Кескін үстіне қабаттау мүмкіндігі түпнұсқалардан бөлек сақталатын жалғыз сурет жасау үшін бар екі NEF (RAW) пішіміндегі фотосуретті біріктіреді; фотокамера кескін сенсорынан келген RAW деректерді қолданған кезде шығатын нәтижелер кескіндерді өңдеу қолданбасында біріктірілген фотосуреттерден анағұрлым жақсырақ болады. Жаңа сурет ағымдағы кескін сапасында және өлшем параметрлерінде сақталады; үстіне қабаттау жасау алдында кескін сапасы мен өлшемін орнатыңыз (0 Image Quality (Кескін сапасы), Image Size (Кескін өлшемі); барлық параметрлер қолжетімді). NEF (RAW) пішіміндегі көшірмені жасау үшін NEF (RAW) кескін сапасын таңдаңыз.

+

  1. Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін таңдаңыз.

    Өңдеу мәзірінде Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Кескін үстіне қабаттау параметрлері көрсетіледі, Image 1 (1-кескін) белгіленген болады; осы фотокамерамен жасалған NEF (RAW) пішіміндегі суреттердің тізімін көрсету үшін J түймешігін басыңыз.

  2. Бірінші кескінді таңдаңыз.

    Үстіне қабаттаудағы бірінші фотосуретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Белгіленген фотосуретті толық өлшемде көру үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Белгіленген фотосуретті таңдау және алдын-ала қарау дисплейіне оралу үшін J түймешігін басыңыз.

  3. Екінші кескінді таңдаңыз.

    Таңдалған кескін Image 1 (1-кескін) ретінде көрсетіледі. Image 2 (2-кескін) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз, содан кейін 2-қадамда сипатталғандай екінші фотосуретті таңдаңыз.

  4. Күшейтуді реттеңіз.

    Image 1 (1-кескін) немесе Image 2 (2-кескін) параметрін белгілеңіз және 0,1 және 2,0 арасындағы мәндерден күшеюді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басу арқылы үстіне қабаттау экспозициясын оңтайландырыңыз. Екінші кескін үшін қайталаңыз. Әдепкі мән — 1,0; жартылай күшею үшін 0,5 мәнін, ал екі еселеу үшін 2,0 мәнін таңдаңыз. Күшеюдің әсерлері Preview (Алдын ала қарау) бағанында көрінеді.

  5. Үстіне қабаттауды алдын-ала қараңыз.

    Кадр жиектемесін алдын ала қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басып меңзерді Preview (Алдын ала қарау) бағанында орналастырыңыз, содан кейін 1 немесе 3 түймешігін басып, Overlay (Үстіне қабаттау) параметрін белгілеңіз, сөйтіп J түймешігін басыңыз (алдын ала қараудағы түстер мен жарықтық түпкілікті кескіннен ерекшеленуі мүмкін екенін ескеріңіз). Үстіне қабаттауды алдын ала қарауды көрсетпестен сақтау үшін Save (Сақтау) пәрменін таңдаңыз. 4-қадамға оралып, жаңа фотосуреттерді таңдау немесе күшейту параметрін реттеу үшін W (Z) түймешігін басыңыз.

  6. Үстіне қабаттауды сақтаңыз.

    Үстіне қабаттауды сақтау үшін алдын-ала қарау мүмкіндігі көрініп тұрғанда J түймешігін басыңыз. Үстіне қабаттау жасалғаннан кейін нәтижесінде пайда болатын кескін мониторда толық өлшемде көрсетіледі.

Image Overlay (Кескін үстіне қабаттау)

Бірдей кескін аумағы мен түс қалыңдығы бар NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді ғана біріктіруге болады.

Үстіне қабаттаудың фотосурет туралы мәліметі (соның ішінде жазылған күні, өлшеу, ысырма жылдамдығы, апертура, суретке түсіру режимі, экспозиция түзетілімі, фокустық қашықтық және кескін бағыты) және ақ түс балансы мен Picture Control мәндері Image 1 (1-кескін) үшін таңдалған фотосуретпен бірдей. Ағымдағы кескін аңғартпасы сақталғанда үстіне қабаттауға қосылады; бірақ, авторлық құқық мәліметтері көшірілмейді. NEF (RAW) пішімінде сақталған үстіне қабаттаулар NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазба) мәзірінде NEF (RAW) compression (NEF (RAW) сығымдалуы) үшін таңдалған сығымдалуды пайдаланады және түпнұсқалық кескіндермен бірдей түс қалыңдығы болады.