Көрсетілген түсірілімдер саны жазылғанша таңдалған аралықпен фотосуреттер түсіру. Аралықты реттейтін таймерді пайдаланғанда өздігінен түсіруді реттейтін таймер (E) және айнаны көтеру (Mup) режимдерінен басқа суретке түсіру режимін таңдаңыз.

Interval Timer Photography (Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру)

Суретке түсіру алдында

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру алдында ағымдағы параметрлермен сынақ суретті түсіріп, нәтижелерді мониторда көріңіз. Параметрлер қалауыңызға сай реттелгеннен кейін көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуреттерге және экспозицияға кедергі келтіруін болдырмау үшін резеңке көзүсті қалқанды алыңыз және көріністапқышты жинақтағы окуляр қақпағымен жабыңыз.

Басталу уақытын таңдау алдында баптау мәзірінде Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін таңдаңыз және фотокамера сағаты дұрыс уақыт пен күнге орнатылғанын тексеріңіз (0 Time Zone and Date (Уақыт белдеуі және күн)).

Штативті пайдалану ұсынылады. Суретке түсіру басталмай тұрып фотокамераны штативке бекітіңіз. Суретке түсірудің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін фотокамера батареясы толығымен зарядталған екеніне көз жеткізіңіз. Күмәныңыз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын (бөлек сатылады) пайдаланыңыз.

  1. Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) параметрін таңдаңыз және аралықты реттейтін таймер параметрлерін көрсету үшін 2 түймешігін басыңыз.

  2. Аралықты реттейтін таймер параметрлерін реттеңіз.

    Бастау параметрін, аралықты, әр аралықтағы түсірілімдер санын және экспозицияны тегістеу параметрін таңдаңыз.

    • Бастау параметрін таңдау үшін:

      Start options (Бастау параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

      Суретке түсіруді бірден бастау үшін Now (Қазір) параметрін таңдаңыз. Суретке түсіруді таңдалған күн мен уақытта бастау үшін Choose start day and start time (Басталу күнін және басталу уақытын таңдау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін күн мен уақытты таңдап, J түймешігін басыңыз.

    • Түсірілімдер арасындағы аралықты таңдау үшін:

      Interval (Аралық) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Аралықты (сағаттар, минутар және секундтар) таңдап, J түймешігін басыңыз.

    • Əр аралықтағы түсірілімдер санын таңдау үшін:

      No. of intervals× shots/interval (Аралықтар саны× түсірілімдер/аралық) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Аралықтар саны мен әр аралықтағы түсірілімдер санын таңдап, J түймешігін басыңыз.

      S (əр кадр бойынша) режимінде əр аралық үшін фотосуреттер d1 (CL mode shooting speed (CL режимінде суретке түсіру жылдамдығы); 0 d1: CL Mode Shooting Speed (CL режимінде суретке түсіру жылдамдығы)) қолданушы параметрі үшін таңдалған жылдамдықпен түсіріледі.

    • Экспозицияны тегістеуді қосу немесе өшіру үшін:

      Exposure smoothing (Экспозицияны тегістеу) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  3. Суретке түсіруді бастаңыз.

    Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Түсірілімдердің бірінші сериясы көрсетілген басталу уақытында немесе 2-қадамда Start options (Бастау параметрлері) үшін Now (Қазір) мәні таңдалған болса, шамамен 3 секундтан кейін түсіріледі. Суретке түсіру барлық түсірілімдер жасалғанша таңдалған аралықтарда жалғасады.

Суретке түсіру кезінде

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру кезінде жад картасына қатынасу шамы жыпылықтайды. Келесі суретке түсіру аралығы басталуының тура алдында ысырма жылдамдығының дисплейі қалған аралықтар санын және апертура дисплейі ағымдағы аралықта қалған түсірілімдер санын көрсетеді. Басқа уақыттарда қалған аралықтар санын және әр аралықтағы түсірілімдер санын ысырманы босату түймешігін жартылай басу арқылы көруге болады (түймешікті босатқаннан кейін ысырма жылдамдығы және апертура күту режимінің таймері біткенше көрсетіледі).

Жад картасына қатынасу шамы

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру орындалып жатқанда параметрлерді реттеуге, мәзірлерді пайдалануға және суреттерді қарауға болады. Монитор әр аралық алдында шамамен төрт секундқа автоматты түрде өшеді. Аралықты реттейтін таймер белсенді кезде фотокамера параметрлерін өзгерту суретке түсірудің аяқталуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Суретке түсіру режимі

Таңдалған суретке түсіру режиміне қарамастан фотокамера әр аралықта көрсетілген түсірілімдер санын түсіреді.

