Бұл бөлімде i және j режимдерінде фотосуреттерді түсіру жолы сипатталған. i жəне j — параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына сай фотокамера басқаратын автоматты «бағытта да, түсір» режимдері; екеуінің арасындағы жалғыз айырмашылық — j режимінде жарқыл жанбайды.

  1. Фотокамераны қосыңыз.

    Ақпараттық дисплей және басқару панелі жанады.

    Қуат ажыратқышы

  2. Фотокамераның үстіндегі режимді таңдау дискінің құлпын босату тетігін басып тұрып, режимді таңдау дискін i немесе j режиміне айналдырыңыз.

    Басты басқару дискі

    Режимді таңдау дискінің құлпын босату

    Фотосуреттерді көріністапқышта немесе мониторда жақтауға алуға болады (тікелей көрініс). Тікелей көріністі бастау үшін тікелей көрініс селекторын C күйіне айналдырыңыз және a түймешігін басыңыз.

    Тікелей көрініс селекторы

    a түймешігі

    Көріністапқышта суреттерді жақтауға алу

    Мониторда суреттерді жақтауға алу (тікелей көрініс)

  3. Фотокамераны дайындаңыз.

    Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру: фотосуреттерді көріністапқышта жақтауға алған кезде қол тұтқасын оң қолыңызбен ұстап, фотокамераның корпусын немесе объективті сол қолмен тіреңіз. Шынтақтарды ішке, кеудеңіздің бүйірлеріне әкеліңіз.

    Тікелей көрініс: фотосуреттерді мониторда жақтауға алған кезде қол тұтқасын оң қолыңызбен ұстап, объективті сол қолмен тіреңіз.

    Фотосуреттерді портреттік (тік) бағдарда жақтауға алу

    Фотосуреттерді портреттік (тік) бағытта жақтауға алған кезде фотокамераны төменде көрсетілгендей ұстаңыз.

    Көріністапқышта фотосуреттерді жақтауға алу

    Фотосуреттерді мониторда жақтауға алу

  4. Фотосуретті жақтауға алыңыз.

    Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру: Негізгі нысанды АФ аумағының жақшаларында орналастырып, фотосуретті көріністапқышта жақтауға алыңыз.

    АФ аумағының жақтаулары

    Тікелей көрініс: әдепкі параметрлерде фотокамера беттерді автоматты түрде анықтайды және фокустау нүктесін таңдайды. Бет анықталмаса, фокустау нүктесін негізгі нысанның үстінде орналастыру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.

    Фокустау нүктесі

    Масштабтау объективін пайдалану

    Нысанның кадрдағы үлкендеу аумақты толтыруы үшін нысанды ұлғайту немесе соңғы фотосуреттегі көрінетін аумақты көбейту мақсатында кішірейту үшін масштабтау сақинасын пайдаланыңыз (ұлғайту үшін объективтің фокустық қашықтық шкаласындағы үлкендеу фокустық қашықтықты, кішірейту үшін кішілеу фокустық қашықтықты таңдаңыз).

    Ұлғайту Кішірейту

    Масштабтау сақинасы

  5. Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

    Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру: фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (нысан нашар жарықтандырылған болса, АФ қосымша шамы жануы мүмкін). Фокустау әрекеті аяқталғанда көріністапқышта белсенді фокустау нүктесі және фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетіледі.

    Фокустау нүктесі

    Фокустау индикаторы

    Фокустау күйінің индикаторы Сипаттама
    I Нысан фокуста.
    F Фокустау нүктесі фотокамера мен нысанның арасында орналасады.
    H Фокустау нүктесі нысанның артында орналасады.
    FH
    (жыпылықтайды)
    Фотокамера автофокус көмегімен фокустай алмайды (0 Автофокус арқылы жақсы нәтижелер алу).

    Тікелей көрініс: фотокамера фокустап тұрған кезде фокустау нүктесі жасыл болып жыпылықтайды. Фотокамера фокустай алса, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі; олай болмаса, фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды.

    Фокустау нүктесі

  6. Суретке түсіріңіз.

    Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. Жад картасына қатынасу шамы жанады және фотосурет мониторда бірнеше секундқа көрсетіледі. Шам өшкенше және жазу аяқталғанша жад картасын шығармаңыз, я болмаса қуат көзін суырмаңыз немесе ажыратпаңыз.

    Жад картасына қатынасу шамы

    Тікелей көріністі аяқтау үшін a түймешігін басыңыз.

    a түймешігі

Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)

Шамамен алты секунд бойы ешбір әрекет орындалмаса, көріністапқыш және басқару панелінің кейбір дисплейлері өшіп, батареяны тұтынуды азайтады. Дисплейді қайтадан қосу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Күту режимінің таймері қанша уақыттан кейін автоматты түрде бітетінін c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 Standby Timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.

