Алдын-ала қолмен енгізілген мән аралас жарық жағдайында сурет түсіруге арналған ақ түс балансы параметрлерін жазу және қайта пайдалану немесе қатты түс реңкі бар жарық көздерін түзету үшін пайдаланылады. Фотокамера d-1 мен d-6 арасындағы алдын-ала енгізілген мәндер түрінде ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәні үшін алтыға дейін мәнді сақтай алады. Ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін орнатудың екі әдісі бар:

Көріністапқышпен фотосурет түсіру

  1. Эталондық нысанға жарық түсіріңіз.

    Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз. Студия параметрлерінде анықтамалық нысан ретінде стандартты сұр тақтаны пайдалануға болады. Ақ түс балансын өлшеген кезде экспозиция 1 ЭМ-ге автоматты түрде артатынын ескеріңіз; M режимінде экспозиция индикаторы ±0 мәнін көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз (0 Экспозиция индикаторлары).

  2. Ақ түс балансын L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) күйіне орнатыңыз.

    L (U) түймешігін басыңыз және ақпараттық дисплейде L көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.

    L (U) түймешігі

    Басты басқару дискі

  3. Алдын-ала енгізілген мәнді таңдаңыз.

    L (U) түймешігін басып, қосымша басқару дискін ақпараттық дисплейде қажет ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні (d-1 және d-6 арасында) көрсетілгенше бұраңыз.

    L (U) түймешігі

    Қосымша басқару дискі

  4. Тікелей өлшеу режимін таңдаңыз.

    L (U) түймешігін қысқа уақытқа босатып, содан кейін бұл түймешікті басқару панелінде және көріністапқышта D жыпылықтай бастағанша басыңыз.

  5. Ақ түс балансын өлшеңіз.

    Индикаторлар жыпылықтауын тоқтатуынан бірнеше секунд бұрын анықтамалық нысанды көріністапқышқа толық кіретіндей етіп жақтауға алып, ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Фотокамера ақ түс балансының мәнін өлшеп, оны 3-қадамда таңдалған алдын-ала енгізілген мәнде сақтайды. Ешбір фотосурет жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера фокуста болмаған кезде де дәл өлшеуге болады.

  6. Нәтижелерді тексеріңіз.

    Фотокамера ақ түс балансының мəнін өлшей алған болса, басқару панелінде C жыпылықтайды, ал көріністапқышта жыпылықтаған a көрсетіледі. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

    Егер жарық тым қараңғы немесе тым ашық болса, фотокамера ақ түс балансын өлшей алмауы мүмкін. Басқару панелінде және көріністапқышта жыпылықтаған b a көрсетіледі. Ысырманы босату түймешігін жартылай басып 5-қадамға оралып, ақ түс балансын қайта өлшеңіз.

Ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін өлшеу (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)

Ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін баяулатылған бейнефильмді жазу кезінде, я болмаса, HDR фотосуретін (0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)) немесе бірнеше экспозицияны (0 Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)) түсіріп жатқанда өлшеу мүмкін емес.

Қорғалған алдын-ала енгізілген мәндер

Ағымдағы алдын-ала енгізілген мән қорғалған болса (0 Protect (Қорғау)), жаңа мәнді өлшеуге әрекеттенгенде басқару панелінде және көріністапқышта 3 жыпылықтайды.

Тікелей өлшеу режимі

Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіріп, дисплейлер жыпылықтап тұрған кезде ешбір әрекет орындалмаса, тікелей өлшеу режимі с2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 Standby timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін таңдалған уақытта аяқталады.

Алдын-ала енгізілген мәнді таңдау

Фотосурет түсіру мəзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметрі үшін Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн) параметрін таңдау ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мəндерін көрсетеді; алдын-ала енгізілген мəнді белгілеп, J түймешігін басыңыз. Таңдалған алдын-ала енгізілген мəн үшін қазіргі уақытта мəн жоқ болса, ақ түс балансы 5200 K мəніне, Direct sunlight (Тік күн сəулелері) параметрімен бірдей орнатылады.

Тікелей көрініс (нүктелі ақ түс балансы)

Тікелей көрініс кезінде ақ түс балансын кадрдың таңдалған аумағында өлшеп, телефото фотосурет түсіру кезінде анықтамалық нысанды дайындау немесе объективтерді өзгерту қажеттілігін жоюға болады.

  1. a түймешігін басыңыз.

    Айна көтеріліп, объективтегі көрініс фотокамера мониторында көрсетіледі.

