Кірістірілген жарқылды пайдалану
Кірістірілген жарқылды табиғи жарықтандыру тиісті емес болғанда ғана емес, көлеңкелерді және артқы жағы жанып тұрған нысандарды қосымша жарықтандыру немесе нысанның көздеріне жарық қосу үшін де пайдалануға болады.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану туралы ақпаратты «Қосымша жарқыл бөліктері» бөлімінде қараңыз (0 Қосымша жарқыл бөліктері).
Автоматты жарқыл шығару режимдері
i, k, p, n, o, s, w, f, d, e және ' режимдерінде кірістірілген жарқыл қажет кезде автоматты түрде шығады және жанады.
-
Жарқыл режимін таңдаңыз.
M (Y) түймешігін басып тұрып, қажет жарқыл режимі көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.
Тікелей көрініс
Тікелей көріністе таңдалған параметр мониторда көрсетіледі.
-
Суреттерді түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде жарқыл қажет болған кезде шығып, фотосуретті түсіру кезінде жанады. Жарқыл автоматты түрде шықпаса, оны қолмен көтеруге әрекеттенбеңіз. Бұл сақтық шарасы қолданылмаса, жарқыл зақымдалуы мүмкін.
Жарқыл режимдері
Мына жарқыл режимдері қол жетімді:
Қолмен жарқыл шығару режимдері
P, S, A, M және 0 режимдерінде жарқылды қолмен көтеру керек. Жарқыл көтерілмеген болса жанбайды.
-
Жарқылды көтеріңіз.
Жарқылды көтеру үшін M (Y) түймешігін басыңыз. Жарқыл өшірулі болса немесе қосмыша жарқыл бөлігі жалғанған болса, кірістірілген жарқыл шықпайтынын ескеріңіз; 2-қадамға өтіңіз.
-
Жарқыл режимін таңдаңыз (тек P, S, A және M режимдері).
M (Y) түймешігін басып тұрып, қажет жарқыл режимі көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.
-
Суреттерді түсіріңіз.
Егер j параметрінен басқа параметр таңдалған болса, жарқыл сурет түсірілген сайын жанады.
Жарқыл режимдері
Мына жарқыл режимдері қол жетімді:
Кірістірілген жарқылды төмен түсіру
Жарқыл пайдаланылмаған кезде қуатты үнемдеу үшін оны ілмегі шырт етіп орнына түскенше төмен қарай ақырын басыңыз.
Кірістірілген жарқыл
Көлеңкелерді болдырмау үшін блендаларды алып тастаңыз. Жарқылдың минималды ауқымы шамамен 0,6 м болып табылады және оны макро функциясы бар масштабтау объективтерінің макро ауқымында пайдалану мүмкін емес. Фокустық қашықтықтары 16 мм - 300 мм объективтерді пайдаланыңыз; жарқыл фокустық қашықтықтары 16 мм-ден төмен объективтерде пайдаланылса, перифериялық жарықтандыру төмендеуі мүмкін. i-TTL жарқылын басқару 100 және 12800 арасындағы ISO сезімталдықтарда қолжетімді; 12800 мәнінен асатын мәндерде кейбір ауқымдарда немесе апертура мәндерінде қажетті нәтижелерге жетпеуіңіз мүмкін.
Жарқыл үздіксіз суретке түсіру режимдерінде жанса (0 Суретке түсіру режимін таңдау), ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір сурет түсіріледі.
Қатарынан бірнеше сурет түсірілгеннен кейін жарқылды қорғау үшін ысырманы босату мүмкіндігі аз уақытқа ажыратылуы мүмкін. Аздаған кідірістен кейін жарқылды қайта пайдалануға болады.
Кірістірілген жарқылмен бірге пайдалануға болатын ысырма жылдамдықтары
Кірістірілген жарқылмен бірге келесі ысырма жылдамдықтары қол жетімді.
Режим | Ысырма жылдамдығы |
---|---|
i, p, n, s, w, 0, f, d, e, ', P *, A * | 1/250–1/60 с |
k | 1/250–1/30 с |
o | 1/250–1 с |
S * | 1/250–30 с |
M * | 1/250–30 с, A, % |
e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы), 0 Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрі үшін 1/320 s (Auto FP) (1/320 c (Автоматты ФЖ)) немесе 1/250 s (Auto FP) (1/250 c (Автоматты ФЖ)) таңдалған кезде ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондауды қолдайтын қосымша жарқыл бөліктерін пайдаланғанда 1/8000 с дейінгі жылдамдықтар қолжетімді. 1/320 s (Auto FP) (1/320 с (Автоматты ФЖ)) таңдалған болса, кірістірілген жарқылда 1/320 с ысырма жылдамдықтары қолжетімді болады.