Кері жүктеу үшін фотосуреттерді таңдау
Смарт құрылғыға кері жүктеу үшін фотосуреттерді таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Бейнефильмдерді кері жүктеу үшін таңдау мүмкін емес.
Жекелеген фотосуреттерді таңдау
-
Фотосуретті таңдаңыз.
Фотосуретті көрсетіңіз немесе оны сурет нобайын қарау режиміндегі сурет нобайларының тізімінде белгілеңіз.
-
Ойнату параметрлерін көрсетіңіз.
Қарау параметрлерін көрсету үшін i түймешігін басыңыз.
-
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) пәрменін таңдаңыз.
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Кері жүктеу үшін таңдалған суреттер W белгішесімен көрсетіледі; таңдауды алу үшін кескінді көрсетіңіз немесе белгілеңіз жəне 2-ші жəне 3-ші қадамдарды қайталаңыз.
Бірнеше фотосуретті таңдау
Бірнеше фотосуреттің кері жүктеу күйін өзгерту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Select image(s) (Кескінд(ерд)і таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Ойнату мәзірінде Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін Select image(s) (Кескінд(ерд)і таңдау) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
Фотосуреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау немесе таңдауды алу үшін W (Z) түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X/T түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Таңдалған фотосуреттер W белгішесімен белгіленеді.
-
J түймешігін басыңыз.
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Барлық фотосуреттерден таңдауды алу
Барлық фотосуреттерден таңдауды алу үшін Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пəрменін таңдаңыз, Deselect all (Барлығынан таңдауды алу) пəрменін белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; жад картасындағы барлық фотосуреттерден кері жүктеу таңбасын алу үшін Yes (Иə) жауабын белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.