Келесі ISO сезімталдық параметрлерін реттеңіз.
- Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық): ISO 200 жəне Hi 5 арасындағы мəндерден ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару үшін жоғарғы шекті таңдаңыз. ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару P, S және A режимдерінде және M режимінде Auto ISO control (mode M) (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару (М режимі)) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кезде пайдаланылады.
- Auto ISO control (mode M) (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару (M режимі)): M режимінде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару үшін On (Қосулы) күйін, ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (М режимі)) үшін таңдалған мəнді пайдалану үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
- ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (M режимі)): 100 жəне Hi 5 арасындағы мəндерден M режимі үшін ISO сезімталдықты таңдаңыз. Басқа режимдерде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару пайдаланылады.
Auto ISO Sensitivity Control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару)
Жоғары ISO сезімталдықтарында фотокамера үшін фокустау қиын болуы мүмкін және бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) көбеюі мүмкін. Мұны ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін төменірек мәнді таңдау арқылы болдырмауға болады.