Жаңа фотосуреттер түсірілген кезде оларға авторлық құқық туралы ақпарат қосып отырыңыз. Авторлық құқық туралы ақпаратты NX Studio бағдарламасының Info (Ақпарат) қойындысында көруге болады.
Artist (Фотосуретші): фотосуретшінің атын «Мəтін енгізу» бөлімінде (0 Мəтін енгізу) сипатталғандай енгізіңіз. Фотосуретші аттары ең көбі 36 таңбадан тұруы керек.
Copyright (Авторлық құқық): авторлық құқық иесінің атын «Мəтін енгізу» бөлімінде (0 Мəтін енгізу) сипатталғандай енгізіңіз. Авторлық құқық иесінің аты ең көбі 54 таңбадан тұруы керек.
Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты тіркеу): авторлық құқық туралы ақпаратты барлық кейінгі фотосуреттерге тіркеу үшін осы параметрді таңдаңыз. Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты тіркеу) параметрін белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы қосуға және өшіруге болады. Қажетті параметрді таңдағаннан кейін шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат)
Фотосуретшінің немесе авторлық құқық иесінің аттарының рұқсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін фотокамераны басқа адамға бере тұру немесе тапсыру алдында Attach copyright information (Авторлық құқық туралы ақпаратты тіркеу) параметрі таңдалмағанын және Artist (Фотосуретші) және Copyright (Авторлық құқық) өрістері бос екенін тексеріңіз. Nikon Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) параметрін пайдаланудан туындайтын ешбір зақымдарға немесе дауларға қатысты ешбір жауапкершілік көтермейді.