  2. Ақ түс балансын L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) күйіне орнатыңыз.

    L (U) түймешігін басыңыз және мониторда L көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.

    L (U) түймешігі

    Басты басқару дискі

    Монитор

  3. Алдын-ала енгізілген мәнді таңдаңыз.

    L (U) түймешігін басып, қосымша басқару дискін мониторда қажет ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні (d-1 және d-6 арасында) көрсетілгенше бұраңыз.

    L (U) түймешігі

    Қосымша басқару дискі

  4. Тікелей өлшеу режимін таңдаңыз.

    L (U) түймешігін қысқа уақытқа босатып, содан кейін бұл түймешікті мониторда L белгішесі жыпылықтай бастағанша басыңыз. Нүктелі ақ түс балансының нысанасы (r) таңдалған фокустау нүктесінде көрсетіледі.

  5. Нысананы ақ немесе сұр аумақтың үстіне қойыңыз.

    Дисплейде L жыпылықтап тұрғанда мульти селекторды пайдаланып нысанның ақ немесе сұр аумағына r қойыңыз. Нысана айналасындағы аумақты дәлірек орналастыру мақсатында ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз. Сондай-ақ мониторда нысанды нұқу арқылы ақ түс балансын кадрдың кез келген жерінде өлшеуге болады. Бұл жағдайда 6-қадамда сипатталғандай J түймешігін немесе ысырманы босату түймешігін басу керек емес.

  6. Ақ түс балансын өлшеңіз.

    Ақ түс балансын өлшеу үшін J түймешігін басыңыз немесе ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Ақ түс балансын өлшеу үшін қол жетімді уақыт — c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) > Live view (Тікелей көрініс) (0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін таңдалған мән.

    Егер фотокамера ақ түс балансын өлшей алмаса, хабар көрсетіледі. Жаңа ақ түс балансының нысанасын таңдап, процесті 5-қадамнан бастап қайталаңыз.

  7. Тікелей өлшеу режимінен шығыңыз.

    Тікелей өлшеу режимінен шығу үшін L (U) түймешігін басыңыз.

    Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндерін фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) үшін Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) мәнін таңдау арқылы көруге болады. Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндерін өлшеу үшін пайдаланылатын нысаналардың орны тікелей көрініс кезінде жазылған алдын-ала енгізілген мәндерде көрсетіледі.

Ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін өлшеу (тікелей көрініс)

HDR экспозициясы орындалып жатқанда ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін орнату мүмкін емес (0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)).

Алдын-ала енгізілген мәндерді басқару

Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру

Ақ түс балансының мәнін бар фотосуреттен таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметрін таңдаңыз да, Preset manual (Қолмен алдын ала енгізілген-мән) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Межелі орынды таңдаңыз.

    Алдын-ала енгізілген межелі мәнді (d-1 және d-6 арасында) белгілеп, W (Z) түймешігін басыңыз.

  3. Select image (Кескінді таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    Select image (Кескін таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  4. Бастапқы кескінді белгілеңіз.

    Бастапқы кескінді белгілеңіз. Белгіленген кескінді толық өлшемде көру үшін X (T) түймешігін басып тұрыңыз.

  5. Ақ түс балансын көшіріңіз.

    J түймешігін басып белгіленген фотосуреттің ақ түс балансы мәнін таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшіріңіз. Белгіленген фотосуреттің аңғартпасы (0 Image comment (Кескін туралы аңғартпа)) бар болса, ол таңдалған алдын-ала енгізілген мәннің аңғартпасына көшіріледі.

Ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу

Таңдалған алдын-ала енгізілген мәнді Fine-tune (Дәл реттеу) параметрін таңдау және «Ақ түс балансын дәл реттеу» бөлімінде (0 Ақ түс балансын дәл реттеу) сипатталғандай ақ түс балансын реттеу арқылы дәл реттеуге болады.

Edit Comment (Аңғартпаны өңдеу)

Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні үшін 36 таңбаға дейінгі сипаттағыш аңғартпаны енгізу үшін ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мәзірінде Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) пәрменін таңдап, аңғартпаны енгізіңіз.

Protect (Қорғау)

Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мəнін қорғау үшін ақ түс балансының қолмен алдын-ала енгізілген мəні мəзірінде Protect (Қорғау) параметрін таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) күйін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. Қорғалған алдын-ала енгізілген мəндерді өзгерту мүмкін емес жəне Fine-tune (Дəл реттеу) жəне Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) параметрлерін пайдалану мүмкін емес.