Өңделген көшірмелерді бастапқы фотосуреттермен салыстырыңыз. Бұл параметр көшірме немесе түпнұсқа толық өлшемде қаралғанда i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы өңдеу мәзірі көрсетілгенде ғана қолжетімді болады.
-
Суретті таңдаңыз.
Өңделген көшірмені (Z белгішесі арқылы көрсетіледі) толық өлшемде қарау режимінде өңделген фотосуретті таңдаңыз. i түймешігін басыңыз, содан кейін Retouch (Өңдеу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.
-
Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін таңдаңыз.
Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Көшірмені бастапқы суретпен салыстырыңыз.
Бастапқы кескін сол жақта, өңделген көшірме оң жақта, ал көшірме жасау үшін пайдаланылған параметрлер дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі. Бастапқы кескін және өңделген көшірме арасында ауысу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық өлшемде қарау үшін X (T) түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Егер көшірме Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін пайдаланып екі бастапқы кескіннен жасалса немесе түпнұсқа бірнеше рет көшірілсе, басқа бастапқы кескінді көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Қарау режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз немесе бе лгіленген кескінді таңдап, қарау режиміне шығу үшін J түймешігін басыңыз.
1 Көшірме жасау үшін қолданылатын параметрлер 2 Бастапқы кескін 3 Өңделген көшірме
Side-by-Side Comparison (Қатар қойып салыстыру)
Көшірме қорғалған, я болмаса жойылған немесе жасырылған фотосуреттен жасалған болса, бастапқы кескін көрсетілмейді (0 Hide Image (Кескінді жасыру)).