса, режимді таңдау дискі немесе тікелей көрініс селекторы жаңа параметрге бұралса, жазу автоматты түрде аяқталады.

Тікелей көріністі ұзақ уақыт бойы пайдалану тұтқаның және фотокамераның монитор айналасындағы аумақтарының қызуына әкелуі мүмкін. Бұл ақаулықты көрсетпейді.

Бұл аумақ әсіресе қатты қызады.

Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады

Апертураны реттесеңіз, тікелей көрініс селекторын пайдалансаңыз немесе тікелей көрініс кезінде режимді таңдау дискін айналдырсаңыз, дыбыстық сигнал шығуы мүмкін. Тікелей көрініс кезінде дыбыстық сигнал шығарады.