Экспозиция өлшегіштері қосулы

Экспозиция өлшегіштері өшірулі

Кірістірілген жарқыл

i режимінде дұрыс экспозиция үшін қосымша жарық қажет болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде кірістірілген жарқыл автоматты түрде шығады. Жарқыл көтерілсе, фотосуреттерді жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор (M) көрсетілген кезде ғана түсіруге болады. Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор көрсетілмесе, жарқыл зарядталуда; саусағыңызды ысырманы босату түймешігінен қысқа уақытқа алып, әрекетті қайталаңыз.

Көріністапқыш

Тікелей көрініс

Жарқыл пайдаланылып жатпағанда қуатты үнемдеу үшін ілмек «шырт» етіп орнына түскенше оны ақырын төмен қарай басыңыз.

Тікелей көрініс туралы кеңестер

Индикаторларды көру және жасыру

R түймешігін басқанда келесі дисплейлер көрсетіледі.

Virtual horizon (Виртуалды көкжиек)   Ақпарат қосулы

Жақтауға бағыттаушы белгілер   Ақпарат өшірулі

Тікелей көрініс масштабын алдын-ала қарау

Монитордағы көріністі шамамен 17 есеге дейін ұлғайту үшін X (T) түймешігін басыңыз. Шарлау терезесі дисплейдің төменгі оң жақ бұрышында сұр түсті жақтаумен көрсетіледі. Мониторда көрінбейтін жақтау аумақтарына жүгірту үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе кішірейту үшін W (Z) түймешігін басыңыз.

X (T) түймешігі

Шарлау терезесі

Кері санақ дисплейі

Тікелей көріністің автоматты аяқталуына 30 с қалғанда кері санақ көрсетіледі (тікелей көрініс ішкі тізбектерді қорғау үшін аяқталмақ болса немесе c4—Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру) > Live view (Тікелей көрініс) қолданушы параметрі үшін No limit (Шексіз) параметрінен басқа параметр таңдалған болса; 0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)—монитордың автоматты түрде өшуіне 5 с қалғанда таймер қызыл түспен жанады). Суретке түсіру жағдайларына байланысты таймер тікелей көрініс таңдалған кезде бірден пайда болуы да мүмкін.

Мониторды өшіруді кешіктіру (тікелей көрініс)

Шамамен он секунд бойы ешқандай әрекет орындалмаса, монитор өшеді. Монитор автоматты түрде өшкенге дейінгі уақыт ұзақтығын c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру), 0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) > Live view (Тікелей көрініс) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.

Экспозиция

Көрініске байланысты экспозиция тікелей көріністі пайдаланғанда алынатыннан басқаша болуы мүмкін.

Тікелей көріністе суретке түсіру

Көріністапқыш арқылы кіретін жарық фотосуреттерге және экспозицияға кедергі келтірмеуі үшін суретке түсірмес бұрын резеңке көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен жабуға болады (0 Көріністапқышты жабыңыз).

Түпкілікті суретте көрсетілмесе де, мониторда кертілген шеттер, түсті жиек, муар әсері және жарық нүктелер пайда болуы мүмкін, жыпылықтаған белгілер және басқа жылтылдайтын жарық көздері бар кейбір аумақтарда я болмаса нысанды импульстық немесе басқа жарық, бір сәттік жарық көзі жарықтандырса, ашық түсті аумақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін. Бұған қоса, қозғалатын нысандар бар болса, әсіресе, фотокамера көлденеңінен панорамаланса немесе нысан кадр арқылы жоғары жылдамдықпен көлденеңінен қозғалса, бұрмалану орын алуы мүмкін. Флюоресцентті, сынапты немесе натрийлі шамдар астында мониторда көрінетін жыпылықтау және жолақтарды бейнефильм түсіру мәзіріндегі Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)) параметрін пайдаланып азайтуға болады, бірақ кейбір ысырма жылдамдықтарында олар түпкілікті фотосуретте көріне беруі мүмкін. Тікелей көріністе суретке түсіргенде фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау нәтижесінде фотокамераның ішкі схемалары зақымдалуы мүмкін.

Тікелей көріністі ұзақ уақыт бойы пайдалану тұтқаның және фотокамераның монитор айналасындағы аумақтарының қызуына әкелуі мүмкін. Бұл ақаулықты көрсетпейді.

Бұл аумақ әсіресе қатты қызады.