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді кідірту

Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді J түймешігін басу немесе аралықты реттейтін таймер мәзірінде Pause (Кідірту) пәрменін таңдау арқылы аралықтар арасында кідіртуге болады.

Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіруді жалғастыру

Суретке түсіруді бірден жалғастыру үшін Restart (Қайта іске қосу) пәрменін таңдаңыз.

Restart (Қайта іске қосу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Суретке түсіруді көрсетілген уақытта жалғастыру үшін:

Start options (Бастау параметрлері) үшін Choose start day and start time (Басталу күнін және басталу уақытын таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

Басталу күні мен уақытын таңдап, J түймешігін басыңыз.

Restart (Қайта іске қосу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіруді аяқтау

Барлық фотосуреттер түсірілмей тұрып аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді аяқтау үшін аралықты реттейтін таймер мәзірінде Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.

Фотосурет жоқ

Аралық басталуы керек уақыттан кейін келесі жағдайлардың кез келгені сегіз секунд бойы немесе көбірек жалғасса, фотокамера ағымдағы аралықты өткізіп жібереді: алдыңғы аралық үшін фотосуретті немесе фотосуреттерді әлі түсіру керек болса, жад картасы толы болса, я болмаса, фотокамера әр кадр бойынша бақылағыш автофокустауды (AF-A үшін AF-S немесе әр кадр бойынша бақылағыш автофокустау таңдалған) пайдаланып фокустай алмаса немесе AF-C ішінде a1 (AF-C priority selection (AF-C басымдығын таңдау)) қолданушы параметрі үшін Focus (Фокустау) таңдалса (фотокамера әрбір түсірілім алдында қайтадан фокустайтынын ескеріңіз). Суретке түсіру келесі аралықта жалғастырылады.

Жад толы

Жад картасы толы болса, аралықты реттейтін таймер белсенді болып қалады, бірақ суреттер түсірілмейді. Суретке түсіруді (0 Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіруді жалғастыру) біраз суреттерді өшіруден немесе фотокамераны өшіру және басқа жад картасын салудан кейін жалғастырыңыз.

Interval Timer Photography (Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру)

Таңдалған түсірілімдер санын түсіру үшін қажетті уақыттан және жарқылды пайдаланып жатсаңыз, жарқылдың зарядталуы үшін қажет уақыттан ұзағырақ аралықты таңдаңыз. Аралық тым қысқа болса, түсірілетін фотосуреттердің саны 2-қадамда тізілген жалпы саннан азырақ болуы мүмкін (әр аралықтағы түсірілімдер санына көбейтілген аралықтар саны) немесе жарқыл толық экспозиция үшін қажеттен азырақ қуатпен жануы мүмкін. Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді ұзақ экспозициялармен («Қолмен басылу режимі» немесе «Уақыт» режимінде фотосурет түсіру) немесе даралай түсірілетін бейнефильмдермен (0 Time-Lapse Movie (Даралай түсірілетін бейнефильм)) біріктіру мүмкін емес жəне тікелей көріністе немесе Record movies (Бейнефильмдер жазу) параметрі g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешігі) (0 g1: Custom Control Assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі үшін таңдалғанда қолжетімді болмайды. Кескіндерді жазу үшін керек ысырма жылдамдығы, кадр жылдамдығы және уақыт әр аралықта әр түрлі болуы мүмкін болғандықтан, бір аралықтың соңы мен келесісінің басы арасындағы уақыт өзгеріп отыруы мүмкін екенін ескеріңіз. Ағымдағы параметрлермен суретке түсіруді жалғастыру мүмкін болмаса (мысалы, қазіргі уақытта M режимінде A немесе % ысырма жылдамдығы таңдалған болса, аралық нөл болса немесе басталу уақыты бір минуттан азырақ болса), мониторда ескерту көрсетіледі.

Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру E (өздігінен түсіруді реттейтін таймер) таңдалғанда немесе фотокамера өшіп, қайтадан қосылса кідіртіледі (фотокамера өшірулі кезде батареялар мен жад карталарын аралықты реттейтін таймер арқылы түсіруді аяқтаусыз ауыстыруға болады). Суретке түсіруді кідірту аралықты реттейтін таймер параметрлеріне әсер етпейді.

Брекетинг

Брекетинг параметрлерін аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді бастамай тұрып реттеңіз. Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру қосулы кезде экспозиция, жарқыл немесе ADL брекетингі белсенді болса, фотокамера аралықты реттейтін таймер мәзірінде көрсетілген түсірілімдер санына қарамастан әр аралықта брекетинг бағдарламасындағы түсірілімдер санын түсіреді. Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру қосулы кезде ақ түс балансының брекетингі белсенді болса, фотокамера әр аралықта бір сурет түсіреді және брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер санын жасау үшін оны өңдейді.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері