Автоматты брекетинг белсенді болғанда брекетинг параметрін немесе параметрлерін таңдаңыз. Экспозиция мен жарқыл деңгейіндегі брекетинг екеуін де орындау үшін AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі) (j) параметрін, тек экспозиция брекетингін орындау үшін AE bracketing (АЭ брекетингі) (k) брекетингін, тек жарқыл деңгейіндегі брекетингті орындау үшін Flash bracketing (Жарқыл брекетингі) (l) параметрін, ақ түс балансы брекетингін орындау үшін WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі) (m) параметрін немесе Қосылған D-Lighting режимін пайдаланып брекетингті орындау үшін ADL bracketing (ADL брекетингі) (y) параметрін таңдаңыз. NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG кескін сапасы параметрлерінде ақ түс балансы брекетингі қолжетімді емес екенін ескеріңіз.