Enable release (Босатуды қосу) параметрі таңдалған болса, жад картасы салынбай, ешбір сурет түсірілмей тұрғанда (дегенмен олар демо режимде мониторда көрсетіледі) ысырма босатылады. Release locked (Босату мүмкіндігі құлыптаулы) пәрменін таңдағанда, ысырманы босату түймешігі фотокамераға жад картасы салған кезде ғана жұмыс істейді.