NEF (RAW) фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасаңыз. Өңдеу мәзірін көрсету үшін G түймешігін бассаңыз, бұл параметрді бірнеше кескінді көшіру үшін пайдалануға болады.
-
NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзірінде NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Кескіндер қалай таңдалатынын таңдаңыз.
Келесі параметрлерден таңдаңыз:
- Select image(s) (Кескін(дер)ді таңдау): бір немесе бірнеше кескінді қолмен таңдау.
- Select date (Күнді таңдау): таңдалған күндерде түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасау.
- Select all images (Барлық кескіндерді таңдау): жад картасындағы барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасау. Осы параметрді таңдасаңыз, 4-қадамға өтіңіз.
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
2-қадамда Select image(s) (Кескін(дер)ді таңдау) пәрменін таңдасаңыз, тек осы фотокамерамен жасалған NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер тізілген сурет таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі. Мульти селекторды пайдаланып кескіндерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін W (Z) түймешігін басыңыз; таңдалған кескіндер L белгішесі арқылы көрсетіледі. Белгіленген кескінді толық экранда көру үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Таңдау аяқталғаннан кейін 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
2-қадамда Select date (Күнді таңдау) пәрменін таңдасаңыз, күндер тізімі көрсетіледі. Мульти селекторды пайдаланып күндерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күндерде түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі суреттерді таңдау және 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
-
JPEG пішіміндегі көшірмелер үшін параметрлерді таңдаңыз.
Төменде тізілген параметрлерді реттеңіз немесе фотосурет түсірілген кезде қолданылған параметрлерді пайдалану үшін Original (Бастапқы) параметрін таңдаңыз (бастапқы параметрлер алдын ала қараудың астында тізіледі). Ақ түс балансы мен виньеттеуді басқару бірнеше экспозициямен немесе кескін үстіне қабаттаумен жасалған суреттерде қолжетімді болмайтынын жəне экспозиция түзетілімін тек –2 жəне +2 ЭМ аралығындағы мəндерге орнатуға болатынын ескеріңіз.
1 Image quality (Кескін сапасы) 2 Image size (Кескін өлшемі) 3 White balance (Ақ түс балансы) 4 Экспозиция түзетілімі 5 Picture Control режимін орнату 6 Жоғары ISO БА 7 Түс кеңістігі 8 Виньеттеуді басқару 9 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) -
Фотосуреттерді көшіріңіз.
Таңдалған фотосуреттің JPEG пішіміндегі көшірмесін жасау үшін EXE пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз (бірнеше фотосурет таңдалса, растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; таңдалған фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз). Фотосуреттерді көшірусіз шығу үшін G түймешігін басыңыз.