Mup режимінде электронды алдыңғы перде ысырмасын қосу үшін Enable (Қосу) параметрін таңдаңыз. Бұл ысырманың қозғалысы тудыратын бұлдыратуды жояды.
Механикалық ысырма басқа суретке түсіру режимдерінде пайдаланылады.
Электронды алдыңғы перде ысырмасы
G, E немесе D түріне жататын объектив ұсынылады; басқа объективтермен суретке түсіргенде сызықтарды немесе түстердің әркелкілігін байқасаңыз, Disable (Өшіру) параметрін таңдаңыз. Электронды алдыңғы перде ысырмасысында қолжетімді ең жылдам ысырма жылдамдығы мен максималды ISO сезімталдық сәйкесінше 1/2000 с және ISO 51200. Электронды алдыңғы перде ысырмасын ML-L3 қашықтан басқару пультінде пайдалану мүмкін емес.